Өркениет және қоғамды жаңғырту ілімі

Сайт Әкімшілігі - 30.06.2020964

                                                                                


    Әлем қауіп-қатерде, өркениет өзгеруде. Академик О.Сәбден ғалым ретінде әлем өркениетіне өз ойын айтып, жаңа бағыт-бағдар беруге тырысады. Әлемдік өркениеттің өзгеруі, оның формацияға өту фазасы, конвергентті даму жолы, интегралды қоғамды қалыптастыру идеялары беріледі. Өркениет дамуының жаңа сатысы гуманистикалық ноосфералық және жаңа планеталық өркениет типіне көшуге аяқ басты деген пікірді алға тартады. Түркі халықтарын, мемлекеттерін біріктіріп, «Түркі тегі» атты одақ құруды ұсынады. Қоғамды жаңғырту ілімі туралы ой қозғай келе, әлемнің үштұғырлы дамуын:  рухани, технология және қауіпсіздікті ұсынады.  Келешектің өркениетін экономика, технология, экология, руханият, космос және қауіпсіздік арқылы көрсетеді. Мұндай жобаларды, ой-пікірлерді автордың көп жылдар бойы ізденісінің нәтижесі ретінде біз «Жас Алаш» газетінің келесі сандарында беріп отырамыз. Соңында мемлекетті басқарудың 5-тік спираль моделін ұсынады.

                                            1. ӘЛЕМ ӨРКЕНИЕТІ

Қазір интернет, цифрлық технология т.б. ақпарат құралдарының арқасында әлем алақандағыдай болып бәрі көрінеді. Әлем күрт өзгеруде, күнде бір жаңалық, ертең не болары белгісіз, бір сағымдай болып тұр. Әлемде үлкен келеңсіздіктер көбеюде. Олар: климаттың жылынуы, азық-түлік, су тапшылығы, аштық, миграция, әр жерде соғыс оты, коронавирус сияқты дерттер т.б. Әлемдік кризис тамырын тереңге жаюда, соның салдарынан әлемнің дамуы 2020 жылы 6-7 пайызға, ал Еуропа 12-15  пайызға төмендеп, жеке мемлекеттердің дамуы одан да күрт шегеріледі деп күтілуде.

Мұның салдары көп жылға созылмақшы. Әлемнің қазіргі жағдайын ойлай келе, адамзат ізгілікті даму жолынан адаса бастады ма деген ойға келесің. Формациялық дамуда қателіктер кетуде. Біз білетін капитализмнің және социализмнің дамуы өз мүмкіндіктерін сарп еткен тәрізді. Екеуінің де кемшіліктері әлемді үлкен дағдарысқа алып келді.

Қазіргі әлемде болып жатқан жаңалықтарға, интернет революциясы, жоғарғы технологиялар, жасанды интеллект, роботтандыру т.б. қоғам ілесе алмауда. Қоғам институттары (мемлекет, үкімет, парламент, БҰҰ, НАТО, ЕО, ШОС, БРИКС т.б.) жаңа даму үрдісіне, жаңа өркениет дамуына адекватты жүйе жасай алмай дел-сал болуда. Әлем барлық жағынан бір тығырыққа тіреліп, үшінші дүниежүзілік соғыс алдында тұрғандай (айтқан жерден аулақ). Адамзатқа келетін ең жойқын қауіп – ядролық қару мен әртүрлі пандемиялық микробтар, биологиялық аурулар.

Бір нәрсе айқын: әлем жаңа әлеуметтік құрылымға, жаңа укладқа бара жатыр. Бірақ ол даму жолын қалай зерделемек? Біз алты формациялық даму жолынан өтіппіз. Олар: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, азиялық құлдықтан кейінгі, феодалдық, капиталистік, социалистік. Ғалымдардың пікірінше, алда жетінші – «интегралды қоғам» табалдырықтан аттамақшы. Мәселе осы жаңа қоғамның құрылымында. Әрине, бұл қоғам алдағы өркениет, барлық формациялардың, әсіресе капитализм мен социализмнің ең жақсы жақтарын алып, қазіргі жаңа өмір талабына сай құрылым, идеология, саясат, жаңа экономикалық модель жасаса әлем дамиды. Бұл жолды батыста конвергентті даму жолы деп те атайды, ол – социализмнің де, капитализмнің де мүмкіндіктерін пайдаланып, жаман жақтарын алып тастау деген сөз (латынша convergere – жақындау, біріктіру, негізі биологиядан шыққан сөз). Табиғаттың тілімен айтсам, капитализм мен социализм екеуін «пайуандау» арқылы олардың тек жақсы жақтарын алу. Ол оңай шаруа емес.

    Біз де кейбір ауылдастарымызға еліктеп, шетел насихатшыларын тыңдап, ә дегенде демократиялық қоғам құрамыз деп, бірақ басқа жаққа бетті бұрып, 30 жылда бюрократиялық-олигархиялық капиталистік жүйеге келіп тірелдік. Диагноз қойсақ, дағдарысқа түстік. Енді ештен кеш болса да, өркениеттің дұрыс жолына түсуіміз керек. Ол жол – жоғарыда айтылған конвергентті жол, қоғамды жаңғырту. Бұл конвергентті жолды дер кезінде дұрыс пайдаланған елдер: Қытай, Вьетнам және Скандинавия, Батыс Еуропа мемлекеттері, оның ішінде Эстония да бар. Мысалы, бізге жақын, Совет Одағында болған Эстония Еуропа ақылшыларын тыңдамай, бүгінде ең инновациялық, интернеттік жылдам ел болып тез дамуда. Жан басына шаққанда табысы 25 мың АҚШ долларынан асады.

Біз болсақ енді соңғы мүмкіндікті пайдаланып, ешкімге жем болмай, осы  дамыған елдердің озық тәжірибесін алып өз менталитетімізге, өз мүмкіндіктерімізге лайықтап, өз даму жолымызды белгілеп алуымыз қажет. Бұл туралы келесіде арнайы тоқталамыз. Енді жалпы өркениетке келейік.

Өркениет – адамзаттың материалдық, техникалық және рухани-тарихи жетістіктерінің жиынтығы платформасында орын алатын тарихи үдерістің бірлігі. Бұл ұғым өмірдің белгілі бір нысаны мен тәртібі, оның надандыққа қарсы болғаны ежелгі дәуірден белгілі.

Жергілікті тарихи тұрғыда өркениет деп – кеңістік-уақыттық құрылымдармен шектелген сапалық тұрғыда сан алуан бірегей этникалық немесе тарихи ілімдерді атайды, бұл көзқарасқа сәйкес әр халықтың өзінің бірегей өркениеті бар. Мәселен, Хантингтон өркениеттің он шақты түрін атаса, жалпы, ғалымдар 20-дан астам түрін көрсетеді: антикалық, араб, қытай, египет, иран, үнді, сирия, миной, шумер, түрік, хетт, вавилон, анд, мексика, юкатан, майя және т.б.

Әлемдік өркениет дамуында әлемге аты әйгілі тұлғалардың алатын орны ерекше. Осыған байланысты әдебиетте жеке тұлғалардың көнеден бастап, қазіргі заманға дейінгі жіктелімдері бар. Біз олардың жалпыәлемдік өркениетке қосқан үлестерін маңызды жеті басым бағыт бойынша жіктеуге тырыстық.  Осыларға қысқаша көз жіберейік.

1.  Ең алдымен әлемдік діндердің адами өркениеттің дамуына тигізген ықпалын, орасан қызметін айту керек. Бұл тұста Будда, Конфуций, Мұхаммед пайғамбар, Иисус Христос сынды әлемдік діннің басты өкілдеріне жете назар аудару қажет. Әлемнің рухани өкілдері ең алдымен сананы оятатын, оны стереотиптерден босататын идеялар ұсынып, содан кейін ғана физиологиялық денені жетілдіре түсетін технологияларды қолдануды  құптаған, бұл технологияларсыз адамның санасы материалдық әлемде толықтай жүзеге аспайды. Өкінішке қарай, бұл ақиқатты дамыған елдер өкілдері түсінбейді не түсінгісі келмейді. Көбіне олар алдымен баюды ойлайды, содан кейін ғана адамның ақыл-ойы мен рухани дамуына мән береді. Ғасырлар бойы қоғамның, мемлекеттердің дамуы көбінше ақылға емес, нарықтық қатынас пен жеке капиталға бағынса, ал қазір, ХХІ ғасырда адами ақыл күш пен рухқа сенетін уақыт келді. Әлемдік кризистің түп тамыры осында жатыр. Енді ХХІ ғасырда, жаһандану дәуірінде қоғамды ізгілендіру және рухани-тарихи құндылықтарды жандандыру үшін конфессиалдық жүйелерді бірлестіру, халықтар, ұлттар және этностардың әлемдік кооперациясы қажет. Келешекте Құдай біреу болғандықтан, әлемдік діндердің интеграциялануы, қайта жаңғыруы күтілуде. Бұл пәниде жұмақ дегеніміз адам өмірінде көптен бері өзімізді жетілдіру үшін жинап-терген ішкі жан дүниеміз, рухани және материалдық мүмкіндігімізді толық пайдалану деп ойлаймын.

2. Барлық ғылым бағыттары философиядан бастау алатыны рас. Ой мен сананың дамуы әлемдік өркениеттің негізі болып табылады. Осы тұрғыда адамзаттың Будда, Конфуций, Сократ, Платон, Архимед, Аристотель, әл-Фараби, Ибн Сина, Абай және т.с.с. ұлы ойшылдарды айта кеткен жөн. Бүгінде әлемдік философия ғылымы тоқырау сатысында тұр. Қоршаған әлемде орын алып жатқан көптеген жаңа процестер кешегі, бүгінгі және ертеңгі адамзат өркениетін түбегейлі жаңа философиялық тұрғыда түсіндіруге мұқтаж. Қазір әлем экологиялық әлеуетті жүйе ретінде ғаламдық желі, ақпараттық ағындар және желілік экономика, интернет, кванттық есептеулер және т.б. шырмауында.  Дей тұрғанмен «ақпарат» ұғымы әлі күнге шейін философиялық категория ретінде мақұлданбағанын айта кеткен жөн. Философиялық тұрғыда әлемді қазіргі таңда сызықтық емес, диалектикалық заңдар, тірі табиғат пен циклдық дамуды басқару заңдары бойынша өмір сүретін жаһанда өздігінен ұйымдастырылатын жүйе ретінде түсінген жөн. Сондықтан философия іліміне ғылым жүйесін ұйыстыратын орталық ретінде жаңа міндеттер жүктеледі: бірқатар жаңалықтарды қарастыру, гуманитарлық ноосфералық және планеталық өркениеттің жаңа типіне көшу жағдайында көпполярлы әлемнің ғылыми көрінісін ұғынудың жаңа парадигмасын әзірлеу. Адамзаттың жаһандық апатсыз сингулярлық нүктесі арқылы жаңа өркениетке өтуін көздеу керек.

3. Өркениет, табиғат күштерін игерудің айтарлықтай жоғары сатысы ретінде ғылыми және ғылыми-техникалық прогрестің қуатты әлеуетін қамтиды және бұл адамдардың өмір сүру сапасын және өмір сүру деңгейін жақсартуға, олардың  жайлы өмір сүруіне  ықпал ететіні сөзсіз. Бұл тұста Әбу Әли ибн Сина, Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин, Адам Смит, Карл Маркс, Эрнест Резерфорд, Эйнштейн, Галилео Галилей, М.В.Ломоносов, М.Менделеев, А.Вернадский,  Мария Кюри, Т.Эдисон, Н.Тесло, Р.Оппенгеймер және басқалар сынды әлемге аты әйгілі ғалымдарды айта кеткен жөн. Ғылым – екі жүзді семсер. Бәрі де мемлекет қайраткерлері ғылым нәтижелерін қалай қолданатынына байланысты, яғни өркениеттің жойылуы немесе дамуы үшін бе, бұған мысалдар жеткілікті. Ол жаһандық сипатқа ие, сәл жаңылыстың арты тұтастай аймақтың немесе  бүкіл адамзаттың жойылуына әкелуі ғажап емес. Аты әлемге әйгілі бірқатар ғалымдар ғылым дағдарысы туралы айтқанда ғалымдардың ұлы жаңалықтарды ашып қойғанын айтады. Бұл пікірге таласпай-ақ, сонымен бірге біз әлі де жаңа ноосфера өркениетінде өмір сүруіміз керегін ескере отырып, ғалымдар адамзатқа әлі ұлы жаңалықтар ұсынады  деп үміттенеміз. Мұны біз қоғамның табиғатпен өзара әрекеті, нанотехнология, гендік инженерия, ақпараттандыру, ғарыш технологиясы, жасанды интеллект, роботизация, күн және сутегі энергиясы, атомдардың телепорациясы, магнетизм және т.б. сияқты VI-VII технологиялық құрылым өнімдерін өндіру сынды салаларда өркениеттік дамудың жаңа бағыттарынан күтеміз. Ғылым ХХІ ғасырдағы қоршаған әлем өзгерісінің шешуші факторы  қоғамды өзгерте алады. Өкінішке қарай, мұндай мүмкіндікті Қазақстан ғалымдарына бермей жатырмыз.

4. Өркениет белгілерінің бірі – мемлекеттік құрылым мен құқықтың пайда болуы. Мұнда тарих ағымына сан қилы ықпал еткен, империялар, жеке мемлекеттер құрып, реформатор және ұлы мемлекет қайраткерлері болған «пассионарлық» тарихи тұлғалар туралы сөз қозғаған жөн: Цинь Шихуанди, Мао Цзэдун, Дэн Сяопин, Бейбарыс, Шыңғыс хан, Юлий Цезарь, Атилла, Томирис, Александр Македонский, Әмір Темір, Сүлеймен сұлтан, Мұстафа Кемаль Ататүрік, Наполеон, Пётр I, Владимир Ленин, Иосиф Сталин, Адольф Гитлер және басқалар. Бұларды үлгі тұтатындар және теріс үлгілі тұлғалар деп жіктеуге болады.

5. Дүниежүзілік дамудың прогрессивті типтегі құндылықтары жалпыадамзатқа ортақ деп танылады. Бұл – нарықтың, құқықтық-демократиялық мемлекеттің, азаматтық қоғамның, адам құқықтарының даму нәтижесі.  Аталмыш бағыт бойынша мынадай тарихи тұлғалардың қосқан үлесі зор: Джордж Вашингтон, Томас Джефферсон, Авраам Линкольн, Джон Кеннеди, Махатма Ганди, Джавахарал Неру, Кофи Аннан, Патрис Лумумба, Нельсон Мандела және басқалар. Біздегі прогрессившіл хан, билерімізді, зиялыларымызды, Алаш тұлғаларын атап өткен жөн.

Х.Колумб және Джеймс Кук сынды дүниежүзін ашушылар мен теңіз жүзушілерін айрықша айта кету керек. Бергі заманнан ғарышқа ұшып, күллі әлемді дүр сілкіндірген, әлемдегі алғашқы ғарышкер Юрий Гагаринді, біздегі Тоқтар Әубәкіровті мысалға келтіруге болады. Таяу келешектегі жаңа ашылымдар ең алдымен ғарышты, планетааралық кеңістік пен басқа да білім салаларын игеруде күтіледі, адамзат жаңа қаһармандардың, ноосфералық өркениетте планеталарды ашушылардың куәгері болмақ.

Өкінішке қарай, қазіргі билеушілерден, әлем мемлекет басшыларының біреуін жоғарыда аталған көшбасшыларға жатқызу қиынға соғады, ары қарай даму үшін қайшы келетін проблемалар тым көп. Әлемнің турбулентті қозғалыста екенін және ештеңені болжай алмайтынымызды ескерсек, мемлекет басшылары мен қайраткерлерінің рөлі маңызды болып табылады. Мұнда G7 G20, БҰҰ, ЕО сынды дамыған елдердің көшбасшылары мен басқа да халықаралық қоғамдық ұйымдар интеграциясы сенім ісінде, бейбіт келісім мен адамзатты қынжылтатын өткір әлемдік проблемаларды шешуде жөн сілтеулері керек. Бұл тұрғыда әлемдік қауымдастық төніп тұрған климаттық өзгерістерден, катаклизмдерден, апаттардан, соғыстардан және т.б. қалай құтылады? Жер-анамызды өскелең ұрпаққа аман табыстау үшін адамдардың басын біріктіретін, бұрынғыдай адамзаттың даму тарихындағы жаңа көшбасшыларды, өз заманының тұлғаларын айқындауға тиіспіз.

6. Көп жағдайларда мәдениет өркениеттің ажырамас бөлігі болып қарастырылады. Әрине, әлемдік мәдениет қазынасына үлес қосқандардың ұзыннан-ұзақ тізімін келтіруге болады, бірақ біз тек әлемге әйгілі кейбір өкілдермен шектелдік, олар: Моцарт, Марк Твен, Эрнест Хемингуэй, У.Шекспир, Оскар Уайльд, Теодор Драйзер, Л.Толстой, Ч.Чаплин және басқалар. Мәдениеттің ертеңі туралы айтатын болсақ, түрлі мәдениет, ұлт өкілдері жаңа өркениет дәуірінде туындайтын міндеттерді шешу қажеттігін білген. Біздің ойымызша, осы дәуірдің діңгегі – жаңа өркениетке деген рухани-технологиялық серпіліс бола алады. Ең бастысы, жасанды интеллект, адамзаттың роботталуы, яғни барлық жаңа технологиялық өзгерістер адамның өмірі мен өмір мәнінің дәстүрлі көздеріне, әлеуметтік-мәдени жүйені қалыптастыруға зиянын тигізбесе болды. Қазіргі және болашақтағы тарихи құндылықтарды біріктіретін мәдени ренессанс – катализатор бола алады. Ол адамзаттың бірігуге, барлық діндердің, қоғамдық ұйымдар мен басқа да әлемдік қауымдастықтың халықаралық құрылымдарының ынтымақтастығына сүйенетін жаңа ұжымдық және моральдық сана-сезімге қарай жоғарыға ұмтылуына негізделеді.

Адамзат қоғамдық дамудың түрлі сатысын бастан өткерді. Бүгінгі кезең постиндустриалды қоғам типімен сипатталады. Қазіргі заманғы тіршілікті компьютерлік технологиялар мен цифрлық байланыс құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Мұнда жаңа ақпараттық технологиялардың іргесін қалаушылар – Билл Гейтс пен Стив Джобс және т.б. айтпай кетуге болмас. Бастысы, келешек технологиялық өзгерістер, ақпараттық технологиялар ХХІ ғасыр мен кейінгі ғасырлардағы жалпыадами өркениет игіліктерін қалыптастыруға арналған маңызды құрал ғана болса игі. Дегенмен барлығы әлемдегі ең ақылды адамдардың адами факторының саналы өзара іс-қимылына байланысты.

Жалпы, ғылыми-техникалық прогресс ғаламдық ынтымақтастыққа, жалпыпланеталық ақпараттық жүйелерді, байланыс, көлік, сауда-саттықты құруға, елдер арасындағы көне айырмашылықтарды жоюға әкеп соқтырады. ХХ-ХХІ ғғ. жер бетіндегі адамзаттың өмір сүруімен байланысты жаһандық проблемалардың – ядролық соғыс қаупі, экологиялық апаттар, демографиялық проблемалар мен басқаларының туындауы адами өркениеттің бірлігі туралы пікір, сондай-ақ әлемде бірыңғай өркениеттік белбеу қалыптастыру үшін қосымша негіз болады.

Өркениет көбінесе урбанизация, ғылым, техника және технологиямен байланыстырылады. Ғалымдардың баға беруі бойынша, аталмыш бағыттарда ашылған жаңалықтар мен табыстар аз емес, мәселе жекелеген елдер үшін олардың қолжетімділігінде. Десе де, адамның интеллектісі әлі де әлемнің жасырын сырларын ашуға қабілетті. Бәлкім, келесі ашылулар мен «ноу-хау» ғарышпен, ғаламның басқа планеталарымен және т.с.с. байланысты болатын шығар. Осылайша әлемдік өркениет өз дамуының жаңа сатысына, яғни гуманистік ноосфералық және жаңа планеталық өркениет типіне көшуге аяқ басты. Біз, қазақ халқы, ХХІ ғасырдың осы жаңа жүрістерінен қалып қоймай, әсіресе сананы өзгерту, білім, ғылым, мәдениет жағынан кенжелемей, жаңа технологияны да игеруде болайық.



Оразалы СӘБДЕН,

Қазақстан ғалымдар одағының президенті,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,

э.ғ.д., профессор, академик                                                                  

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?