Алматының апелляциялық соты "субботажға" қатысқан үш белсендіні қамауда қалдырды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 26.06.2020672

Алматы қалалық соты 13 маусымда "субботаж" шеруіне шыққаны үшін "заңсыз акцияға қатысты" деп айыпталып, 15 күнге қамалған белсенділер Асхат Жексебаев, Бақдәулет Әлібеков, Абайбек Сұлтановты қамауда қалдырды. Оларды жазалау туралы сот шешімі өзгермеген. Бұл туралы Азаттыққа белсенділердің адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады.

Бейсенбі күнгі апелляциялық сот онлайн режимде өтті. Оған қатысушылар үш жерден қосылды: қалалық сот ғимаратынан - судья мен прокурор, адвокаттық кеңседен - адвокат Жанар Балғабаева, уақытша изолятордан қамаудағы белсенділер қатысты. Алматы қаласындағы әкімшілік жазаға тартылғандарды қамайтын изолятор толып кеткендіктен белсенділер қазір Іле ауданындағы уақытша изоляторда қамауда отыр. Белсенділер сотта изолятордағы санитария ережелері сақталмайтынын айтып еді, судья Молдажанов бұл шағымның мәселеге қатысы жоғын жеткізді.

Адвокат Балғабаеваның айтуынша, алдағы уақытта тағы үш белсендінің апелляциялық шағымы қаралады. Шамамен 30 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2 778 теңге) көлемінде айыппұл салынған Сақып Жаңабаева, 15 күнге қамалған Ермек Қазиев және Қайрат Қылышев сотқа шағым түсірген. Соңғы аталған екі белсенді Қарасай аудандық изоляторында қамауда отыр. "Субботажға" қатысқан тағы үш белсенді апелляциялық шағым түсірмеген.

13 мамырда кешке Алматыда Панфилов көшесінің бойында жүз шақты адам шеру өткізген еді. "Субботаж" атты серуенге ұқсас шара кезінде жиналғандар музыкалық аспаптарда ойнап, кейбірі билеген. Оған қатысушылар "Белсенділер - экстремист емес" және "Алға, Қазақстан" деп айқайлаған. Полиция шараны бақылағанмен ешкімді ұстамаған. Есесіне өткен аптада - шеру өтетін күн қарсаңында белсенділер ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  • Мамыр айында сот "Көше партиясын" елде экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысымен бір ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған еді. Қазақстан соты "экстремистік" деп таныған ҚДТ-ны Еуропарламент 2019 жылғы наурыз айындағы қарарында "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған. Оның жеткшісі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов ҚДТ туралы сот шешімінің саяси астары бар деп санайды. "Көше партиясы" мен ҚДТ қызметіне тыйым салу туралы сот шешімдері жарияланбады.
  • Бірнеше белсенді "Көше партиясына" қатысты сот шешімін апелляцияға бермек болып еді, Нұр-Сұлтан соты "шағым түсірушілердің іс бойынша тараптарға жатпайтынын" айтып, қабылдамаған.
  • "Субботаж" деп аталған сенбі күнгі акцияға шығуға шетелде тұрып жатқан Мұхтар Әблязов шақырған еді. Бұған дейін осыған ұқсас бірақ шағындау акциялар Нұр-Сұлтан, Шымкент және өзге қалаларда өткен.​

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?