«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі - 30.06.20202783


Республикалық «Жас Алаш» газетінің 26 мамырдағы нөмірінде Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметовтің аймақты басқару тәсілі тілге тиек етілген «Мырзахметовтің ауыр мұрасы» атты мақала жарық көрді. Бұл мақаламен көзіқарақты, көңілі ояу оқырмандар танысып үлгерді деп ойлаймын. Мақала авторын кінәлаудан аулақпын. Осыған орай, өз пікірімді білдіруді жөн көрдім.

     Жалпы, Жамбыл облысын екі жыл басқарған Асқар Исабекұлы облысымыздың 80 жылдығын мерейлі мереке ретінде жоғары деңгейде атап өткенінен бастайын. Мереке қарсаңында Тараз қаласы тотыдай таранып, қызғалдақтай құлпыра түсті. Облыс орталығындағы «Жеңіс» саябағы жаңаша күйге еніп, адам танымастай өзгерді дер едім. Көк базар маңы тарихымыз туралы тереңнен сыр шертетін ашық аспан астындағы музейдей болып, ұлттық құндылықтарымызды көпшілікке кеңінен жайып салды. «Тектұрмас» кешені де қала тұрғындары мен қонақтарының танымдық орталығына айналды. Айта берсек, мұндай игі шаралар аудан орталықтары мен ірі ауылдарда да жалғасын тапты. Ең бастысы, ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайын жақсартуға мемлекет тарапынан миллиардтаған қаржы бөлінуіне ықпал етті. Бұл ретте өңіріміздің өсіп-өркендеуіне, экономикасының күрт дамуына Асқар Мырзахметовтің еңбегі сіңді деп айтуға әбден болады.

     Жалпы, «Жас Алашта» қазіргі әкім Бердібек Сапарбаевтың сырттан тартқан кадрлары жөнінде де жазылуда. Бұл облыс басшысына құлаққағыс ретінде айтылған деп ойлаймын. Әйтпесе әңгіме отырған былғары орындығында емес, былғарыдан тігілетін етікте екені бесенеден белгілі емес пе?!

    Көпшілікке аян, өткен наурыз айындағы Қордай қақтығысынан кейін жергілікті жұрттың тыныс-тіршілігін тереңірек біліп, дау-дамайдың қандай себептен шыққанын анықтау мақсатында мемлекеттік комиссияның төрағасы болып, Жамбыл облысына арнайы іссапармен келген Бердібек Мәшбекұлы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әулиеатаға әкім болып тағайындалды. Осы орайда, бұған дейін төрт облысты, министрлікті басқарып, премьер-министрдің орынбасарлығына дейін көтерілген айтулы азаматтың аймаққа басшы болғанына қуанғандардың қарасы көп болды.

     Жергілікті жұртшылық жаңа әкімнен жаңа талап пен жаңа талғам күтеді. Осы мақсатта аймақ басшысы өткен үш айда облысқа 304 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартқанынан хабардар болып, Бекеңнің бастаған ісіне «Бәрекелді!» деп отырмыз. Бұл айтуға ғана жеңіл нәрсе. Қандай шаруаны қолға алсақ та, қаржыға келіп тіреледі емес пе? Осының нәтижесінде Әулиеатадағы әр салада ілгерілеушілік болатыны анық. Тағы бір айта кетерлігі, Меркі қант зауытына шикізат өткізген облысымыздың шаруа қожалықтарының тиісті қаражаттарын төлеп беруге ықпал еткенін көзіміз көрді.

    Атам қазақ «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» демей ме? Әр нәрсеге сабырмен қарасақ, ұпайымыз түгел, ұтарымыз көп болары белгілі. Ел басқарудың жауапкершілік жүгі ауыр екенін ескеріп, сабырды жанымызға серік етейік дегім келеді. Өйткені «Сабыр түбі – сары алтын» деген бар.

Ахметжан ҚОСАҚОВ,

ардагер журналист,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері

   Төлеби ауылы

Жамбыл облысы 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?