«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі - 02.07.20203103


Жамбыл облысы Жуалы аудандық ауруханасына қарасты емхананың рентген-лаборант маманы Фарида Жанбатырова коронавирус кеселімен күрестегі еңбектері үшін үкімет есебімен белгіленген үстеме ақының белгілі бір бөлігін басшылық тарап қайтарып беруін талап етіп жатқанын айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына видеоүндеу жолдады.

Фарида Қанатбекқызының айтуынша, ол 1995-ші жылдан бастап аталған емханада жұмыс істейді. Өңірде төтенше жағдай енгізілген сәуір айынан бастап Жуалы ауданына қарасты 1-ші блок-постта таңғы сағат 07:30-дан кешкі 17:30 аралығында жұмыс атқарып келген. Алдыңғы шептегі адал еңбегі үшін сәуір айында айлығына қосымша 160 мың теңге түсіпті. Алайда, емхана басшылары аталған соманың 39 мың теңгесін жинап беруді талап етіпті. Оның себебін сұрағанда «жоғары жақтан келген тапсырма солай» деп қысқа қайырған.

Содан амал жоқ блок-постта болған мамандардың барлығы дерлік бала-шағасының аузынан жырып, 39 мың теңгеден жинап беруге мәжбүр болған. «Ақшаны өз қолыммен кассир Эльмираға бердім» деген Фарида Жанбатырова келесі мамыр айында бас дәрігердің орынбасары Абзал Байтөреев блок-постта қызмет еткен қол астындағы дәрігерлерді жеке-жеке шақырып, осы айлыққа түсетін 200 мың теңге көлеміндегі үстеме ақыдан 150 мың теңгеден жинап беруді талап етті дейді. Бұл жолы бұға беруден бас тартқан Фарида Қанатбекқызын 26 маусым күні блок-посттағы қызметінен алып тастаған. Осыған байланысты ол әлеуметтік желі арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрап, тексеру тобын жіберуді өтініп видео үндеу жолдауды жөн деп тауыпты.

Өз кезегінде Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желідегі парақшасында: «Жанбатырова Фарида рентген-лобарант Жуалы ауданына қарасты 1-блок постта нақты жұмыс атқарған 16 сағатына айлығына тиісті 19540 теңге үстемақы тағайындалған, ал мамыр айында аурухананың тәуліктік фильтр бөлімшесінде нақты 144 сағат атқарған жұмысы үшін 200 000 тенге үстеме ақы алған. Арызында айтатындай, басшылардың ақша жинау фактісі жақын күнде тексеріліп, анықталатын болады. Қорытындысы тексеруден соң беріледі»,- деп қысқа-нұсқа жазба қалдырған.

Жалпы Жуалыдағы бұл жағдай Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловқа «жығылған үстіне жұдырық» болуда. Олай дейтініміз – карантин енді басталып жатқан сәтте шыққан Меркі аудандық ауруханадағы шуды шенділер бас дәрігердің міндетін атқарушы және орынбасары мен бас есепшіні қызметінен босатып жатып, әрең басқан болатын. Күні кеше Сарысу ауданынан келген азамат әйеліне дәрігерлер дұрыс диагноз қоймауының салдарынан кеселі қауіп тудырып отырғанын, әйеліне дәрігерлердің дұрыс қарамай жатқанын айтып, денсаулық сақтау басқармасының алдында өзін-өзі өртемекші болған еді. «Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады» демекші, енді міне, Жуалыдағы мына жағдай... 

Біз бұған дейін жазған мақаламызда: «Жалпы, жамбылдық көзі ашық азаматтар Марат Жұманқұлов жайында «жақсы адам, бірақ білікті, мықты ұйымдастырушы емес» деген пікірде. Бізде оның денсаулық сақтау басқармасына қарасты шалғайдағы аурухана-емханадағы жағдайларды, дәрігерлерге қатысты кейбір шиеленісті мәселелерді жасырып-бүркемелеп келген, не өзі шешпей жүрген жайттардан хабардармыз.

Осы орайда айта өтерлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі және «Нұр Отанның» Жамбыл облыстық филиалы Жұманқұловқа «әй» дей алмай отырғанының басқа да себептері бар сияқты. Олай дейтініміз –Жұманқұловтың тамыр-танысы, «бекзаттары-жекжаттары», жалпақ тілмен айтқанда байланысы тереңде екенімен байланыстыратындар көп.

Яғни, бұл шудан Жұманқұловтың басын аман алып шығуын – береулер оның Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановпен байланысы тереңде екенімен, соған арқа сүйейтінімен байланыстырса, енді береулер «екі аяқты да бажа тату» демекші, бажасы Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қарашолақовтың «қамқорлығы» деп біледі» деп жазған болатынбыз.

Осы орайда, М.Жұманқұловта «алты аласы, бес бересіміз» жоқ екенін айта кеткеніміз жөн болар. Бірақ, оның мықты ұйымдастырушы емес екені бұған дейін де бірнеше мәрте дәлелденгендей.

Күні кеше Е.Біртанов өз еркімен қызметінен кеткені белгілі. Ендігі кезекте М.Жұманқұловтың бар сенері бажасы болып тұр. 

Нұрболат ӘЛДИБЕК,

Жамбыл облысы


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды