“Демографиялық геноцид”. Шыңжаң туралы баяндамада бала тууды жаппай шектеу туралы айтылады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 30.06.2020960

“РЕПРОДУКТИВТІК АВТОНОМИЯҒА ҚОЛ СҰҒУ”

Қытай билігі ұйғыр, қазақ секілді діні ислам этникалық топтардың санын шектеу үшін әйелдерді ұрықсыздандыру процедурасынан өтуге немесе контрацепцияны қолдануға мәжбүрлеп отыр. Кеше жарияланған баяндамада осындай қорытынды жасалған.

Қытай жөніндегі эксперт Адриан Зенз жазған баяндамада Қытайдың бұл саясатын баяу демографиялық “геноцидке” теңеген. Баяндамадан соң Қытайдың әрекетін халықаралық тергеу туралы ұсыныстар мен талаптар айтылды. Ресми Пекин тағылған айыпты “негізсіз” деп атады.

Халықаралық қауымдастық Шыңжаңдағы діні ислам этникалық топтардың миллионнан аса өкілін концентрациялық лагерьге қамағаны үшін Қытай билігін сынап келеді. Ресми Пекин бұл мекемелерді “қайта даярлау және білім беру орталықтары” деп атап, олардың сепаратизммен, терроризммен және экстемизммен күрес үшін құрылғанын айтты.

Ұйғырлар – Шыңжаңдағы ең ірі түркітілді диаспора. Екінші орында – қазақтар. Қытайдың бұл өңірінде қырғыздар, тәжіктер, татарлар және дұнғандар да тұрады.

Шыңжаңдағы ұлты қытай емес топтардың көбею қабілетін жүйелі түрде шектеп отырғанын анықтаған Зенз баяндамасын мемлекеттік құжаттарға, аймақтың статистикасына және сұхбаттарға сүйене отырып жасаған.

“2016 жылдың соңында басталған жойқын басып-жаншу Шыңжаңды айдаһар полиция мемлекетіне айналдырғалы бері, куәгерлер мемлекеттің репродуктивтік автономияға жаппай қол сұғып отырғанын айтып келеді” делінген баяндамада.

Баяндамада биліктің ұйғырлар мен өзге этникалық топтардың әйелдерін бала тууды бақылау саясатын бұзғаны үшін күштеп көшірумен немесе саяси лагерьлерге жіберумен қорқытып отырғаны айтылады.

Билік бала туу квотасынан асып кеткен жағдайда жүктілікті тоқтатудан бас тартуды жаза қолдануға негіз ретінде қарап отыр.

Зенз баяндамасында сондай-ақ әйелдерді ұрықтандыру отасын жасатуға мәжбүрлеп отырғаны немесе оларға инъекция жасалатыны айтылады. Осының салдарынан әйелдердің айлық циклі тоқтап, жыныстық мүшеден қан ағу байқалған. Мұның бәрі жүктілікке қарсы шаралардың қолданылғанын көрсетеді.

Үкімет құжаттарына сәйкес, билік ауылдық жерлердегі әйелдерді гинекологиялық тексерістен жиі өтуге және жүктілік тестін жиі қолдануға мәжбүрлеп отыр.

“ХАНЬДЫҚТАРДЫҢ ҚОНЫСТАНУ КОЛОНИАЛИЗМІ”

Үкімет мәліметтерінің сараптамасы Шыңжаңдағы демографиялық өсімнің едәуір баяулағанын көрсетеді. 2015-2018 жылдары ең ірі екі ұйғыр префектурасында бала туу көрсеткіші 84 пайызға азайған. Көрсеткіштің төмендеуі 2019 жылы да байқалған.

Үкімет деректеріне сәйкес, Шыңжаңның оңтүстігінде әйелдерді жаппай ұрықсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл шара көбіне екі немесе үш баласы бар ұйғыр әйелдеріне қарсы қолданылып жатыр.

Баяндамада биліктің төрт ауылдық префектурада бала туу жасындағы әйелдердің 20 пайызын ұрықсыздандыруды немесе оларға мәжбүрлі түрде жүктілікке қарсы спираль орнатуды жоспарлап отырғаны айтылады.

Жүктілікке қарсы жұмыстардың қаншалықты белсенді жүріп жатқанынан мынадан көруге болады. 2018 жылы Қытайдағы жүктілікке қарсы спираль орнатудың 80 пайызы Шыңжаңның үлесінде болған. Шыңжаңдықтар ел халқының бар болғаны 1,8 пайызын құрайды.

Осыған дейін Қытай коммунистік партиясының этникалық ханьдықтарды түркітілдес этникалық топтардың әйелдеріне үйленуге шақырған. Сондай-ақ билік Шыңжаңның этникалық құрамын өзгерту үшін аймаққа көшіп келген ханьдықтарға жұмыс, жер және экономикалық субсидиялар беріп отыр.

Баяндама авторы Қытай билігін “ханьдықтардың қоныстану колониализмін” жүргізіп отыр деп айыптаған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?