Жатаған үйде жан сақтау қиын

Сайт Әкімшілігі - 30.06.20201964

  Қарағанды қаласы әкімінің назарына!


Қарағандының орталығында  зейнеткер әйел мен мүгедек бауыры өлместің күнін кешуде


Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз.  Алайда мына жағдайды көріп, жатаған үйде тұратын  қазақтың  жүдеу тұрмысын бейнелейтін Бейімбет Майлин  шығармаларындағы  ХІХ ғасыр көріністері қаз-қалпында  көз алдымызға келді. Шаңырағы қақырап ортасына түсуге шақ қалған, едендері жалаңаштанған, терезе  шыныларының күл-паршасы шыққалы тұрған  баспанада тұратын  жандарды көргенде аза бойымыз қаза болды.  Қала орталығындағы  «Михайловка» ықшамауданы Қазақстан көшесіндегі №75 үйді зейнеткер мен оның мүгедек бауыры қалқан қылуда. Тағдыр тауқыметін тартып отырған жандар мемлекетке иек артып, масыл болғысы келмейді. Заң жүзінде  құқықтарын алға тартып, пәтер сұрап кіріптарлық  көрсетпеген.

–       Тозығы жетіп, тоқырап тұрған үйіміз 1948 жылы салынған. Осы үйде тұрып жатқаныма 15 жыл болды. Ол кезде қолда бар қаражатым осындай күйдегі баспана алуға жетті. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, мекенжайымыздың үй деген аты болмаса, кетеуі кеткен сарайдан еш кем емес. Қабырғалары опырылып түсіп жатыр. Терезе жақтауынан күзде суық азынап соғады. Қыста жақтауда  қатпарланған мұз  қатып тұрады. Үй ішіндегі қолқаны қабатын көктің  қолаңса иісінен арыла алмай келеміз. Жаз шықты, шұрық-тесік шатырдан ағатын жаңбыр  суы діңкелетіп  тұр. Даурыққанда қайда барып бас сауғаларымызды білмей дал боламыз, – дейді Зоя Әлиева.

     Қазығы қағылғанына 72 жыл болған баспананы жөндеуге  тұрғындардың қауқары жетпейді. Зоя Алпысбайқызының жасы қазір 66-да. Өзінен бес  жас кіші інісі Аликтің денсаулығы әлсіз. «Он екі мүшеміз сау, бойымыздан күш-қуат сарқылмаса мұндай кіріптар күйге түспес едік», – деп жанарына жас алды.

–       Інім  отбасымен ажырасқан соң,  менің қолыма келді. Ол шахтада кенші болып еңбек етті. Жұмыс барысында   өндірістік жарақат алып, 2-топтағы мүгедектікке шықты. Екеуміздің зейнетақымыз 120 мың теңгеге  жуық. Қаражаттың жартысынан көбін  дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсаймын. Қалған ақшаны там-тұмдап  нан мен шай, қантқа жеткізуге тырысамын. Еттің дәмін татпағалы он жылдың жүзі болды. Өзегіміз талмаса дейміз.

«Өкімет  өлтірмейді» деген кеңес кезіндегі қасаң қағиданы көңілге тоқып өскен  Зоя Алпысбайқызы былтыр үйін жөндеуге қаржы қажеттігін айтып, Қарағанды қалалық әкімдігінен және қалалық мәслихат депутаты Исаевтан көмек сұрап, хат жазған. Ресми өкілдіктен арнайы комиссия барып, үй жағдайымен танысады. «Комиссия шешімінен кейін бюджеттен қаражат бөлуді қарастырамыз» деген тілдей қағазға жазылған жауап келген. Мәселе осы күнге дейін  сөзбұйдаға салынып келеді. Жергілікті шенділерден үмітін үзген Зоя апай  шаһардағы шағын несие беру ұйымының бірінен несие алуды жөн көреді.

–       «Іңкәр» ұйымынан 43 мың теңге несие алдым. Шарт бойынша қаражат  маған үш айға берілді. Ондағы ойым өзгесін қоя тұрып, әуелі  үйдің шатырын жеңіл-желпі жөндеу еді. Бақсам, базар нарқы аспандап кетіпті. Жарытымсыз ақшаның жұғымы ауыз шаюға да жетпейтінін  сезген соң, әйнекті сырлайтын бояу мен аз мөлшерде балшық жасауға қажетті жабдық алдым. Несиені қайтарудың уақыты келгенде тығырыққа тірелдім. Ақыры тәуекелге бел буып, әлгі қаржылық ұйымның басшыларына барып жағдайымды айттым. Ақжүрек жандар екен, қарызымды бүтіндей жауып берді. Мұндағы қайырымды қызметкерлер маған волонтерлердің көмегіне жүгінуді ұсынды.

     Ізінше «Ринна.кз» волонтерлік қозғалысының жетекшісі Ирина Борзаковскаяға хабарластық. Ирина Сергейқызының мәлімдеуінше, көмекке мұқтаж Әлиевтерге қол ұшын созуға бейілдік танытқан жандар әзірге аз,  хабарлама берілген екі күннің ішінде  есепшотқа  12 мың теңге түскенін жеткізді. Пандемия салдары қайырымдылық шараға бөгет жасап тұрғанын жоққа шығаруға болмайды. Бұдан бұрын аталған волонтерлік ұйым  қарағандылық зейнеткер Ивачовтар  отбасының құлауға шақ тұрған баспанасын күрделі жөндеуден өткізуге   3 млн теңге жинап берген-ді.

Бүгінде еліміздегі еріктілер  қозғалысы халықтың шынайы сеніміне кірген. Қазір  қараусыз қалған мүгедектер мен  халықтың ескерусіз  тобының мүддесі мен құқығы құзырлы мекемелер тарапынан іс жүзінде қорғалмайды. Онсыз да жаны жаралы  жандар бұған қашанға дейін шыдамақ?


 Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Қарағанды қаласы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?