Аралас мектепті, шұбар тілді Қазақстан

Сайт Әкімшілігі - 25.06.20201921

    Келмеске кеткен кеңестік кезеңнің қазақ ұлтына, тіліне жасаған  қиянаты  туралы сөз  қозғап, қанымызды басқа шаптырып, ашуға ерік  бермей-ақ  қоялық. Кіжін-кіжінбе, ол кезең өтті, кетті. Лайым  қайтып келмесін. Жарайды, ол кезде Кремльге қарап бет  түзедік, Мәскеу барлық  мәселені орыстың  мүддесі  төңірегінде  шешті  делік, ал бүгінгі  тәуелсіз  қазақ  билігінің не  ойлағаны  бар? Басқасын былай қойғанда, қазақтың тілін, яғни  мемлекеттік  тілді мемлекеттік  деңгейге көтере алмаған соң, ұлтаралық  тілге  айналдыруға шамасы келмеген соң, не  сорым? Бұл  биліктен  не  қайыр? Биліктің орыс тілінде, Ресей  тілінде  сөйлейтінін, сол тілде ойлап, тіпті сол тілде түс көретінін қазақ ақпарат  құралдары жаза-жаза  жауыр болды. Бірақ  өзгерген дүние  жоқ. Өзгере де  қоймас. Неге? Оған жауап даяр.

      Өйткені елімізде бықыған  орыс мектептері мен  аралас мектептер  бар. Онда миллиондаған  бала білім алады. Әрине, мемлекеттік  тілде  емес,  Ресей  тілінде. Ал  олар  өсіп-жетіліп, біразы  билікке  барады. Сол жерде  тағы да  орыс тілінің көсегесін көгертері  анық. Демек, бізге бұл пәледен құтылатын жол іздеу керек.  Бұл  жөнінде  журналист Жолымбет Мәкіш  былай  дейді: «Бізге ең үлкен қауіп орыс мектептері мен аралас мектептерден келіп жатыр. Бұларда оқитындардың 70 пайызы қазақ балалары. Өзімізді өзіміз қолдан мәңгүрттеп жатырмыз. Осы мектептерді бірінші жабу керек. Онда да, алдымен, аралас мектептен бастап, оларды біртіндеп қазақ мектебіне айналдыра бастауымыз керек». 

    Ащы да болса  шындық. Аралас мектептердің  жыл  өткен  сайын  көбейіп   жатқаны  жөнінде сенатор  Динар Нүкетаева да дабыл  қақты: «Елімізде күндізгі жалпы білім беретін мектептердің саны – 6973. Оқушылардың саны – 3 млн 250 мың. Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын –  3726, орыс тілінде оқытатын – 1181, аралас тілде оқытатын 2043 мектеп бар. Басқа тілде оқытатын 23 мектеп бар: оның ішінде 12 мектеп өзбек тілінде, 11 мектеп ұйғыр тілінде. Яғни аралас тілді мектептер жалпы мектеп санының 30 пайызға жуығын құрап отыр. Бұл әлемде ешбір елде кездеспейтін, тек қана Қазақстанда бар жағдай. Бұл үрдіс одан ары да жалғаса беретін болса, одан кейін қазақ тілінің тағдыры, ел тағдыры қалай болатынын ешкім болжап айта алмайды. Еліміздегі аралас тілді мектептердің соңғы бес жылдағы жағдайына қарасақ, 2016 жылы – 2045, 2017 жылы – 2037, 2018 жылы – 2046, 2019 жылы 2054 мектеп болған. Ал 2020 жылы аралас тілді 2043 мектеп жұмыс істеп, онда 1 393 727 оқушы білім алып жатыр. Демек, 2016 жылмен салыстырғанда осындай мектептерде оқитындардың өсу тенденциясы жыл сайын үдеп, олардың саны 196 715 оқушыға дейін артқан».

   Бұл  сенатордың айтқаны. Нақты  дәлелмен соқырға  таяқ  ұстатқандай  етіп,  билікке қауіптің  қай  жақтан екенін көрсеткені. Бұдан  билік  қорытынды  шығаруы керек. Шындыққа  тура  қарайтын  болсақ, аралас  мектептерде қазақ  тілінің  емес, орыс тілінің  дәурені жүріп тұрғаны белгілі. Демек,  мұндағылардың  дені Ресей тілінде сөйлейтіндер десек  те  болады. Бұл  жақсылықтың нышаны емес. Егер де елімізде  қазақ  тілінің  мерейі үстем болсын, мейманасы тасысын  дейтін  болсақ, алдымен  осы саланы  реттеуіміз  керек. Яғни бірінші кезекте аралас мектептерді азайту  не болмаса қазақыландыру қажет.  Бұдан  қорқатын  ештеңе  жоқ. Ешкімге  зорлық көрсетіп жатқанымыз  жоқ. Заңға томпақ келмейді. Баяғыдай  Мәскеудің  қас-қабағына  қарайтындай емес. Бұл  мемлекеттің ішкі  саясаты, ұлт  мүддесін қорғаудағы жансебіл тірлігі  болмақ. Аралас мектептерді  қазақыландыру, бір сөзбен  айтқанда,  қоғамдағы қазақ  тілі  мәселесін  шешудің  төте  жолы. Ұлтты  сақтап қалудың  амалы. Осыны естен шығармайық.

Күлтегін БЕК

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?