Қазақстан КВИ жұқтырғандарды симптомы бар-жоқ деп екі санақ жүргізуді тоқтатты

Дерек көзі: www.azattyq.org - 01.07.2020485

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандарды симптомы бар-жоқ деп екі бөлек санау әдісінен бас тартып, статистиканы біріктіріп жариялауға көшті. Екі санақ жүргізу 3 маусымда басталған.

Билік вирус жұқтырғандарды ауру белгісінің бар-жоғына қарай “ауырғандар” және “тасымалдаушылар” деп екі санақ жүргізген. Бірақ COVID-19 ауруына шалдыққандардың негізгі статистикасына тек “ауырғандарды” қосып отырды. Вирустың әлем бойынша тарауын зерттеп отырған ұйымдар мен институттар Қазақстанның ресми дерегіне сүйеніп, “ауырғандардың” санын вирус жұқтырғандардың жалпы саны ретінде көрсетіп отырды.

Кей сарапшылар Қазақстан билігі мұны коронавирустың тарауын жағымды етіп көрсету үшін жасап отыр деген пікір айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі ауру белгісі барлар мен жоқтарды бөлек санау “халықаралық тәжірибе” деп сипаттаған болатын. Азаттық министрлікке бірнеше рет сауал жолдап, мұндай тәжірибе қай елдерде қолданылатынын сұрады. Министрлік атынан пікір берген Қазақстанның бас инфекционисі Динагүл Баешева "симптомы жоқтарды статистикаға қоспау әлемнің көп елінде, соның ішінде Швеция, Беларусь, Италияда бар" деп айтқан болатын. Азаттық Швеция мен Италияның денсаулық сақтау министрлігіне хабарласып, инфекционист сөзінің рас-өтірігін сұрады. Екі ел де вирус жұқтырғандарды симптомы бар-жоқ деп бөлмей есептейтінін мәлімдеді.

Ал Беларусь денсаулық сақтау министрлігінен Баешеваның айтқанына қатысты қандай да бір пікір алу мүмкін болмады. Кейбір сарапшылар коронавирусқа байланысты карантин жарияламаған, шекарасын жаппаған Беларусьтегі коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар санына қатысты көп күдік келтіреді.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі дерегінше, 30 маусым күні елде 1604 адамнан коронавирус анықталды. Бір тәулікте 550 адам жазылып шықты. Қайтыс болғандардың саны әлі айтылмады. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 41 055.

Әлем елдерін вирус жұқтырған адамдардың санына қарай нөмірлеп отырған worldometers.info сайты Қазақстан дерегін әлі жаңартпады. Қазіргі дерек Қазақстанның осыған дейінгі әдісі бойынша саналған статистиканы көрсетіп тұр. Ол бойынша Қазақстан әлем елдері арасында 51-орында. Жаңа мәлімет бойынша, республика 37-орынға шығады.

18 маусымда денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева коронавирустан қайтыс болғандар тізіміне кірмеген 54 өлім тіркелгенін айтқан. Оның айтуынша, бұл науқастар коронавирус жұқтырғанмен "инфаркт, инсульт, онкологиялық аурулар секілді өзге негізгі дерттерден қайтыс болған". Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдеріне коронавирус жұқтырған марқұмдарды (жазатайым оқиғадан және инфарктен қайтқандардан басқасын) ресми статистикаға қосуды ұсынған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?