Фотосуреттегі анық Құнанбай емес

Сайт Әкімшілігі - 30.06.20202851

Осыдан бірер күн бұрын (23.06.20) «Жас Алаш» газетінің кезекті санында журналист Сәтжан Қасымжанұлының «Құнанбайдың шынайы фотосы жарты ғасыр менде сақтаулы» деген Қарауыл ауылының тұрғыны Манатай Балтақайұлы ақсақалмен жүргізген, оқырманды бейжай қалдырмаған сұхбат түріндегі мақаласы жарияланған-ды.




Онда ұлы Абайдың аталас туысы, өткендегіден және бүгінгіден түйгені мол Манатай Балтақайұлы ақсақал өзінде сақталып келе жатқан Құнанбай қажы фотосуретінен сыр шертеді. Ақсақалдың айтуынша, оған  суретті 70-жылдары туысы Ахат Шәкәрімұлы сыйлапты. Ол кісі Манатай қартқа «бұл фотосуретті кезінде Омбы архивінен алдым» деген көрінеді. Әрине, биыл туғанына 175 жыл толуы елімізде кең түрде аталып өткелі жатқан ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажының беймәлім суретінің табылуы шын мәнінде ерекше жаңалық дейтіндей жағдай.

Мақаланың бірер жолынан кейін Құнанбай қажының үлкейтілген фотосуретін қолына ұстап, көрсетіп тұрған Манатай ағаның суретіне көзім түсті. Фотосуретке қараған бетте-ақ мен оның Құнанбай қажыға қатысы жоқ екенін көрдім. Себебі осындай фотосуреттің бірін осыдан 10 жылдай бұрын Балтабек деген азамат «Құнанбай қажының суреті» деп, маған алып келген еді. Мен сол кезде оған бұл суретте бейнеленген адамның Құнанбай Өскенбайұлы емесін және онда өз заманының тағы бір айрықша тұлғасы –  Найманхан төре Қамбарұлының бейнеленгенін айттым.

1891 жылы Ресей империясының тақ мұрагері, болашақ патша ІІ Николай мемлекеттің жерімен және тұрғындарымен танысу үшін сапарға шығады. Жоспар бойынша оның Омбыға келуі және Ертіс бойындағы бір қазақ ауылымен танысуы тиіс болған. Омбы жерінде тақ мұрагерін қарсы алуға жарты жыл дайындық жүргізіліпті. Тақ мұрагерімен кездесуге қазақтың ел билеуші игі жақсылары шақырылған. Бүгіндері сол адамдардың бір тобының түскен суретін тамашалауға мүмкіндігіміз бар. Бұл фотосурет туралы кезінде орталық мемлекеттік архивтің қызметкері болған, ел тарихын жақсы білетін марқұм Марат Әбдешев өзінің «Қазақ портретінің тарихы» кітабында мейлінше жан-жақты жазған болатын.

Аталған фотосуретте ел билеушілерінің бесеуі, орталарында Шыңғыс сұлтан Уәлиханұлы бар, алдыңғы қатарда отыр. Ал олардың арттарында төрт адам тұр. Шыңғыс Уәлихановтың оң жағында, ел «осы Құнанбай қажы болар» деп анда-санда айтып қалатын, жас мөлшері 45-50-лер шамасындағы кісі отыр. Бұл адам Жетісу облысынан келген Абылай ханның Әділ деген ұлынан тарайтын Найманхан төре Қамбарұлы болатын.

Кезінде бүгінгідей қажетті ақпарат алатын ғаламтор сияқты және т.б.  мүмкіндіктер болмаған уақытта осы топтық суреттегі адамдардың ішінен Шыңғыс Уәлихановтан басқасы мүлде белгісіз болған-ды. Кейіннен олардың кім екендерін Марат Әбдешев көптеген құжаттармен жұмыс істей отыра (сонда да біразын) нақтылаған. Осылардың көбінің аттары беймәлім кезде Шыңғыс Уәлихановтың сол жағында отырған, жас шамасы 45-50 аралығындағы көрнекті адамды әркімдердің бұл Құнанбай Өскенбайұлы болуы керек дей бастағанын байқаймыз. Тіпті олар бұл жерде жасы 80-ге шыққан Шыңғыс сұлтан мен Құнанбай қажының арасындағы біршама болатын жас айырмашылықтарын да салыстырмаған және қажының 1885 жылы 81 жасында қайтыс болғанын да ескермеген. Марат Ескендірұлының айтуынша, ел топтық суреттегі Найманханды Құнанбай деп ұйғарып алған.

Кейбір зерттеушілер өз кітаптарына осы топтық суреттен бөліп алып, ретушьпен біраз өңдеп, Құнанбайдың жеке суретін жасаған, енгізген. Ал Манатай ақсақал көрсетіп отырған фотосуретті осындай әдіспен бұдан көп ертерек жасалған деп айтуға болады. Үш фотосуретті қатар қойып қараған адам олардың негіздерінің бір екенін көре алады. Топтық суреттегі Найманхан төренің келбетінің ұқсастығынан басқа, сырт киімі мен Құнанбай қажының үстіндегі киімінің де бірдейлігі, әсіресе көмкерілген жиектері көзге бірден түседі. Бір айтатын нәрсе – Найманхан төренің сол жақ көзінің біршама кірбиіп көрінетіні де елді адастырған. Бізге жеткен әңгімелер бойынша, Құнанбай қажының да бір көзінің кезінде зақымданғаны белгілі. Осы фактор Найманхан суретін Құнанбай қажы суреті деуге әкелген сияқты. Қорыта айтқанда, бұл фотосуреттің Құнанбай Өскенбайұлына қатысы жоқ, онда бейнеленген – Найманхан төре Қамбарұлы.

Сол сияқты 1891 жылы Омбыда бір топ адам түсірілген осы фотосуреттің екінші қатарында оң жақта түрегеп тұрған, мойнына асып алған болыс билеушісінің белгісі бар адамның кім екені әлі күнге дейін белгісіз. Елдің біразы осы адамды Шәкәрім қажы дейді. Ал Марат Әбдешев фотодағы осы беймәлім адамның бейнесін Шәкәрім қажының суретімен арнайы мамандарға салыстыртқан. Маман Е.Титикованың айтуы бойынша, кейбір аздаған ұқсастықтардың болуына қарамастан, фотосуреттегі адамның Шәкәрім қажы екенін  дәлелдей алмаған.

Біздің ойымызша, бұл адам – кейіннен ІІ мемлекеттік думаның депутаты болған, тақ мұрагерімен кездесуге Семей облысынан келген Сейтен болысының сол кездегі болыс билеушісі Темірғалы Нүрекенов. Біріншіден, сол кезде 35 жастағы Темірғалы Нүрекенов осы жиынға арнайы шақыртылған. Екіншіден, оның тақ мұрагері ІІ Николайға күмістелген «қаракесек ер-тоқымын» сыйға тартқанын белгілі өлкетанушы Ю.Попов айтады.

Әңгімеге арқау болған Құнанбай қажының өзіне тән суреті табылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Егер мына суреттегі бейнеленген адамды  Құнанбай қажы деп танып, кейіннен ол сол күйінде музейге қойылып, жазылатын кітаптарға еніп кетсе, дұрыс болмайтыны және елді адастыратыны анық.

Мұхтарбек КӘРІМОВ,

Шәкәрім университетінің профессоры,

тарих ғылымының кандидаты

Семей қаласы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?