Журналист Қуандық Шамахайұлы емханада жатып қайтыс болды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 29.06.2020513

29 маусым күні журналист Қуандық Шамахайұлының қайтыс болғанын хабарланды. Туыстарының айтуынша, 59 жастағы журналист өкпесі қабынып, өткен аптаның басында Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаға жатқан. Содан бері жағдайы жақсарып, жазылуға жақын қалған.

Журналистің өзі таңғы 6:00 шамасында Facebook парақшасында қаладағы №1 аурухананың коронавирус жұқтырғандар палатасында емделіп жатқанын, түн ортасында медицина қызметкерлері келіп, белгісіз бір қағазға қол қойғызып, дәрі бергенін жазып, содан күдіктеніп отырғанын айтты.

"Кешеден бері дəрігерлер COVID-19 ауруына тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім, сағат 2..00-де дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін меджгіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. Не зат десем вирустан сақтайды дейді. Қастандық деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əреккеттері күмəнді. Ештеңе түсіндірмейді" деп жазды Шамахайұлы Facebook-те.

Ұлы Берік Қуандықұлының айтуынша, журналист ауруханаға 23 маусым күні жатқан.

– Палатада жатты, ИВЛ болған жоқ ешқандай. Кеше жағдайым жақсы, температура жоқ, тәбетім ашылды деп өзі айтты, – деді ол.

Туыстары оңалып келе жатқан Қуандық Шамахайұлының кенет қайтыс болғанына күмәнмен қарап отыр. Ресми органдар журналистің өліміне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

Қуандық Шамахайұлы – Қазақстанның мәдениет қайраткері әрі филология ғылымының кандидаты. Ол 1961 жылы Моңғолияда туған. Сол елдің мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып, көркем аудармамен айналысқан. Журналист билікке қатысты сыни көзқарастарын ашық білдірумен танымал.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?