Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі - 02.07.20201943


Дәл қазір Қазақстанда COVID-19 пандемиясы өршіп тұрған кезінде той тойлап жүрген қазекем мәселені одан сайын ушықтырып тұр. Үш жарым айдың ішінде індет 188 адамның өмірін жалмады. Санитарлық нормаларды сақтау қажеттігі, басқосулар ұйымдастыру адам өміріне қауіпті екендігі қанша айтылғанымен, оған құлақ асқысы келмей жүргендердікі жауапкершіліксіздік па дерсің... Бірақ халық та карантинде үйде отырудан, шектеулерден жалықты, оның үстіне жан бағып, күнкөріс амалын жасау қажет. Ал жылы «креслода» отырып, ай сайын алаңсыз 300-500 мың теңгеден жоғары жалақысын алып отырған билік өкілдері халыққа еш қиындықсыз, кедергісіз медициналық көмек алуына жағдай туғызбай несін ойлады?

Тап қазір COVID-19 пандемиясының ушығуына байланысты отандық медицинаның, биліктегілердің дер кезінде қоғамдағы меселені шеше алмауы халықтың ашу-ызасын туғызып тұр. Қазір еліміздің әр түкпірінде ата-анасын ауруханаға жатқыза алмай, туыс-туғанына дәрі-дәрмек таппай сабылып, жаны қиналғаннан зар еңіреп жүргендер көп. Адамның жаны өмір мен өлім арасында арпалысып жатқанда, еліміздегі ауруханалар науқастарды қабылдаудан бас тартып отыр. Қаншама адам демікпенің салдарынан дем ала алмай, оттегі жетпей, өкпені жасанды жолмен желдету (ИВЛ) жасата алмай, ұзын сонар кезекке толған дәріханалардан еміне шипа болар дәрісін таппай қиналуда. Әлеуметтік желілерде Рамазанова Әлия Жексембайқызы 19 маусымнан бері анасының демікпемен ауырып, дене қызуынан бас көтере алмай, тынысы тарылып, дем жетпей жатқанын айтып жылап отыр. Дәріханаларда сатып аларға дәрі жоқ, тіпті, қарапайым парацетамолдың өзі тапшы боп тұр. Денсаулық саласында 23 жылдан бері еңбек етіп жүрген жоғары категориялы эндоскопист ддәрігер Айгүл Кеңесқызы Шәріпова: «Провизорлық стационарлардан күнде хабарлама аламын. Оттегі жетіспейді, қандағы оттегі мөлшерін өлшейтін пульсоксиметр жетпейді, дене қызуын алыстан өлшейтін термометр жеткіліксіз. Стационарда жатқан науқас балалар оттегі жұта алмай қиналып жатыр» деп егіліп жылайды. Амалы құрыған дәрігер қара халыққа алақан жайып отыр, #дорисуйлиниюжизни деген акцияны бастауға мәжбүр екенін айтып, жалпы қазақ халқына соған қатысуға үндеу жолдайды. Сол сияқты қазір Қазақстанда 41055 адам індеттің зардабын тартып отыр. Сонда жыл басынан бері індетпен күресуге, қоғамда дүрбелең туғызбай дер кезінде халыққа қажетті медициналық қызмет көрсетуге деп бөлінген қыруар қаржы қайда кетті? Оның есебін кім береді? 2017 жылдан бері алғашқы жарналар аударыла бастаған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықты неге сапалы медицинамен қамтамасыз ете алмай жүр?

         Мәселен, қаңтар айында үкіметтік резервтен бірінші траншпен 1 млрд 609 млн теңге бөлінді, ақпанда қосымша 428 млн 227 мың теңге, наурыз айында 21 млрд 430 млн 635 мың теңге ковидпен күреске аударылды. Экс министр Дәурен Абаев бұл қаражаттар дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен зертханалық құрал-жабдықтар: маскалар, перчаткалар, қорғаныш киімдер мен тест-жүйелерін алуға кетті деген. Бірақ вирус енді ғана дендеп келе жатқан кездің өзінде халыққа дәл осы маскалар жетпей, дегбірі қашқан жоқ па еді?! Төтенше жағдайға байланысты жұмысынан айырылған жұрт ПТР-тесттің өзін 20 мыңға жасатуға мәжбүр болды емес пе?! Мұны қалай түсінуге болады?!

         Ал Америка Құрама Штаттарының Үкіметі АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанда COVID-19 пандемиясына төтеп беруіне төтенше көмек көрсету мақсатымен жаңа қаржыландыру ретінде бөлген 128 млрд теңге ($3,11 млн) қайда? Оның үстіне, Оңтүстік Корея коронавирустық инфекциямен күрес мақсатында Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасына мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне гуманитарлық көмектің жалпы құны 45 мың АҚШ долларын құрайтын 1125 ПТР тестілер, қорғаныс костюмдерін тапсырды. Сөйте тұра, дәл осы мегаполис жұрты қазір медкөмек ала алмай дал. Ары қарай есептейік, 2020 жылғы 17 наурыз бен 12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ-пен қатар, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-ден де гуманитарлық көмек жетті. Польшадан «Wipasz» поляк компаниясының көп мәрте қолданылатын медициналық 100 мың дана маскасы жеткізілді. Польшаның князь Любомирский қоры қашықтан оқитын Қазақстан оқушыларына сый ретінде компьютерлеріне (ноутбуктер) дейін жіберді. Одан қалды, экс-президент Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорға меценаттар мен ірі бизнесмендерден 41 млн АҚШ долларынан артық ақша түсті. Тимур Құлыбаев – 10 млн доллар, Айдын Рахымбаев – 2 млн доллар, Кеңес Рақышев – 1 млн доллар, Ғалымжан Есенов – 2 млн долла, Рашид Сарсенов – 2 млн доллар, Александр Клебанов – 2 млн доллар, Александр Белович – 2 млн долларын қорға салған болатын. Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қорынан 150 миллион теңге Алматы облысының әкімдігіне жолданды. Болат Өтемұратовтың қоры COVID-19 вирусын анықтау үшін экспресс-тесттерге деп елорда мен Алматы қаласына 200 млн теңге бөлді. Осы екі қалада коронавирусты анықтау үшін ПТР скрининг жасауға арналған модульді зертханалық кешен жасатты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында коронавирус індетімен күресу үшін мемлекет 6 трлн теңге ($13 млдр) жұмсағанын айтқан. Сонда бұл ақшаның бәрі айналдырған 18 жарым миллион халықтың игілігіне жарамағанда қайда кетіп жатыр?Адамдар қазір қайыр болмағасын өзін өзі емдеуге кірісіп кетті.  

         Сонда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті атқарушы биліктер, әр өңірдегі денсаулық сақтау басқармалары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, мемлекеттік комиссия қомақты қаражатты қалай реттеген? Себебі 6 триллион деген 6 миллион не, 6 миллиард емес. Президенттің өзі: «Мемлекеттік басқару жүйесінің орталық және жергілікті органдары Төтенше жағдай режимі тоқтағаннан кейінгі кезеңде тиімді жұмыс істеуге дайын болмағанын атап өту қажет. Ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелген міндетті атқаруға шамасы жетпеді. Мұны ашық мойындау керек» деген болатын. Шынтуайтына келгенде, халық билік өкілдеріне сенуден қалды. Билікке, меморгандарға келетіндердің біліктілігіне емес, трайбализмнің бірінші орынға шығып кетуінің де салдары осы жағдайға әкеп тіреп отыр ма дейсің. 

        

Ал жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі А. Цой кеше көпшілігі үркіп қалған карантин сөзін жаңа «локдаунмен» алмастырып, карантин жариялаудың сценарийін ұсынып отыр. Өйтпесек, тамыз айында науқастар саны одан ары асып кетуі мүмкін деп болжайды. Ал оның бұл ұсынысын қолдауға қарапайым халық қаншалықты қауқарлы? Онсызда бұған дейінгі төтенше жағдай кезінде қаражаттан қысылып, мемлекеттің алалап берген 42500 теңгесіне мұқтаж болған адамдар ендігі «локдаунды» қалай шыдамақ? Ендеше А. Цой мырзаның алдында әлі үлкен жұмыстар күтіп тұр.


Әлеуметтік желідегі пікірлер:

Бизнесмен Қайрат Құдайберген

«Денсаулық сақтау министрлігіне сұрағым көп. Министрліктің аналитикасы қайда, қорлар қайда, ең қажеті дәрілерге деген келісімшартар (контракты) қайда? Мұның бәрі болатыны о бастан-ақ белгілі болды емес пе, соны білдіңдер ғой! Жұмыстарыңның нәтижесі қане? Түн демей, күн демей 24/7 уақыт бойы қара терге түскен кейбір өңірлердегі дәрігерлерге сыйақыларын да бермей отырып, оларды тап қазір жұмыс істеуге қалай ынталандырмақшысыңдар? Білесіңдер ме мұны арты неге апаратынын? Дәрігерлер сендерді бір-ақ боқтап, жұмыстан кетуге өтініштерін жаза салады. Сендердің бюрократияларың мен бюджеттерің тиіпті болғанын сонда көреміз»

Журналист Мақсат Рамазан:

Соңғы төрт-бес күнде дәріханаға шапқылаумен болдық. Аламатыдағы аптека алдында ат байлайтын жер жоқ. Ығы-жығы халық. Бүгін де үйдегі кісі жазып жіберген бес дәрінің он, ұмытпасам он бірінші аптеканы аралап жүріп төртеуін әрең таптым. Өзі іздеген затың әп-сәтте қатқа айналып шығатын ниеті қисық қоғам ғой... Кейбір аптекалар "размена нет" деген секілді көбісі іздеп жүрген бес-алты дәрінің атын есіктеріне тізіп, "бізде бұлар жоқ" деп баттитып жазып үлгеріпті. Дәрхана қызметкерлерінің де жүйкесі сыр бере бастапты. Әрі қарай екінші дәріні сұрай бастасаң "жоқ" деп арс етеді. Сонымен айтайын дегенім, біріншіден адам аяғы үзілмейтін қойма-дәріханаларға бармай-ақ қойыңыздар. Ол жерде ле сіз іздеген дәрінің дені таусылған. Адам көп, ереже сақталмайды. Иінтірескен халық арасынан індет жұқытырып алуыңыз мүмкін. Оған қоса кезе күтіп уақытыңызды кетіресіз. ЕКІНШІДЕН, елеусіздеу, кішігірім дәріханаларға барыңыз. Адам аяғы аз. Әрі кетсе үш-төрт адам тұрады. Және сіз тап қазір іздеген дәрілер ол жерлерде әлі бар. Бүгін өзіс осылай істеп көз жеткіздім.

Фазылбек Әбсаттарұлы:

Биліктің қате қадамы. Спорт, физикалық белсенділіктің азаюы ауруға шалдықтыратыны барлық ғылымда дәлелденген, аксиома (психология, педагогика, медицина, тб ғылым).

Иммунитетті табиғи жолмен көтерудің жолы - физикалық белсенділік. Иммунитеті күшті адамның денсаулығы - вирусқа қарсы басты амалдың бірі. Физикалық белсенділіктің күндік, айлық нормалары бар. Ал адамды үйге қамап қою физикалық белсенділікті күрт азайтады, иммуниетті түсіреді, ауруға тез шалдығады, психологиялық ауруларға тез ұшырайды: депрессия, стресс...


Әмірболат Құсайынұлы:

Қашанда кеш қимылдау қазақ медицинасының қанына сіңген әдет пе? Көктемде маска, антисептик әбден біткен соң шектеу қойды. Міне қазірде қажетті дәрілер таусылғанда сату санын азайтты. Медиктер вирус жұқтырған соң ғана қорғаныш киімдерін шулатып жүріп әрең берді. Су, жол сынды кез келген әлеуметтік мәселелерді айтып айғайға басқанда қимылдай бастайды әкімдер. Бір істі шешу үшін мінетті түрде бастықтар бұқараның байбаламын, біреудің бірдеңеге ұшырағанын күтетін сияқты. Қоғамдағы әр саланы алдын ала болжап, бағамдауға, қимылдауға болмай ма? Мұғалімдер мен медиктерге жиналыс ашудан ары аспаған әпербақандар жағдай бақылауда дейді. Бақылаудан асқан оңай жұмыс бар ма қазір? 

         Бірінші кезекте сөз болып отырғаны - әлеуметтік ара қашықтық сақтауға келмейтін той ғана емес, ұжымдық жұмыс, демалыс құру, бірлескен діни мінәжат, қоғамдық көлікте жүру, митинг секілді шараларды қоя тұру.

Нұрай РАХЫМ 



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды