«Ұлықтау ма, мазақтау ма?»

Сайт Әкімшілігі - 30.06.20202601

 Жезқазғанда орнатылған Абай бюсті жергілікті халықтың ашу-ызасын тудырды

    «Атың шықпаса – жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?» Бүкіл қазаққа дана болған Абай өзінің қара сөзінде халық жиі қолданатын мәтелді осылайша сынаған еді. Иә, солай. Күні кеше Жезқазғанда ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына тарту ретінде қойылған бюст «атың шықпаса – жер өрте» дегеннің нақ өзі болды.    Жезқазған қаласындағы Абай және Сарыарқа көшелерінің қиылысына ұлы ақынға арналған бюст қойылып, оның түр-тұрпатынан жұрт шошынып қалды. Архитектуралық талапқа сәйкес келмеген бюстің тұғырын салу да дұрыс ойластырылмапты. Әлеуметтік желіде бұл мүсінді көрген жұрт «мүмкіндігі шектеулі Абай», «Чупа-чупс» тәрізді Абай ескерткіші» деп, жағымсыз пікірлерін білдіріп жатты.

 Расында, мүсінді алғаш көргенде бірден селк еткізердей жайсыз әсер қалдырады. Бюсті көрген жұрт «бұл Абайды ұлықтау емес, мазақ қылу» деп наразы болды. «Абай атамыздың тойына мұндай тарту жасағанша, жасамаған дұрыс еді. Жезқазғанда қаншама талантты мүсінші, архитекторлар бар. Бюст қояр алдында солардың біреуімен неге ақылдаспаған? Бұл бюстің постаменті жоқ, трубаға кигізілген бас сияқты, сыртынан қарағанда шахмат фигурасы тәрізді. Кез келген адам қандай шаруаны қолға алса да, өзіне ұяты келмейтіндей атқарғаны абырой.  Алайда мұны біздің шенеуніктер ескермеген», – деп мәлімдеді «Жас Алашқа» пікір білдірген  Жезқазған қаласының тұрғыны, қоғам белсендісі, журналист Мақпал Орынбетова.

     Ұлы ақынға арнап қойылған бюстке  жұрттың наразылығы көбейген соң, шенеуніктер оны алып тастап, осымен шаруа бітті деп отырған сыңайлы. Сонда халқымыздың данасы, ұлт мақтанышы Абайдың ескерткішін көшеге ойып тұрып орнатып, кейін алып тастайтындай данагөйіміз шенділердің ойыншығы болғаны ма?! 

     Бұл бюсті жасатуға, оны орнатуға мемлекет қаражаты жұмсалғаны  анық. Алайда Жезқазған қаласының әкімдігі бюстке қанша қаражат кеткенін әрі бұл туындының авторы кім екенін құпия ұстап отыр. «Ұялған тек тұрмас» дегендей, енді шенеуніктер «бұл ұлы Абайға сәтсіз жасалған бюст қана, кейін үлкен ескерткіш қоямыз, оны дайындап жатырмыз» деп ақталды. «Абай мүсініндегі кіші архитектуралық пішінге мемлекеттік сатып алулар заңына сәйкес, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және  автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі конкурс өткізіп, орналастырған болатын. Бірақ шығармашылық кеңес аталған кіші архитектуралық пішінді мақұлдамағандықтан, бүгінгі күні аталған мүсінді алып тастауға шешім қабылданды. Абай–Сарыарқа көшелерінің қиылысында абаттандыру жұмыстары жалғастырылады», – деп мәлімдеді Жезқазған қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
    Жезқазған қаласында мүсіннен  мүлт кеткен жағдайлар жалғыз бұл емес екен. Тұрғындардың айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын Сәкен Сейфуллинге және Абылай ханға орнатқан ескерткіштер көрер көзге қораштау болып шыққан. Ақыр соңында жұртқа ұнамаған соң, Сәкен ескерткішін қайта жөндеп, басқа жерге орналастырса,  Абылай ханға арналған ескерткішті қала сыртына апарып қойған. Жезқазған жұрты осындай олқылықтардан сабақ алмаған жергілікті атқамінерлерге өкпелері қара қазандай екенін ашық айтты.

 Арайлым ЕРКЕБАЕВА

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?