Нұр-Сұлтанда белсенді Санавар Закированың жақтастары пикетке шықты

Дерек көзі: www.azattyq.org - 30.06.2020627

29 маусымда Нұр-Cұлтанда Жоғарғы соттың алдына Алматыда соталды тыңдауы өтіп жатқан белсенді Санавар Закированың екі жақтасы келіп, пикет өткізді.

Закирова "8 наурызда "Нұр Отан" партиясының Тамара Шакированың қызына әдейі денсаулығына зиян келдірді" деген айып тағылып, сол іс бойынша соталды тыңдауы басталды.

Нұр-Сұлтанда пикетке шыққан зейнеткерлер Алтын Жандосова мен Зейнегүл Құтпанбетова белсенді Санавар Закироваға қатысты қозғалған қылмыстық істі заңсыз деп санайтынын айтып, жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың отставкаға кетуін талап етті.

– Біз Санавар Закированың ісін қарап отырған судья Залина Махарадзе (белседі Әлнұр Ильяшевтің бас бостандығын үш жылға шектеу туралы үкім шығарған судья – ред.) әділетсіздік танытып отыр деп санаймыз. Мұндай жалған айыптаулармен болған істер отыз жылдың ішінде өте көп болды. Олардың бәрін ақтау керек. Соттары істі әділ қарамаса Жақып Асанов орнынан кетсін, – дейді өзін “Закированың өкілімін” деп атаған Алтын Жандосова.

Оның сөзін 65 жастағы Зейнегүл Құтпанбетова да қоштады.

51 жастағы Санавар Закироваға қатысты істің Алматыдағы соталды тыңдауы 20 маусымда басталған. Белсенді өзінің “Нұр Отан” партиясы мүшесіне қатысты жазған арызын құқық қорғау орындары өзіне қарсы қолданып отыр деп санайды.

– Мен істі қысқартуды талап етіп отырмын. Адвокаттарыммен бірігіп судьяға қатысты төрт мәрте наразылық білдірдім, 15-тен астам өтініш түсірдім, бірде-бірі қанағаттандырылмады, – дейді Санавар Закирова.

Белсенділердің талабына қатысты жоғарғы соттан ешкім шықпады. Соттың күзет қызметі соттардың қашықтан жұмыс жасап жатқанын айтып, кеңсеге арыз тапсыруды ұсынды.

Наразылық білдірген зейнеткерлерді бірнеше полицей мен арнайы жасақ сырттай бақылап тұрды, тиіспеді.

2019 жылы қазанда “Нұр Отан” партиясы “Наше право” деп аталатын саяси партия құрмақ болған үш белсендіні – Санавар Закированы, Әлнұр Ильяшевті және Марат Тұрымбетовті сотқа берген. Алматы қаласы Жетісу аудандық сотына жүгінген партия белсенділерді “Нұр Отан” партиясы туралы жалған ақпарат таратты деп айыптады. Билік белсенділердің партиясын тіркеуден бас тартқан соң, олар “партиямызды тіркемеуге “Нұр Отан” партиясы кінәлі” деген болатын. Билік партиясы осы сөзді жалған ақпаратқа теңеген. “Нұр Отан” атынан шағымға партия мүшелері Тамара Шакирова, Ержан Медеуов, Дидар Акулов және Разия Бахибекова қол қойған.

Сот “Нұр Отан” партиясы мүшелерінің арызын қанағаттандырып, талапкердің пайдасына үш белсендіден 6 миллион теңге өндіру туралы үкім шығарды. Санавар Закирова мен оны қолдаушы топ “Нұр Отанның” ақшасын төлеу үшін астанадағы мешіт алдына шығып “садақа” сұраған.

Санавар Закирова 2020 жылы 8 наурызда “Нұр Отан” партиясы атынан шағым түсіргендерге барып, олардан өзінің сот шешімін орындай бастағаны туралы қолхат алмақ болған. Белсенді Шакировадан басқа арызданушылар мекенжайларын дұрыс көрсетпей, телефон нөмірлерін қалдырмағанын, ал Шакированың өзімен жанжалдасып қалғанын айтады. Осыдан кейін Санавар Закирова "денсаулыққа әдейі орта дәрежеде зиян келтірді" айыпталып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?