Цой деген кім? Біртанов неге кетті?

Сайт Әкімшілігі - 30.06.20204513

Денсаулық сақтау министрінің аяқастынан отставкаға кетуі көптеген қауесет тудыруда


 Өткен аптада денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметінен кетті. Рас, коронавирус дағдарысы кезінде министрдің өзі коронавирус жұқтырды. Жалпы, денсаулық сақтау министрлігі жұмысының мүлдем тиімсіз болғанын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Біртанов мықты дәрігер шығар, бірақ қазіргідей, бұрын-соңды болмаған жағдайда індеттің бетін қайтаруға қауқарсыз екенін көрсетті.

Ең алдымен министр Біртанов орталық пен облыстағы департаменттер арасындағы өзара келісілген ортақ іс-әрекеттер шарасын үйлестіре алмады. Коронавирус қарапайым қазақтарды қойып, парламенттің екі палатасы мен үкіметке дейін жетті, жоғарғы билік эшелонында тіпті «жаппай өзін-өзі оқшаулау науқаны» басталып кетті.

     Кезінде Біртановты министр етуге сол кездегі премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ықпал еткен деседі, өйткені екеуі де Жамбыл облысының тумасы, ошақты руынан тарайды. Біртановтың министр креслосынан кетуі көпшілік үшін күтпеген жаңалық болды. Соның әсері шығар, қазір бұл жаңалыққа байланысты көптеген қауесет тарап жатыр. Біреулер жұқтырған коронавирусы ауыр формадағы кесел боп шығып, COVID-19 шынымен де Біртановтың түбіне жететін түрі бар дейді. Енді біреулер коронавирусқа тап болған биліктің жоғарғы эшелонындағы лауазым иелері кінәлі адамды іздегендей, әрекет ретінде бұған тікелей кет деген болуы керек дейді.

     Рас, экс-министріміз коронавируспен ауырып қалып, қазір емделіп жатыр. Бірақ оның қазіргі жағдайы «орташа деңгейде» деп бағаланады: министрдің лауазымынан жылдам айырылып қалуы оның тікелей денсаулық жағдайына байланысты деуге болмас. Шындығында, Біртанов пен оның министрлігіне тым үлкен салмақ түсіп кетті. Бұл министрлікте коронавирустан басқа да қиын проблемалар жетіп-артылады.

     Ұзынқұлақтан жетіп жатқан кей ақпарат бойынша, экс-министр Біртанов өзінің имиджі мен абыройына қатты алаңдап, өзіне қатысты сын-пікірлерден мадақтау басым болу үшін пиармен айналысатын «Success K» компаниясының көмегіне жүгініп, әлгілерге 2 миллион долларға жуық ақша бөлген көрінеді. Журналистер анықтағандай, аталған компания «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» мемлекеттік бағдарламасының пиарына бөлінген тендерді жеңіп алған. Бірақ ол мемлекеттік қаражат емес, қайтарымы бар Дүниежүзілік банк бюджетінен бөлінген қаражат екен. Сонда да «Success K» компаниясының басшылары Ләззат Көккөзова мен Ерлан Асқарбеков дегендердің қалтасына кеткен-мыс. Ол аздай, компанияның мемлекеттік қаражатты да меншіктеп үлгергені туралы да айтылады. Ендеше, жақын арада «Success K» компаниясының тірлігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айналысуы бек мүмкін.

   Шынында да, Біртанов-министрдің тұсында денсаулық сақтау министрлігінің бірнеше брифингі әдеттегідей мемлекеттік шенеуніктердің баспасөз жиыны өтетін орталық коммуникациялар қызметінде емес, «Success K» компаниясының студиясында өткен. Бұл да кезінде журналистер тарапынан сұрақтар туындатқан, министрлік осы пиар-агенттікке қанша ақша төлеп жатыр дегендей.
Коронавирус жағадан алғанда, осындай дау-дамайлар етектен тартып, Біртанов тіпті әкім Көлгінов пен Шөкеев, министрлер Тұрғымбаев пен Аймағамбетовтермен сөзге келіп қалған деседі. Эмоционалдық салмақты көтере алмаған министр өз қарамағындыларға дауыс көтеріп, басшыларына сөз қайтаратын күйге түссе керек. Өңірлердегі департаменттердің орталықтан келетін нұсқауларды орындамай қоюының бір себебін осымен байланыстырады. Рас, министр алай дегенде, вице-министрлер былай деп жатты, бас санитарлық дәрігер мен облыстардағы денсаулық сақтау басқармаларының жетекшілері тіпті басқаша сайрап жатты, бұл жерде нақты нұсқаулықтардың қайсысына сенерін білмеген халық дал болды.

      Бірақ енді өз еркімен кетіп қалған Біртановқа ешкім тиіспейді деген жорамал жүр. Ел басшылығының пікірінше, экс-министр Біртанов күрделі кезеңде бар соққыны өзіне алып, бір жағынан, коронавируспен алысып, екінші жағынан, денсаулық сақтау туралы кодексті әзірлеуге барынша атсалысты. Сол үшін оны кешіреді.
Шыны керек, Елжан Біртанов министрлікте тіпті өз командасын қалыптастырып та үлгерген жоқ: оның тұсында министрліктің беделіне келтірілген нұқсанға оның қолынан түк келмейтін орынбасарларын да кінәлауға болады. Орынбасарларын күшейту үшін алдымен вице-министр болып Алексей Цой тағайындалды, бірақ үш күннен кейін Цой Біртановтың  орнын басты.

    Алексей Цой – ҚР Президенті іс басқармасына қарайтын емхананы басқарған, Ақорданың сеніміне ие болған тәжірибелі басшы. Коронавирус дағдарысынан қалай құтыламыз деген мәселеге өзіндік көзқарасы бар маман дейді. Бірақ тура Цойдың тағайындалуы алдында президент Тоқаевтың лауазымды қызметтерге қазақ тілін жетік меңгерген мамандар ғана тағайындалуы тиіс деген сұхбаты шығып қойып, Цойға қарсы қазір шабуыл үдеп жатыр. Президентті жаманатты қылмау үшін Цой да жанталасып Абай өлеңдерін жаттап, мемлекеттік тілді меңгеруге кіріскен сыңайлы. Бірақ қазақшаға судай Біртановты бұл қасиеті құтқара алмағанын ұмытпау керек.


«Жас Алаштан» анықтама

     Алексей Владимирович Цой 1977 жылы 2 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Sells College (Лондон), Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының корпоративтік басқару жоғары мектебін тәмамдаған.

      Стэнфорд университетінде (АҚШ), Сингапур, Мәскеу, Германия, Ұлыбритания және т.б. елдерде тағылымдамадан өткен. Іскерлік әкімшілендіру докторы, медицина ғылымының кандидаты. Хирург-эндоскопист болып жұмыс істеген, Қалпына келтіру хирургиясы және трансплантология орталығының аға ғылыми қызметкері, Ұлттық ғылыми медицина орталығының ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері, «Еуроазиаттық респираторлық қоғам» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, ҚР Президенті іс басқармасының заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығының директоры, ҚР Президенті іс басқармасының медициналық орталығының басшысы, Астана қаласы №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, денсаулық сақтау вице-министрі қызметтерін атқарған. 

     2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының медициналық орталығын басқарды, 22 маусымда денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Әділ АНЫҚБАЙ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?