«Науқастарды ауруханаға қабылдамай жатыр»

Сайт Әкімшілігі - 30.06.20201141

        Шымкент қалалық әкімдігі  атышулы видеоға қатысты түсінік берді

Шымкентте өкпе қабынуы дертіне шалдыққан науқастар азаймай тұр. Ауруханада орын жетіспегендіктен, қалалық әкімдік қосымша провизорлық жайлар ашуға мәжбүр болды. Соңғы күндері қаладағы дәріханалар мен процедуралық кабинеттердің алды кезек күтіп отырған халықтан босамай тұр. Бұл дегеніңіз ауруханаға бармай, үй жағдайында ем қабылдап жатқандардың өте көп екенін байқатады. Ресми мәлімет бойынша соңғы бір айдың көлемінде қалада пневмониядан қайтыс болғандардың саны 24-ке жеткен.


Қайбір күні ғаламторда жұқпалы аурулар ауруханасының алдында тізіліп тұрған жәдел жәрдем көліктерінің көп екені, дәрігерлердің келген науқастарды қабылдамай жатқаны туралы видео таралды. Оны жедел жәрдем қызметінің дәрігері түсірген. Бұл жағдай жұртшылықты дүрліктіріп, әлеуметтік желіде, республикалық ақпарат құралдарында  «Шымкентте коронавирус індетіне қатысты ахуал ушығып бара жатыр» деген әңгімелерді күшейте түскені рас. Сенбі күні қала әкімі Мұрат Әйтенов денсаулық сақтау саласына жауапты мамандармен бірге брифинг өткізіп, осы мәселеге түсінік берді.

Брифингке жоғарыда аталған видеоны түсірген Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының дәрігері Арман Хамзин де қатысты. Оның айтуынша, жағдай, расында да, өте қиын болған.

– Аталған оқиға болар кезде науқасты инфекциялық ауруханаға жатқызу туралы координация берген. Бірақ біз аурухана алдына келгенде жедел жәрдем көліктерінің көбейіп кеткенін көрдік. Сөйтіп, ауруханада орын жетіспеушілігі туындады. Яғни диспетчерлік орталық бізге дұрыс бағыт бермеген. Ал науқас екіжақты пневмонияның ауыр түрімен ауырған, жағдайы нашар еді. Сол себепті науқасты жедел орналастыру қажет болатын. Осы уақытта жағдай ушықты. Науқастың халі нашарлай берді. Оның өміріне алаңдап, бейнероликке түсірдім. Содан көп ұзамай мәселе шешіліп, науқасты қайда орналастыру туралы хабарлама келді. Осы ретте, бұл түсірілімнің әлеуметтік желіде тарап, халықтың дүрліккенін қаламағанымды айта кетейін, – деді дәрігер.

Ал қала әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, жағдай толық бақылауда. Медициналық қызмет тиесілі міндетін атқарып жатыр.

– Мүмкін, дәрігерлер кінәлі емес те болар. Өйткені жәдел жәрдем қызметі бойынша шақыртулар кейде саябырсып, кейде күрт өсіп кетеді. Осылай шақырту тым көбейген жағдайда болған жайтты халық дұрыс түсінбей, «Шымкент қаласындағы ауруханалар науқастарға медициналық көмек көрсете алмай отыр» деп дүрлігуде. Бірақ әлеуметтік желілерде тарап жатқан бұл ақпараттар қисынға келмейді, – деді қала әкімі.

Қалалық жедел жәрдем  стансасы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанованың айтуынша,  науқастарды қабылдамау жедел жәрдем көмек көрсететін қызметкерлердің жіберген қателігінен болған. Қазір кінәлілер анықталу үстінде және оларға шара қолданылады. Мамандардың айтуынша, бүгінде қалада 650 инфекциялық төсек-орын бар. Оның ішінде жұқпалы ауруханаларда – 350, жаңа салынған госпитальда – 200 және «Атамекен» провизорлық стационарда 100 орын бар. Аталған ескі жұқпалы ауруханаларда – 321, госпитальда – 172 және «Атамекен» провизорлық стационарда 42 науқас емделуде. Бұдан бөлек, 115 орын бос.

– Сонымен қатар қалада 1690 провизорлық орын бар. Оның ішінде 1315-інде науқастар ем алуда, қалғаны бос. Яғни провизорлық орындардың 77 пайызы толып тұр. Бүгін 500 орын ашамыз. Ал жексенбі күні – 200, дүйсенбі күні 500 орын дайындалады. Сондай-ақ 51 мекемеде 628 төсек орындық күндізгі стационар аштық. Оның 248-і бос. Аталған күндізгі стационардағы бір орын күніне бес адамды қабылдай алады. Күндізгі стационарларда науқастар тіркелген емханасы бойынша тегін емделеді. Халыққа дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін емханалар жұмысын екі есе күшейтеміз, – деді қала әкімі.

Бүгінде Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2084 науқас тіркелген. Оның 45 пайызы симптомсыз. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаеваның айтуынша, соңғы күндері дәріханадан парацетамол препаратын алып, пайдаланушылардың саны артқан. Алайда аталған дәріні аурудың симптомы байқалмаған жағдайда ішуге болмайды. Егер дәрі нормасы 4 грамнан асып кетсе, ол адамның бауырына аса ауыр зардаптар әкелуі мүмкін.

Пневмония Түркістанда да күшейіп тұр. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, тұмау белгілерімен дәрігерлік көмекке  жүгінетіндер көбеюде. Қазіргі таңда  Түркістан облысы бойынша провизорлық ауруханаларда  958 науқас пневмониядан ем қабылдап жатыр. 198 науқас жазылып шықса, 1 маусымнан бері облыс көлемінде 23 адам аталған дерттен көз жұмған.

М.Пашимов та «ауруханаларда орын жетіспей жатыр» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын еске салды.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Шымкент қаласы







Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?