Екінші рет құрылған медициналық сақтандыру қорынан үміт күтуге бола ма?

Сайт Әкімшілігі - 30.06.2020582


         Жас Алаш газетінің 2020 ж. 16 маусымдағы №47 (16542) санында белсенді журналист Гүлбану Әбенованың мемлекет үлкен үміт артып отырған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қатысты сынын, ашық ақпарат көздерінен алынған құжаттардағы қомақты қаражаты туралы жазғанбыз. Журналист Қордың жұмсап отырған шығындарына қатысты көтеріп отырған мәселесіне фейсбук желісінде қазір біраз қазақстандық шу ете қалды. Көпшілігі Қордың жұмысына үлкен күмәнмен қарайтынын, қазіргідей ковид пандемиясына байланысты медициналық көмектің ауадай қажет кезінде көмек ала алмай, өзін өзін емдеп жатқандарын жарыса жазған.

«Аузы күйген үрлеп ішеді» демекші, өйткені Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу тәжірибесі Қазақстанда 1996-1998 жылдары да болған. Алайда, көріп отырғанымыздай, одан оң нәтиже көріп қарық болмадық. 1998 жылы міндетті медициналық сақтандыру қорының жетекшісі Талапкер Иманбаев шетелге кетіп, 2001 жылы «қор қаржысын жымқырды» деген айыппен сырттай 9 жылға сотталып, артынша 2014 жылы ақпарат құралдарына берген сұқбатында ол өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтқан. Ендеше, жұрттың көкейінде «мұндай жағдай тағы қайталанбайтынына кім кепіл» деген күмәннің болуы да орынды.   

         Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізіп, халықтың денсаулығын нығайтамыз, жақсартамыз деген алғашқы талпынысымыздың осылай тас-талқаны шықты. Бірақ pavlodar.gov.kz сайтында «Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелеріне қатысты 100 сұрақ-жауап» айдарында жауаптылар: «1996-1998 жылдары сақтандыру медицинасын енгізу бағытында жасалған бұл қадамды сәтсіз деу қате. Себебі, оның да жағымды тұстары болды. Оның денсаулық сақтау нысандары желісін сақтап қалуға және экономиканың осы секторына қосымша қаржы тарту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қосқан үлесі зор болды. Мұны осы реформаның ең басты нәтижесі деуге болады» деп қанша ақталды. 

Қанша ақталғанымен, кезінде аяқсыз қалған реформаны сәтті деуге ауыз бармайды. Оны күні кеше тағайындалған министр Алексей Цойдың өзі «Бұған дейінгі қор құру туралы бастама сәтсіз аяқталды. Онда кеткен қателіктерді қазір ескеріп отырмыз» деп Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болған кезінде мойындап қойған. Ал Елжан Біртанов биыл 11 маусымда берген сұхбатында бұл Қор алдыңғының жағдайын қайталамайды деп уәде еткендей болған еді, бүгін ол денсаулық сақтау саласының экс-министріне айналды. Уәденің орындалуын енді А.Цой мырзадан талап етеміз бе, қайтеміз?

         Мәселен, әлеуметтік желіде 1 мыңнан астам адам Медициналық сақтандыру қорының ақшаны дұрыс мақсатқа жұмсап отырғанына  сенбейтінін жазып, қол жинап, бүгін – 29 маусымда мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевқа хат жолдамақшы. Себебі олар дәл қазіргідей адамдар қайда емделерін білмей, сатып аларға дәрі таппай абдырап жатқан дүрбелең жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағыларды неге сіз бен біздің ақшамызға қамтамасыз етуіміз керек деп ашынуда. «Халық өзінің сақтандыруға құйған ақшасына медициналық көмек ала алмай отырғанда, неге ай сайын Қордың бас кеңсесіндегі 229 адам үшін жалдамалы 7 қабатты ғимаратқа 22 млн теңге төлеуі керек, Қор өкілдерінің автокөліктерін қоюға арналған парк үшін неге 26 млн, жиһаздар мен компьютер, байланыс, интернет үшін миллиондаған қаражат неге жұмсауы керек?» деп налиды.

         Айта кетейік, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Міндеттің әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне алғашқы жарна түсе бастаған. 2018 жыл басталысымен қазақстандықтардың барлығы сақтандыру жүйесі бойынша медициналық жәрдем ала бастауы тиіс еді.  

         МӘМС-ке қатысты наразылығын Президентке жеткізуге бекініп отырғандар сақтандыру қорын таратып жіберуді сұрап отыр. Хаттың қысқаша мазмұны мынадай: «Сізден МӘМС медициналық сақтандыру ұйымының қызметін қарап, оның қаржылық есептілігіне аудиторлық тексеру жүргізуді тапсыруыңызды сұраймыз. Ашық көздерден МӘМС медициналық сақтандыру ұйымы ел азаматтарын емдеуге емес, өз персоналы үшін ғимараттарды жалға алуға және қымбат жиһаз сатып алуға және еліміздің науқас азаматтарын емдеуге қатысы жоқ басқа да қызметтерге көп қаражат жұмсайтыны белгілі болды. Мұның бәрі әсересе бүгінгі таңда коронавирустың қарқынды таралуы және еліміздегі науқастардың саны 20 мыңнан асқан шағында жұртшылықтың шамына тиіп отыр. Егер аталған медициналық институт алдына қойылған мақсаттарын орындай алмаса, оны құру кезінде МӘМС-ке жүктелген үмітті ақтамағандығына сәйкес ликвидация жасау қажет. МӘМС медициналық сақтандыру жұмысының қаншалықты маңыздылығын және елдің денсаулық сақтау саласына бюджеттік қаржыны ұлғайтуды, сондай-ақ МӘМС-тің барлық функцияларын тікелей ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне беру туралы мәселені қарастыруды сұраймыз» делінген.

Нұрай РАХЫМ 




Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?