Ақтөбеде пневмониядан қайтыс болғандар 9 адамға көбейді, барлығы 31 адам көз жұмды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 27.06.2020595

Ақтөбе қаласында пневмониядан тағы 9 адам қайтыс болды. Сегіз науқас 26 маусым күні Ақтөбедегі облыстық аурухананың реанимация бөлімінде жан тапсырған. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық ауруханасының бас дәрігері Рүстем Исаев хабарлады.

Аты-жөнін атамауды сұраған дереккөз 27 маусым күні таңғы сағат 6 мен 7 аралығында «облыстық ауруханада оттегі таусылып қалды» деп хабарлаған еді. Ақтөбе облыстық ауруханасының бас дәрігері Рүстем Исаев мұны растап отыр.

- Сегіз науқастың барлығы жұма күні қайтыс болды. Яғни, оттегі жетіспеушілігімен байланысты емес. Ал оттегі сенбі күні таңертең болмай қалды. Біздің есебімізше, аурухананың оттегі сақтайтын арнайы станциясындағы қор сенбі күні түс ауғанда таусылуы керек еді. Бірақ қазір біз тәулігіне 2-2,5 тонна оттегі тұтынамыз. Сондықтан, 10 тонналық станцияны үш-төрт тәулік сайын толтыруға тура келіп отыр, - дейді Исаев.

Маусымның 27-сіне қараған түні Ақтөбе облысының Ембі қаласында тұратын 1965 жылы туған дәрігер әйел пневмониядан қайтыс болған. Бұл туралы Азаттыққа марқұмның туыстары хабарлады. Осылайша Ақтөбе облысында пневмониядан қайтыс болғандар саны 31 адам болды.

Бұған дейін Ақтөбе облыстық денсаулық басқармасы пневмонияға шалдыққан 53 адам реанимацияда жатыр деп хабарлаған. Оның 15-і жасанды тыныс алу (ИВЛ) аппаратына қосылған.

Азаттық тілшісі Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласқанмен жауап ала алмады. Өзге ауруханалардағы жағдай әзірге белгісіз.

Қарай отырыңыз: "Пневмонияны өршіткен – коронавирус инфекциясы". Ақтөбедегі ахуал ушығып кетті (26 маусым 2020 жыл).

"Пневмонияны өршіткен – коронавирус инфекциясы". Ақтөбедегі ахуал ушығып кетті
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:14 0:00

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?