Батырболат АЙТБОЛАТҰЛЫ: «Сол баяғы көнбіс, қамсыз қазақпыз...»

Сайт Әкімшілігі - 30.06.20201942


САЙҒАҚ*

Кенесарының рухына

«Ерлігі Наурызбайдың ерек еді,

Хан Кене ақылдасқан зерек еді.

Екеуі қапылыста өліп кетті,

Қазақтың баласына керек еді»

Омар Шипин


Кешегі тарихтың бір дерек-ені:

Хал-жайым – бассыз қалған денең еді...

Беу, баба, орны толмай тұр жоғымның –

Халқыңа алтын басың керек еді!


...Жалғаннан (жамандарға той секілді)

Кеттің Сен – қайталанбас сой секілді.

Отарда тыпырлады қайран елің

Қотанда үйелеген қой секілді.


Қайтейін бассыз тәндей тірлігімді?

Басыңның бәсі бүгін шын білінді,

Құдайдан именбеген имансыздар

Жатқанда иянаттап дін-ділімді.


Сен барда – Алты Алашқа тұлға сынды,

Қазақты қазіргідей кім басынды?

Тілімді кемсітсе кей кісәпірлер,

Жоқтаймын, іштей налып, қу басыңды.


Қадірсіз болса асылы кісі емеске,

Шын ердің шамырқанар тұсы емес пе?

Күйігі шаталардың күйдіргенде,

Толағай басың сенің түседі еске.


...Сонда да қылып хаққа шүкірлік мен,

Көңілді аластайын күпірліктен:

Бостанмын бүгін, баба, алыстадым,

Кешегі бодан күннен үкім күткен.


Бекуге бет бұрған бұл тұстары іргем,

Салтыммен ерлерімді нұсқа білген,

Басыңа белгі қойдым табылмаған,

Қиылған ғұмырыңдай қысқа жырмен!

Аллаһу әкбар!

МЕКТЕПТЕСІМ МАЛДЫБАЙ МИЛИЦИЯҒА МАДАҚ

(Ирониялық иірімдер)


О бастан-ақ жоқ ең сауап-обалға,

Өлең – саған «бір былжырақ» қадірсіз.

Біздікіндей безбүйректеу қоғамда

Таптырмайтын кадрсыз!


Кездескенде сәлемнен соң сұрарың:

«Бір тақпаққа қанша доллар төлейді?».

Оқталам да тіл қатпаққа, сосын... үнсіз тұрамын,

Тоқталамын ылғи да мен қырнап барып көмейді...


– Осы неге жылайсыңдар, ай-күн аман, ел есен?!

Мұң деген не? – дейсің маған

                                                        (Мықтысың-ау, Малдекем!).

Сәл-сәл ғана жетпей жүрген капитандық демесең,

Төрт құбыласы сендей түгел бар ма екен?!


Беу, Малдеке, отыздан соң тек орысша сөйледің

(Сауатсыздау демесеңіз, айыбы).

«Ана тілім...»

                            Күмілжіген сөзім құрсын, өй, менің,

Біздің тіл де тіл болып па, тәйірі?


Обал жоқ-ау, әй, обал жоқ мен сықылды қасқаға

Осы тілде өлең жазып сорлаған!

Үй жоқ, күй жоқ, ақша да жоқ, басқа да...

Өл де маған милиция болмаған!


БАЙҚОҢЫР-БҮЙРЕК

Ине жұтқан иттей мүшкіл күйдемін –

Бүгін мен қан түкірдім.

Баяғыдан ауырғанмен бүйрегім,

Қазіргіден шүкір-ді...


Бір сау мүшем қалмаса да бойымда,

Сол баяғы көнбіс, қамсыз Қазақпын.

Қазір, бірақ, керек шығар мойындау?.. –

Тепкілеген «ана ағамнан» азатпын...


...Қайтсем екен мына сырқат-тажалды?..

Қабақ шытам, тым күйреп.

Жиі ойыма салар боп жүр ажалды

Қан қақсатқан бір бүйрек...

ЖАМАН ТҮС


«Түс қыла гөр, Құдайым!»

Махамбет

Мен бүгін ояу жүріп түс көрдім,

Түсімде хикмет іс көрдім:

Ер едім – ісім бітпеді,

Дұшпанның келді күткені –

Темір қазық жастандым,

Қылышынан қастанның

Махамбет, Кене бастандым,

Бір шұңқырға тасталдым.

Көзімді қарға шұқыды,

Төбемнен кәззап нұқыды...


Ақырзаман осы ма? –

Қаңбақ құсап қаңғыбас,

Домалап жеткен қасыма

Қу толағай әлгі бас –

Басым екен өзімнің,

Сөйледі ол кенет ашына:

«Мен мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде,

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім!..»


...Зәрем кете қорықтым,

Қу бастан қашып, зорықтым.

Безіп бара жатқанда,

Тұла бойы қан, басы жоқ,

Тұл денеге жолықтым.

Тұлданып ол да сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:


– Ей, өзімнен туған жас бала,

Бабаңның жанын ауыртып,

«Дінім жоқ неге тұғырлы,

Ділім жоқ неге бұрынғы,

Тілім жоқ неге?» демеші.

Тілің не сенің, бәтір-ау,

Басың жоқ кезде... О несі?!


...Одан да қаша жөнелдім,

Артта қалып даламның

Ойы, қыры, белесі,

Кезеңге жеттім келесі.

Кезеңнен әрі көз салсам,

Кезіп жүр байтақ даламды

Бабамның бассыз денесі,

Бостандығымның елесі...

ҚАЛАДАҒЫ БҮГІНГІ БЕСІК ЖЫРЫ


(Демографиялық дәйек)

«Айналайын баладан,

Тауып алған даладан.

Далада бала жата ма?

Түсіп қалған ғой шанадан...» –


...Тербетіп «тауып алған» Әлішерін,

Тарқатып осы әнменен әрі шерін,

Айнагүл ақ бөпесін әлдилейді.

Сынбапты бойындағы әлі сенім...


Ұқсамай түңілгенге шырайы әлі,

«Көкеміз келмейд...» деп тек мұңаяды.

Хабар жоқ ауылдан да көптен бұған,

Сирепті құрбысы да қыл аяғы.


Көңілін үмітті ойға демдетеді:

«Ертең-ақ құлыншағым ержетеді!..»

«Қырық шырақ» қыз да болса қиын, қиын...

«Шырағын қырық бірінші» ол тербетеді.


Бөбегін бесіктегі күлдіреді,

Өзі де бір жыласа, бір күледі.

Көркінің құдай берген бұны бүйтіп

Өртіне орағанын кім біледі?...


Өксітіп тапталғаны пейілінің,

Артынша қайта тауып мейірімін,

Нұрланып жас жамалы (жас – жанары),

Мұңая әндетеді сүйіп ұлын:


– Айналайын баладан,

Тауып алған даладан.

Далада бала жата ма?..

Түсіп қалған ғой бұл шанадан...


БАБА ТІЛ ЖАЙЫНДАҒЫ БАЙ-БАЙ

«Зар шығады тілімнен...».

Абай


Біз осы тіріміз бе, тірі өлдік пе?..
Айналды-ау күнің кісі күлерлікке,
«Ана тіл» атаймыз деп әлде Сені
Айбарсыз, аянкеш қып жібердік пе?..


Қыпшақы қылыш сынды өткірім ең,
Тәңірдің тұмарындай тектілік ең.
Жайыңа жаны ашыған түрім құрсын,
Жалтақтап жан-жағыма, жөткірінем...


Білдірген бар қайратым – құлша күңкіл,
Кім білсін, мүмкін соңғы мұрсатым бұл...
...Бір кезгі ұлық тілім – қазір енді
Ұлтыма ұлық-төрем ұрсатын тіл.


...Базарға түсті-ау, бай-бай, баға-құның,
Балаңды кешпе мендей, баба тілім – 
Дат айтып, дұшпанымды сүйсіндіріп,
Ақ сөйлеп, қара қылды жаратыным!


Мұрт асты міңгірлеген сорлы ағаның
Сықпытын көріп кейде қорланамын.
Қайран тіл, мұңым болар деп ойлап па ем
Билік пен бала тілі болмағаның?


...Баба тіл босағасын сығалаған
Парламент күйік болды-ау мына маған.
Жүрегім – талақ «тіл» деп тілінбеген,
Көр болсын көзім сен деп жыламаған!..

Бай-бай, баба тілім-ай...


ЗАПЫРАН


Өз елімізде өгейсідік те,

Өгізше көндік кедейшілікке.


Арақтан өш ап, ақымақ болып,

Жат табанында жапырақ болып;


Мүләйім күліп шетелдіктерге,

Момын қазаққа көтердік кеуде.


Бағымыз солдай – бағаны бақтық,

Басқаны қойып, баланы саттық.


Шалғайын ұстап шетелдік шалдың,

Шетке қыз кеттік – көтердік бәрін...


Киелі өнердің құнын ұқпадық,

Киркоров келсе, қырылып бардық.


Өжеңдескен соң өзге тілменен –

Өлікпіз ғой біз көрге кірмеген!..


Көргенсіз қызың, дәрменсіз ұлың –  

Бетке ұстар бүгін бар дерсің кімім?


Тұлғалым еді – түңілтті қазақ,

Қылмады бүгін кім ұлтты мазақ?


Құнсыз екен-ау құлға азаттығың,

Бұл қазақ – нағыз пұл қазақ бүгін!..


Қандай ел едік барда мысымыз,

Қазағым, қайда ар-намысымыз?


Салмағын салып санаға бәрі,

Сансыратқаны-ай замана зары.


Бар мұңым – өлең-запыран болып,

Ай-күн аманда аһ ұрам келіп.


Шын мықты болсаң, жердей бол енді,

Шын күшті болсаң, өлмей гөр енді!..


ТƏУЕЛСІЗДІК

Желтоқсанда шаһит кешіп өмірден,
Жан ағамның жаназасыз көмілген, 
Жан апамның – жатырына тебілген;


Зар заманның алағай да бұлағай, 
Запыран ойдың ішіп өткен ұлы Абай,
Зарығымның ең ақырғы дұғадай;


Отарлаудың орыс атын жамылған,
Ойрат болып жерімізге ағылған,
Шүршіттеніп іргемізден шабынған;


Тірісінде ұлтым көрген тозақтың,
Өзге еш халық естімеген азаптың, 
Аштан өлген мың-миллион қазақтың;


Дəурен сүрген шағымыз боп алас күн,
Келімсекпен туған жерге таластың,
Қыршын кеткен арманының Алаштың;


Дінім көнген қорлықтың, 
Ділім көрген қорлықтың,
Тілім төзген зорлықтың;


Тіксіндірген Кремльдей сарайды
Тəшеновтің тағдырының талайлы –
Төлеуі бұл ТƏУЕЛСІЗДІК арайлы!..


Əкелердің ерте ағарған шашының, 
Аналардың удай кермек жасының, 
Хан Кененің табылмаған басының –
Өтеуі бұл ТƏУЕЛСІЗДІК асылым!



* Сайғақ – оқшау бейіт басына қойылатын белгі-ағаштың көне атауы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?