Жалпылама әңгіме жан ауыртады

Сайт Әкімшілігі - 30.06.20202013

     «Жас Алаш» газетінің сайтында 2020 жылдың 11 маусымында «ТарМУ диплом басып шығарумен айналыса ма?» деген ақпарат жарияланған болатын. Міне, сол мақалада айтылған мәселелерге жауап ретінде аталмыш университеттің ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М.Сарыбеков өз жауабын жолдапты. «Жас Алаш» еркін пікір алаңы болғандықтан, сол жауапты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Заң факультетінің алты оқытушысының тоғыз тармақтан тұратын шағымдарына жауап беруді жөн көрдім.

Шағымның алғашқы бес тармағы заң факультетінің деканы                        З.Абдукаримованың «заңға қайшы әрекеттеріне» байланысты. Осы оқытушылар былтырғы қазан айында маған келіп, З.Абдукаримованың басқару стилі мен адамдарға деген қарым-қатынасына наразылық білдірді. «Сіз Абдукаримованы қызметінен босатыңыз» деген талап қойды. Мен оларға: «Егер деканның жұмысында кемшіліктер болып, заңбұзушылық орын алса, маған жазбаша түрде беріңіздер», – деп ескерттім. Ректордан бөлек, университетте осындай мәселелерді қарайтын құрылымдар (әдептілік кеңесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастыратын комиссия) бар. Өкінішке қарай, бұл оқытушыларымыз маған жазбаша түрде шағымдарын бермеді, мен факультет ұжымымен өткізген жиналысқа да келмеді. Оның орнына оқытушылар Тараз қаласындағы «Комитет по защите гражданских прав» (КЗГП) – «Азаматтық құқықтарды қорғау комитеті» (АҚҚК) деген қоғамдық бірлестікке барып, оқу орнының үстінен шағым түсірген. Әлгі бірлестік түрлі қитұрқы фактілерді осы жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік желілерде жариялай бастады. Бірлестікке бір рет ресми түрде жауап бердім. Осылайша бірлестіктің де әрекетінен түк шықпағаннан кейін заң факультетінің оқытушылары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастап, бірқатар құзырлы органдарға ашық хат жазып отыр. Ашық хат дегеніміз – барлығы жалпылама сөздер: «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген мақсатпен жазылған. Өздерін заңгер деп санайтын адамдар кез келген шағым нақты құжаттармен дәлелденуі қажет екенін түсіну керек.

Заң факультетінің жұмысын кешенді тексеру мақсатымен бүгінде білім және ғылым министрлігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің біріккен комиссиясы жұмыс атқаруда. Тексеріс біткеннен кейін «ненің ақ, ненің қара» екені анықталып, жұртшылыққа жариялайтын боламыз.

Ал үндеудің алтыншы тармағы профессор Б.Тайторинаның қызметіне байланысты. Бұл мәселені бірнеше рет басқа да құзырлы органдар тексерген болатын. Басқа қалада тұрғанымен, Б.Тайторина конкурстан өтіп, профессор-зерттеуші қызметіне қабылданған, яғни аудиториялық сабақтардан босатылып, магистранттарға және докторанттарға жетекшілік жасайды, шетелдік басылымдарда ғылыми еңбектерді жариялаумен шұғылданады, заң саласындағы жетекші университеттермен ғылыми байланыстарды дамытумен айналысады. Профессор-зерттеуші деген лауазым Еңбек кодексіне қайшы келмейді.

Үндеудегі жетінші тармақ бойынша шағымданушылардың ауыр тиген тұсы – ректор ретінде менен ілік таба алмағаннан кейін қызым Салтанат Сарыбековаға тиісті. Олар шағымдарында қызымды «ТарМУ-дың атынан мақсатты докторантураны оқып, алайда қазір университетте жұмыс істемейді» деп көрсетіпті. Бұл енді таза жала жабу. Рас, қызым Еуразия ұлттық университетінің докторантурасын бітірді, диссертациясын қорғап, PhD доктор атағын алып, қазір гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінде заң психологиясы пәні бойынша дәріс береді. Оны оңай тексеруге болады. Осыны біле тұра, қызыма тіл тигізгендерін түсінбедім.

Тағы бір мәселе (сегізінші тармақ) – биыл пайдалануға берілетін жатақхана құрылысына қатысты да маған күйе жақты. Шағымданушылардың сөзіне сүйенсек, мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «ПИКО» ЖШС-мен заңсыз келісімшартқа отырыппын. Сондай-ақ осы серіктестік мен ректор болғалы университеттің барлық жобасын жеңіп алатын көрінеді. Бұл да өтірік. Біріншіден, университет жатақхананы жекеменшік-серіктестік аясында емес, консорциум жасау арқылы 50/50 төлем негізінде салып жатыр. Екіншіден, мен «ПИКО» ЖШС-ін биыл бірінші рет көріп отырмын. Яғни серіктестік мен ректор болғалы университетпен бірінші рет жұмыс істеп отыр. Оны тексере салу да қиын емес. 500 орынға арналған жатақхананы, бұйыртса, желтоқсан айында пайдалануға берсек деп отырмыз. Сондықтан мемлекеттен бір тиын да алмай, бюджеттен тыс қаржыға консорциум жасау арқылы жүргізіліп жатқан құрылысқа қуанудың орнына тырнақ астынан кір іздеп, дәлелсіз жала жапқандары санаға сыймайды.

Бұдан бөлек, (тоғызыншы тармақ) бізде Түрікменстан мемлекетінің 700-ден астам азаматы оқиды. Міне, осы студенттердің оқу төлемақысына қатысты да құбылмалы доллардың курсын есептей отырып, 20-30 пайыздық айырмашылықты, оқу орнының бухгалтериясы артылған ақшаларын қайтармай отыр деп айыптапты. Бірақ мұндай мәселемен бүгінгі күнге дейін бірде-бір студент келген жоқ.

Енді бұл тұста ерекше айта кетерлігі – мемлекет басшысы мен құзырлы мемлекеттік органдарға жазылған жазбаша арызда алты адамның қолы тұрса, қазір екеуі (А.Газаев, Т.Сәткей) бұл құжатқа қол қоймағандары туралы тексеру комиссиясына қолхат берді. Қазір ол бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, арызданушыларға қатысты да шикілік болып тұр.

Қорыта айтсам, осы оқытушылардың үндеуін мен негізсіз жала жабу деп бағалаймын. Сол арқылы 12 мыңға жуық студенті және 2000-нан астам оқытушы мен қызметкерлері бар университеттің абыройы мен жоғары оқу орны басшысының ар-намысын төмендету мақсатымен жасалып отыр».




       



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?