Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі - 25.06.202010348

Күні кеше Ресей президенті Владимир Путин өзінің қолшоқпар телевизиясына сандырақ сұхбат беріп, ақымақтың әңгімесін айтып тастады. Оның сөзіндегі ең үлкен ақымақтық – бұрынғы Кеңес Одағының елдері одақтан шыққанда, Ресейдің қолынан орыстың жерлерін сыйлыққа алып кетті дегені болды.

Бірақ Владимир Путин КСРО-дан алғашқылардың бірі болып Ресей Федерациясының өзі шығып кеткенін ұмытқан сияқты. Одақтан ат-тонын ала қашқан Ресейдің осылайша өзінің ресми шекараларын бекітіп алуға тырысқанын білдіреді. Сонда Кеңес Одағынан ең соңғы болып шыққан Қазақстанға ол қандай кінә тақпақ? Қазақстан жан-жаққа тарқасқан үлкен империяда ең соңғы болып қалып, былайша айтқанда, «светті өшіріп» кетті. Қазақта «Үйіңді шарбақпен емес, достармен қорша» деген мақал бар. Ал енді қазіргі Ресейдің достары кім? Оларды бір қолдың саусақтарымен-ақ санап шығуға болады: баяғы Беларусь, Қазақстан, теңіздің ар жағындағы Венесуэла және Солтүстік Корея. Мінеки, Владимир Владимирұлы, сіз енді осы достарыңыздан да айырылып қалмаңыз! «Жерімді алдың» деген жалған айыптың соңы Беларусь пен Қазақстанның сізден теріс айналуына анық әкеледі.

    Ал енді сыйлыққа келсек, Қазақстан Одақтан мұраға қалған сыйлық ретінде суы құрыған Арал теңізін алды, толқындары ойнаған теңіздің орнына 6 миллион гектарға жуық құмды шөл даланы алды. Шаңды дауыл кезінде Аралдың құмы Америка, Жапония мен Еуропаны айтпағанда, әлемнің барлық құрлығына барып қонады. Семей полигоны да кеңестен қалған сыйлық. Қазақ даласының ядролық ракеталардың ондаған жарылыстарынан қалған жарасы әлі де жазылған жоқ. Қазақ әйелдері әлі күнге дейін мүгедек-кеміс балалар туып жатыр. Ембі, Ембі-2 сияқты, Капустин Яр дегендей небір қаптаған әскери полигондарды да біз сыйлыққа алған шығармыз. Байқоңырдың гептилі бар, Қызыл кітапқа енген жануарларымызды, киігімізді улап, суымызды былғап, бізді тірідей улап жатқан. Міне, біз Путин айтқан ұлы империя – Кеңес Одағынан осындай сыйлықтар алып шықтық. Көрші елдердің жерін даулап көз алартқанша, МКАД-тың ар жағында қара нанға зәру болып отырған өз отандастарыңызды ойлағаныңыз дұрысырақ шығар. Ресейдің ішкі проблемаларын ойлағаныңыз жөн болар.

     Менің бұл жағдайды трагедияға теңеуден басқа амалым жоқ. Өйткені мен орыс мектебін бітірдім, Ресей мәдениеті мен орыс әдебиетінің озық дәстүрімен тәрбиеленіп, соны бойыма сіңіріп өстім. Мен үшін Ресей деген әлбетте, Путин емес, Медведев те емес. Солардың маңайына топтасқан ұры-қары емес, билікке узурпация жасап, Кремльдің төрінде қонжиып отырған. Ресей деген – бұрын өткен, қазіргі, ертеңгі күнгі орыстың ұлы адамдары. Ұлы Пушкин, Есенин, Толстой, Менделеев, Булгаков, олардың бәрін тоқтамай, сағаттап тізе беруге болады. Ұлы Ресейде өмір сүрген ұлы адамдар өте көп. Ресей халқының жауы қазақтар емес, тіпті Донбасс пен Қырымын Путин тартып алған украиндар емес, жерінің бір бөлігін Ресей тартып алған грузиндер де емес, тамағына Путин әлі жармасып отырған молдовалықтар да емес. Ресейдің ең қас жауы – билікті меншіктеп алып, Кремльден кетпей отырған сұмырайлар.

Жазып алған Әділ АҚЫЛБАЙ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?