Үкіметтің қымбатшылықты ауыздықтауға шамасы келмейді

Сайт Әкімшілігі - 25.06.20201688

        ҮКІМЕТТІҢ ДЕ,  ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ДЕ ҚЫМБАТШЫЛЫҚТЫ  АУЫЗДЫҚТАУҒА ШАМАСЫ КЕЛМЕЙДІ


    Халықты қазір қымбатшылық қамыты қысып тұр. Бір қарағанда үкімет пен Ұлттық банк қымбатшылықты ауыздықтауға қатысты бірқатар шараларды атқарып-ақ жатыр.  Дегенмен, қаржыгерлердің айтуынша, алдағы уақытта бағаны байлап ұстап тұруға әкімнің де, Ұлттық банктің де шамасы келмейді.  Мамандардың пайымдауынша, біздің бағаны байлап-матап ұстауымыз нарық заңына қарама-қайшы келетін дүние. Бұған қатысты экономист-сарапшы Ілияс Исаев: «Қазір шенеуніктердің басым бөлігі елдегі инфляцияны одан әрі шарықтатпау үшін бағаны тежеп ұстау керегін айтады. Бұл нарық заңына қайшы келетін дүние. Нарық қағидасында тауар бағасын тежеп ұстау деген саясат жоқ», – дейді.

     Маманның пайымдауынша, бұл әдістен отандық өнім өндірушілер шығарған өнімдерінен пайда көре алмай ұтылады. Сондықтан отандық тауар бағасын өсіруге шектеу қою қисынсыз. «Ойлап қараңыз, сіз 10 жұмыртқаны 250 теңгеге алып, оны 257  теңгеге ғана сатпайсыз ғой. Тауар бағасына 7 теңге қосу деген формула жоқ. Нарық заңы бойынша шығарған өнім өзін-өзі ақтап, өндірістік шығынды жабу үшін оған үстеме қосылады. Өніміне үстеме баға қосылмаса, ол өндіріс шығынын жаппай, дағдарыс болады. Сондықтан біздегі бағаны тежеп ұстау саясаты ақылға қонымсыз. Бұл үрдіс арқылы отандық өнім өндірушілерге салмақ салып отырмыз. Олардың шығарған өнімдерін шеттен келген импорт тауарлар бір ығыстырса,  «бағаны өсірсең басың кетеді» деп,  біздегі атқамінерлер бір үркітеді. Бұл отандық өнім өндірушілерді тұсаулап, бәсекеге қабілеттілігін жоятын әдіс», – дейді Ілияс Исаев.

Тақырыпқа тұздық

     Ал енді мәселенің түбірі неде? Бұл ретте, экономист-сарапшы Дәурен АРЫН былай дейді:

   – Біріншіден, тауар бағасын өсіруге бірден-бір әсер ететін нәрсе –  коррупциялық қадам. Оларға кедендегі, жол үстіндегі және басқа да тексеруші құрылымдардағы заңсыз алым-салықтарды жатқызуға болады. Мұндайға кеткен шығынын кәсіпкерлер тауар бағасына үстеме қосып, шығарып алуға тырысады. Міне, бірінші кезекте баға осылай шарықтайды.

Екіншіден, мемлекеттік монополиялардың аздығы. Бұл ретте, бірінші мұнай нарығының жекеменшік монополияға тәуелділігі ойлантуы тиіс. Мұнай өнімдерін сатудың жекелеген топтарға мүдделі болуы. Олардың бір-бірімен текетіресіп, бәсекелестерін болдырмау үшін нарықтан орын бермеуі бізде әбден өршіген. Үшіншіден, табиғи газ, жарық, су нарығының жекеменшікке өтуі. Бұл нарықта делдалдардың көптігі көгілдір отын, су, жарық бағасының шектен тыс қымбаттауына жол беріп отыр. Газ тасымалдау инфрақұрылымы дамымағандықтан, кейбір өндіріс орындары қымбат бағаға газ енгізеді. Оны енгізіп алғаннан кейін, ай сайынғы төлейтін бағасы да қымбат. Өнім шығару үшін не керек – газ, жарық, су керек. Сонда коммуналдық төлемге қымбат ақы төлеп отырған кәсіпорынға «тауарыңды арзанға сат» деп, қайтіп айта аламыз?! Сондықтан бұл да шешімін табуы керек мәселе.

      Тағы бір жайт, тендердегі заңсыздық. Мемлекеттік ведомостволық кәсіпорындардың астыртын монополия құруы. Мемлекеттен бөлінген қаржының 97 пайызын осындай кәсіпорындар алады. Тендерді тамыр-таныстық жайлаған. Бұл да нарықтық экономиканың заңына қайшы дүние.

Міне, ең алдымен осы мәселелер нақты шешілмесе, онда қымбатшылықты ауыздықтауға Ұлттық банктің де, үкіметтің де шамасы келмейді. Мәселенің түбірімен сауатты күресу керек.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?