Ақша да жоқ, мал да жоқ: фермерлер аштық жариялады

Сайт Әкімшілігі - 26.06.20202119

Мемлекеттік бағдарламамен асыл тұқымды ірі қараға тапсырыс беріп, тақырға отырған фермерлердің басқа емес, "Қазагроға" өкпесі қара қазандай. Өйткені ұлттық компания өкілдері несие берген кезде белгілі бір ұйымның мүддесін тықпалапты. Яғни малды тек солардан аласыңдар дегенге ұқсайды. Хош, оған да көніп, үй-жайын кепілге қойып, алған кредитін көрші елге аударып, әрең әкелген қымбат сиырлары ауылға ақсақ-тоқсақ, ауру-сырқау болып жетеді. Бұл не жұмбақ?

"Қазагро" мен Ресейлік "Камагро" арасында ауызжаластық бар ма, әлде ұлттық компания ұлттың емес, ұрттың қамын ойлап кетті ме?" деп хабарлайды закон кз Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Аштық жариялаймыз деген бір топ фермер елордадағы Ресей елшілігінің алдына жиылды. "Сыбаға" бағдарламасы арқылы асыл тұқымды мал алуы тиіс болған шаруа қожалық өкілдері жеме-жемге келгенде жер сипап қалған. Себебі, ірі қараны жеткізіп беруі тиіс болған компания кәсіпкерлерді тақырға отырғызып кетіпті. Алданғандарын кеш түсінген шаруалар Үкіметтен алған қомақты қарызды төлеуге міндеттеліп отыр.

Қуандық Түсіпов, шаруа қожалығының өкілі:

"Мен 37 млн несие алдым. Сол 37 млн-ның маған келу керек еді 60 бас мал. Бір малдың құны 625 мың. Одан субсидиясы келген уақытта 225 мыңнан субсидия берілетін. Мен қазір соның барлығынан қағылып отырмын. Ауылшаруашылығы министрлігі естігілері келмейді. Біздің шаруаларды шешкілері келмейді".

Екі жыл бұрын фермерлер мемлекеттік бағдарлама аясында асыл тұқымды мал алуы тиіс болған. Операторлар қатарында "ҚазАгро" мемлекеттік корпорациясы болыпты. 1000 бас ірі қараны алу үшін Үкімет Ұлттық банк арқылы 771 млн теңге бөлген. Бірақ, "ҚазАгро" ақшаны бермес бұрын малды тек ресейлік фирмадан алуға міндеттепті. Кейбір қожалық өкілдері мал алу мақсатында басындағы баспанасын, жерін кепілге қойған.

Тоқтар Сәрсенбаев, шаруа қожалығының өкілі:

"Біз "Сыбаға" бағдарламасы бойынша кредит алып, соған мал аламыз дегенбіз. Асыл тұқымды мал аламыз дегенбіз. 2018 жылдың сентябрь айында алдық кредитті. Мен 70 бас малға тапсырыс бергенмін. Келісімшартқа отырғанбыз. Соның 80 аударғанмын келісім бойынша. Енді, оған кейбір адамдар жерін қойды, үйін қойды. Екі үйден, үш үйден қойған адамдар бар".

Амалы таусылып, соңғы қадамға барған фермерлер Ақтөбеде де жиналды. Ірі қара аламыз деп қарызға белшесінен батқандар Үкімет тарапынан мемлекеттік комиссия құрылып, істі жан-жақты тексергенін талап етеді. Бағдарламада шикіліктер өте көп, - дейді шаруалар.

Руслан Шуиншалин, шаруа қожалығының өкілі:

"771 млн теңге мемлекеттің ақшасы Россия мемлекетіне кетті фермерлардан. Ақша да жоқ, мал да жоқ. 16 шаруашылық Қазақстаннан кредит алдық. Ол кредитті Ресей Федерациясына жібердік. Қазір, бүкіл пеня штрафты бүкіл хозяйстваның мойнына іліп отыр".

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері өткен жылы Ресейдің Татарстан Республикасына барып, ірі қараны жеткізіп берген компаниямен келісімшарттың күшін жойған көрінеді. Алаяқтардың үстінен қылмыстық іс те қозғалған. Агрофирма құрылтайшысы алған қаржыны биыл қыркүйек айында толық қайтарамын деп уәде беріпті. Бірақ, әлі бірде-бір тиын өндірілмеген. Десе де, бұл мәселе барлық құзырлы органдардың бақылауында екен. Ал, несиені төлеу уақыты 2024 жылға дейін созылуы мүмкін. Демек, 4 жылға дейін фермерлер ешқандай несие төлемейді.

Жандар Омаров, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры " АҚ басқарма төрағасы:

"1 шілдеден ары қарай бұл мәселені шешу үшін сотқа беріп, соттың шешімімен мүлдем пайызын тоқтатып, ары қарай пайызын 2024 жылға дейін созамыз деп жоспарлап отырмыз. Ол уақытқа дейін "КамАгроның" мәселесі шешілу керек. Егер, шешілмесе ары қарай да шаралар қолданатын боламыз".

Ал, елімізге құжат бойынша асыл тұқымды деп әкелініп, кейін сараптамаға сай болмай шыққан ірі қараларды қазір шаруа қожалығының өкілдері бағып отыр. Шелек-шелек сүт беруі тиіс болған малдың бүгінгі сиқы мынадай. Көбісі көтерем болып, арам қатқан. Әр басына кәсіпкерлер 625 мың теңгеден санап беріпті. Еліміздегі нарықта мұндай сиырлардың бағасы 200 мың теңгеге де жетпейді екен.


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?