«Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат»

Сайт Әкімшілігі - 30.06.20202699

   Дәрігерлер шынымен бәрін бақылап отыр ма?

Қазір әлемді дендеп жатқан қытайвирусы қазақ қоғамын да  әрі-сәрі күйге түсіріп, елдің дегбірін қашыруда.  Індетке қатысты әлемдік денсаулық сақтау ұйымының да болжамдары мен зерттеулері көңілді аса көншітіп тұрған жоқ. Мәселен,  жуырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус ең тез таралатын елдердің қатарына Қазақстанды да қосты. Аталмыш ұйымның есебінше, бұл тізімге  Армения, Швеция, Молдавия, Солтүстік Македония, Әзірбайжан, Қазақстан, Албания, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Украина мен Косово кіріп отыр. Бұдан бөлек,  әлемдік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды дәрі-дәрмегі ең қымбат елдердің қатарына да қосты.

      Аталмыш халықаралық ұйымның мәлі­метін­ше, біздің елдегі дәрі-дәрмек бағамы Ар­мения, Молдова, Украина, Беларусь, Қырғыз және Ресей елдеріндегіден де аспандап тұр. Мысалы, Армения өзінің халқын дертінен жазып алу үшін сатылымға түсетін дәрі-дәрмегіне 7,1 пайыз ғана үстеме қосса, Украинада бұл көр­сеткіш – 5,5, Ресейде – 7,5, Қыр­­ғыз елінде 6,2 пайызды құ­рай­ды. Ал бізде са­ты­лымға түсетін дәрі баға­мы­на қосар үстеме баға 20-30 пайызға дейін жетіп үлгерген. Мұ­ны ес­керген сала ма­мандары елдегі дәрі-дәр­мек ба­ғамына  дереу мем­лекеттік бақылау енгізу керегін алға тар­туда. Ендеше, тақырыпты тарқатып көрелік.

                                  Шектік баға белгіленгені жөн
    Жалпы, дәрі-дәрмек бағасының қымбат­тығы, қажет­ті емін алу үшін қайсыбір дәрілерге әлеуметтік жағдайы төмен таптың қолы жете бермейтіні, тіптен тегін берілуі тиіс дәрі­лер­дің саудаға түсіп кететіні айтудай-ақ айтылып жүр. Десе де, тиісті орындар осы уақытқа дейін дәрі бағамына шектік баға белгілеу жайына аса мән бере қоймады. Ал бұл сала өкілдерінің айтуынша, тиісті реттеу­сіз дәрі-дәрмекті нарыққа шығару өте қиын. Қазіргі жағдайды сәтті пайдаланып, еліміздегі фармацевтикалық компа­ния­лар мен дәріханалар дәрі-дәрмектің баға­сын есе­леп көтеруде. Бұл әрекет импорт препараттарын өн­діру­ші бағасынан үш-төрт есеге қымбат болуына әкеп со­ғуда. Бір дәрі сатылғанға дейін орташа алған­да 5-10 делдалдың қолынан өтуі ықтимал. Бір бұл емес, қаншама дәрінің бағамы саты­лым­ға түскенде еселеп өсіп шыға келеді. Сондықтан дәрі-дәрмек бағасын реттеуді мемлекет өз қолына алған жөн.

Бұған қатысты «Аналитик» талдау-зерттеу орталығының маманы Надежда РОКИНА былай дейді:
– Жеке құрылым болғандықтан, пре­парат­тарға біреуі – 10, енді бірі 20-30 пайыз үстемеақы қосып жібереді. Оларға бұл тұрғыда ештеңе айта алмайсыз. Қандай да бір шара қолдану үшін Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске түзетулер енгіз­геніміз жөн. Сол арқылы дәрілерге мем­ле­кеттік реттеу орнату керек. Әсіресе мемле­кеттен тегін берілетін дәрілерге бақылауды күшейткен абзал. Мысалы, үкімет тегін берілуі тиіс дәрілермен халықты қамту үшін қаншама қаржы жұм­сайды. Әттеген-айы – сол тегін дә­рілер­дің өзі кейде сатылымға шығып кете­тін жайттар жиі кездеседі. Бұл салада түйіні көп мәселелер жетіп-артылады. Сондықтан мұны үкімет мемлекеттік тұрғыда реттеу қажет.

              «Маска жоқта тігіп кидік, дәрі жоқ болса не істейміз?»

       Мемлекеттік реттеу дегеннен шығады, қазір пандемия кезеңі. Індет жұқтырған елдің қарасы көп. Індеттің алдын алу үшін вирусқа қарсы дәрілерді қазір ауырғаны бар,  ауырмағаны бар – халық жаппай сатып алуда. Соның салдарынан елдің көбі «қарапайым ғана ыстық түсіретін парацетомол дәрісін таппай қалдық» деп шағымдануда. Мұны жазып, әлеуметтік желіде тиісті саланың шаңын қағып, сынап, сілкілеп жатқандар да жетерлік. Ал біздің билік қандай көзілдірік киіп алғанын қайдам, мұндай шағымдарға қатысты «барлығы бақылауда, дәрі-дәрмек жеткілікті» деп есеп беруден танбайды.

      Бұл ретте Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғыны Ержан ҚАСЫМБЕК:

   – «Барлығы бақылауда» деп есеп береді. Бірақ осы жағдайға енгелі бері халық өз жарасын өзі емдеп жазуда. Сенсеңіздер, қарапайым парацетомол мен аспириннің өзі қат. Маска жоқ кезде қолдан тігіп кидік. Ал дәрі жоқ кезде не істейміз? Дәрі бағасы қатты өсіп кеткен. Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат. Нақ осының кебін киіп отырмыз, – дейді.

    Расымен де, «Жас Алашқа» дәрінің қымбаттығын, тапшылығын айтып, шағымданған адам көп. Мысалы, Алматы қаласының тұрғыны, ІІ топтағы мүгедек баласын бағып отырған Гүлмария Мамиханованың айтуынша, оларға бұған дейін де үкіметтен көмек шамалы болған, енді тіптен жандарын шүберекке түйе бастапты.

   – Мүгедектігі үшін берілетін 50 мың теңге  жәрдемақы аламыз, ол дәрісіне де жетпейді. Баламның ұстамасын жеңілдететін дәрілер соңғы екі айда 30-40 пайызға қымбаттап кетті және ол дәрілерді табудың машақаты көбейді. Менде көптің көмегімен, елден жылу жинау арқылы алып отырған сол дәрілердің өзіне зар болып қаламыз ба деген қорқыныш басым. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі жедел түрде осы жайттарды ескерсе деймін, – дейді Гүлмария Мамиханова.

  

                                Жалған дәрілер де жапа шектіріп жүр
     Абзалында, дәрі-дәрмек жайын сөз ет­кенде жалған дәрілер мәселесі де назардан тыс қал­мауы керек. Бұл жайында мамандарымыз «елімізге елеусіз еніп кететін жалған дәрі­лер­ден түсетін табыс көзі есірткі айналы­мы­нан түсетін пайдадан да асып түседі» деген деректерді алға тартты. Мысалы, ресми деректерге жүгінсек, әлем бойынша 1,5 млн адам осы жалған дәрінің салдарынан көз жұ­мады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жалған дәрі­лер­дің 47 пайызын антибиотиктер құраса, 18 пайызын психотроптық заттар құрайды, ал қал­ған 35 пайызы қолданыста көп пайда­ла­нылатын, халық сұраны­сына ие өнім­дерге тиесілі. Мамандарымыз бұған қа­тыс­ты  алдағы уақытта сырттан келетін дәрі-дәрмек атау­лы­ға кедендік бақылауды күшейтуді жөн санайды.

     Бұған қатысты химик-ғалым Қорлан Абсалықованың айтуынша,  жалған дәрі индус­триясы гормондық дәрілерді, белсенді биологиялық қоспалар­ды да шарпыған. Сондай-ақ по­ли­вита­миндердің құрамында 15 дәрумен және басқа да мине­рал­ды заттар бар деп көр­сеті­­леді. Өкініштісі, мұның басым бөлігі зерт­ханалық тексеру барысында химикат­тар болып шығады екен.

   – Мұндай көпкомпо­нент­ті препарат адам ағзасына оңай сіңе қой­майды. Жалған дәрі бизнесімен айна­лысу­шылар көбінесе брендтік дәрілерді жасауды жөн көреді. Зерттеулер көрсет­кен­дей, жалған дәрілер құрамының 20 пайызы ғана дәрілік сәйкес элементтерден тұрса, қалғаны бор, әк ұнтағы секілді зат­тар­дан жасалатыны анықталған жайттар да кездескен-ді. Өз басым халықтың денсау­лығы­мен ойнап, осылайша қылмысқа жол беріп жүргендерге жазаны күшейту керек деп ойлаймын, – дейді маман.
  

                           Жұрт кімге, неге сенерін білмей қалды

     Ақиқатын айту керек, қазіргі жағдайда жұрт кімге, неге сенерін білмей қалды. Бірі министрдің аузын бақса, енді бірі «бұл – саясат» деп, қолын бір сілтеді. Ал медицинаға сенбеген қайсыбірі бақсы-балгер аралап, солардың көмегіне жүгінді.  Халықтың санасын «ауруханаға барсаң, коронавиурс деп статистикаға  қоса салады» деген қорқыныш меңдеп алды. Мұны ескерген сарапшылар нақ қазіргі жағдайда өзін-өзі емдеушілердің республика бойынша артып кеткенін айтып дабыл қағуда. Елдің бұрын да бұл салаға сенгенінен сенбегені көп еді. Қазіргі жағдай халықтың күдігін тіпті қоюлатып жіберді.

      Ендігі кезекте мамандар денсаулық саласын басқаруға жаңадан келіп жатқан министр Алексей Цой шұғыл түрде осы келеңсіздіктерді  ескеріп, айтылған ұсыныстарға мән берсе дейді. Ол үшін,  біріншіден, ірі қалаларда қап­тап кеткен дәріханалардың санын шектеуге назар аударуған жөн. Екіншіден,  ше­кара асып келген дәрілерді жан-жақты тал­дай­тын, зерттейтін веб-зертханалар ашу қажет. Үшіншіден, жал­ған дәрілік заттарды тарат­қандарға қылмыстық жауапкершілікті қатайту керек. Бұл ретте сапасыз, жал­ған дәріні сатылымға шығарған компа­нияларға Францияда, АҚШ-та 2 млн дол­лар көлемінде айыппұл салынса, Ұлыбританияның қылмыстық атқару жүйе­сі жазықтыларды дереу бас бостан­дығынан айыруға дейін барады.

Міне, мамандардың пайымынша, дәрі-дәрмектің 90 пайызын шеттен алатын Қазақстанға осыны мықтап ескерген жөн. «Абзалында, қазіргі жағдайда «барлығы бақылауда» деп, арқаны кеңге сала бермей, ақиқатты ашып айтып, жоқты жоқ, болмасты болмайды деп айта білу де халыққа жанашырлық» дейді мамандар.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?