Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі - 09.07.20204354

ҚР жоғарғы сотының төрағасы  Жақып Асанов және бас прокурор

 Ғизат Нұрдәулетовтің назарына  

 Ата заңымыз – Конституцияның 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік  мемлекет ретінде  орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» десе, 14-бабында «заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» дейді. Алайда осы Ата заңымызда көрсетілген талаптарды Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының заң органдары, облыстық заң органдарының жауапты  қызметкерлері аяққа таптауда. Олай деуіме мынадай себеп  бар. Аудандық сот төрағасы Бабырхан Абуев, прокуратура қызметкері Айнұр Кененбаева, Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Қордай аймағы бойынша тергеушісі Нұржан Байтанаев Мойынқұм ауданындағы білім бөлімінде орын алған өрескел заңсыздықтарға тосқауыл қоюдың орнына олармен сыбайластыққа барып, жазықсыз жандарды құрбандыққа шалып отыр. Бұл әділетсіздікті көріп,  өмірден түңіліп, заң органдарына деген сенімімізді жоғалтып отырған жайымыз бар.

     Мәселенің мән-жайына келетін болсақ, ол мынадай: 2019 жылдың басында Шу ауданы білім бөлімінде мемлекеттік қаржыны жымқыру  орын алуына  байланысты біздің ауданның білім бөлімін аудан прокуратурасының қызметкері Айнұр Кененбаева тексеріп, мұнда  да 37 миллионнан астам  бюджет қаржысының жымқырылғанын  анықтайды. Сол кезде білім бөлімінің басшысы Жазықбаев Жайдар, бас есепшісі Наушабекова Айнұр,  сектор меңгерушісі Смағұлова Шария және прокуратура қызметкері А.Кененбаева қылмыстық схема құрып, «жымқыруды анықтаған білім бөлімінің өзі» деп айтамыз» деп келісіп, бұрыннан арам ойларын іске асыру үшін құрбандыққа дайындап қойған, еш өкілеттігі жоқ, колледж бітіріп, жұмысқа  қатардағы есепші болып жаңадан орналасқан, еш тәжірибесі жоқ, 1994 жылы туған қызым Динара Ерсұлтанға бар кінәні аударды. Бөлімнің бас есепшісі А.Наушабекова барлық есепшілерді жинап алып, «жымқыруды прокуратура тапқанын ешкімге айтпайсыңдар, айтсаңдар бәріңнің түбіңе жетемін» деп қорқытады. А.Кененбаеваның ақылымен  білім бөлімінің басшысы  Ж.Жазықбаев «жымқырылған 37 миллион теңгені Д.Ерсұлтан жалғыз өзі ұрлады» деп, азаматтық іс ретінде қарап,  шешіп беруді сұрап аудандық сотқа талап арыз береді.

       Мемлекеттің қомақты қаржысы жымқырылып отырса да, мұнда қылмыстың белгілері бола тұрса да, Мойынқұм ауданының соты ол істі өндіріске алып, судья Бағлан Далибаев  2019 жылдың ақпан айында  азаматтық іс ретінде қараған. Сотқа қадағалаушы жағынан тағы да прокуратура қызметкері А.Кененбаева қатысты, ал талапкер жағынан  айлық жалақыны білім бөлімінен алатын, ал негізгі жұмыс орны прокуратурада отыратын Иса Рауан деген қатысты. Бұл кезде білім бөлімінің басшылары менің қызым Д.Ерсұлтанды майлы ішекше айналдырып, «кінәні мойныңа ал, әйтпесе групповой кетеміз, біз қаржының бәрін орнына қоямыз  да, сені босатып аламыз» деп алдауға түсіріп, азаматтық іс қаралған сотта оны мойындауға мәжбүрлейді.

   Осы процеске қатысып отырған прокуратура қызметкері  де, судья да мемлекет қаржысы ұрланып жатқанын көре  тұра, оны азаматтық іс деп қарағанын  қалай түсінуге  болады? Сауаттары жоқ па, әлде білім бөлімімен сыбайлас болғандықтан ба? 2019 жылдың 14 наурызындағы соттың екінші отырысында Д.Ерсұлтанның мүддесін қорғау үшін қатысқан қорғаушы Ш.Бейсенов осы заңсыздықтың куәсі болып айқай шығарғаннан кейін  ғана судья Б.Далибаев азаматтық істі тоқтатуға мәжбүр болды. Судьяның неге сондай қадамға барғанын түсінбедік, мүмкін, оның әйелі сол білім бөлімінде заңгер болып жұмыс істегеннен кейін бе?

      Осы оқиғадан кейін  білім бөлімінің бастығы өздерін қылмыстық істен құтқару үшін «қорыққан бұрын жұдырықтайды» дегендей,  жалған тексеру ұйымдастырып, «қылмысты өзіміз аштық» деген сылтаумен Қордай аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімшесіне  Д.Ерсұлтанның үстінен қылмыстық іс қозғау жөнінде арыз береді. Осы мекеменің  тергеушісі Нұржан Байтанаев болса сотқа дейінгі тергеу жұмысын атүсті, біржақты жүргізіп, мемлекеттік мекеменің есеп-қисап жұмысын мемлекеттік мекеменің аудитына емес, жеке кәсіпкерге (ИП К.Еримбетов) тексертіп, қазыналық банктегі мәліметтерді өзгерткізіп, жалған дәлелге негізделген айыптау актісін прокуратураның қолдауымен 2019 жылдың шілде айында аудандық сотқа өткізеді.

    Тергеу білім бөлімінің бастығы Ж.Жазықбаевтың, бас есепшісі А.Наушабекованың, сектор меңгерушісі Ш.Смағұлованың  нақты дәлелсіз айтылған ауызша айыптаулары бойынша ешбір зерделенбей жүргізіліп, барлық қаржыны Д.Ерсұлтан жалғыз өзі жымқырды деп қорытқан. Нәтижесінде Д.Ерсұлтанға Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-пункті 2-тармағы бойынша аса ірі мөлшерде алаяқтықпен мемлекет қаржысын жымқырды деп іс қозғады. Сонда кеше ғана колледж бітіріп келген қаршадай қыз азуы алты қарыс, 20 жыл бас есепші болып отырған (еңбек сіңірген есепші деген атағы бар) А.Наушабекованы, Ш.Смағұлованы қалай алдайды? Алаяқтық жасап олардың компьютеріне кірді ме, электронды кілтін ұрлады ма? Функционалды міндеттері бойынша бюджеттегі қаржының заңды жұмсалуын қадағалап отыруы тиіс болса да, өздерінің ұйымдасып жасаған қылмыстарын  жасыру үшін қызым Д.Ерсұлтанды  айыптап отыр. Ал үш рет жасалған сот сараптамасы (ең соңғысы 2020 жылдың 24 қаңтарында жасалған, №1522) қызым Д.Ерсұлтанның қолымен жасалған тізімдегі сомалардың дұрыс екенін дәлелдеп отыр. Сараптама «бас есепшісіз ешқандай қаржының аударылуы мүмкін емес, заңсыз аударылымдар қосымша қаржыландыру көзінен  болған» деп, тайға таңба басқандай көрсетіп отырса да,  сот оны әдейі көрмей отыр.

    Осы жерде артық аударылымдар қызым жасаған тізімге  бас есепші А.Наушабекова мен сектор меңгерушісі Ш.Смағұлованың алдын ала сөз байласқан 10 мұғалімнің айлық жалақысына қосымша қаржыландырудан  (ішінде оқу ісінің, шаруашылық  меңгерушілері бар) қосымша  өзгерістер енгізуі арқылы болғаны айдан анық болып тұр емес пе? Осының бәрін көре тұра, тергеу де, прокурор да, сот та көрмеген болып, қызымның жалғыз өзін  бас бостандығынан бес жылға айырып және барлық қаржыны өндіру жөнінде заңсыз шешім шығарды. Мемлекеттік сот сараптамасы негізге алынбаса, басқа адамдардың ауызша айтқан айыптауларын негізге алатын болса, сот сараптамасының қажеті не?

      Қызым Д.Ерсұлтан қаржыны қалай жымқырады? Ешқандай ақылға сыймайды. Қазір баяғы заман емес, қаржы басшының қолындағы электронды цифрлы қолтаңбалы кілтпен аударылмай ма? Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығында бөлім басшылары, бас есепшілер ешкімге сенім арта алмайтыны, аударым құжаттарын  растау алдында тексерулері міндетті екені туралы қағидаттар бекітілген. Осы қағидатты арам пиғылмен сақтамаған бас есепші А.Наушабекова мен сектор меңгерушісі Ш.Смағұлова қалай жауапқа тартылмаған? Олар кеше ғана колледж бітірген жас қызға қалай алданып, қалай сенеді? Олар қызымның жастығын, тәжірибесіздігін, өзіне тікелей басшылардың айтқанын бұлжытпай орындайтынын біліп, зымияндықпен теріс пайдаланып, 10 мұғалімге артық аударылған ақшаны  қызымның кәртішкесіне кері аудартып,  оны сектор меңгерушісі алып отырған. Қызым біреудің аударған ақшасын кері  қайтарып бергені үшін қылмыскер болып отыр ма? Қылмыстық кодекстің 23-бабында көрсетілгендей, ол кінәсіздікпен білмеген. Сот сараптамасы дәлелдеген «заңсыз аударылымдар қосымша қаржыландыру көздерінен» деген тұжырымға келсек, қарапайым есепші, менің қызым білім бөліміне қосымша қаржы сұрап аудан әкіміне, экономика бөліміне, аудандық мәслихатқа бара ала ма? Соны білім бөлімінің шотына түсіріп, ол қаржыны 10 мұғалімге аударды деген  ақылға сыя ма?

      Ақ-қараны айырып, нағыз қылмыскерді жазалайтын шығар деп үміттенген ауданның заң органдарының білім бөлімімен сыбайластыққа барып, заңды белінен басып отырғаны қызымның жанын күйзелтіп, ішіндегі алғашқы сәбиі өлі туды, өзіне бірнеше рет қол жұмсауға баруы жүрегімізді қан жылатты.

    Тергеу объективті болса, бір рет бас есепші мен сектор меңгерушісінен  неге жылдар бойы бір мезгіл жыл басында бекітілген сомадан артық қаржы  жұмсалып жатқанын тексермедіңдер деп сұрамаған? Айып тағылып отырған кезеңде облыстық қаржы-бақылау басқармасынан үш рет кешенді тексеру болған, сонда олар осы қомақты қаржының жымқырылуын қалай байқамаған? Әрине, бас есепші мен сектор меңгерушісінің жымқыруды айламен жасырғанынан болар.

    Сот төрағасы мен прокуратураның білім бөлімімен сыбайлас деуге нақты дәлел – сот процесі жүріп жатқан кезде сот төрағасы Б.Абуев тергеу өткізген бар құжаттарды (заттай айғақтарды) айыпталушы жақ толық таныспай жатып білім бөліміне беріп жібергені. Бұл деген Қылмыстық процессуалдық кодекстің 118-бабын өрескел бұзу емес пе? Нәтижесінде білім бөлімінің есепшілері құжаттағы цифрларды түзетіп, Д.Ерсұлтанның сыртынан бірнеше құжатқа қол қойып, кейбір парақтары жұлынып,  ішінен 47 папка жоқ болып шыққан. Бұл деген нағыз қылмыс емес пе? Қорғаушылардың «айғақтарды неге білім бөліміне бересіз» деген сұрағына сот төрағасы Б.Абуев «мен сақтауға бердім» дейді! Масқара! (Дәлел бар.)

     Сонда арнайы өкілеттігі бар білім бөлімінің басшысы, бас есепшісі, сектор меңгерушілері қолдарында цифрлы кілттері бола тұра, неге жауапкершілікке тартылмайды? Аудандық сот пен прокуратура істі тек Д.Ерсұлтанның төңірегінде ғана қарап, олардың мүддесін неге қорғап отыр деген заңды сұрақ туады. Осы уақытқа дейін бас есепші А.Наушабекова, сектор меңгерушісі Ш.Смағұлова (жиынтық тізімді компьютерге енгізеді, қалай артық аударымды көрмейді?) ешқандай жауапкершілікке, ең болмаса салғырттық немесе әрекетсіздікке тартылмаған. Нағыз қылмыскер осы екеуі емес пе? Өздерінің салғырттығы мен әрекетсіздіктері үшін жауапқа тартылмай ма? Олар ештеңе болмағандай ойнап-күліп жүр. Әрине, ақшалары көп болған соң солай ғой. Қазір бұлар аудандағы ең бай адамдар.

   Осы Д.Ерсұлтанды айыптау ісінің шеңберінде бас есепші А.Наушабековаға 2019 жылдың сәуір айында мемлекеттің 1 миллион 441 мыңнан астам қаржысын ақшалай жеке бас пайдасына жаратқаны үшін қылмыстық іс қозғалып, аудан әкімі аппаратының өкілімен татуласуына байланысты ақталмайтын негізбен қысқартылған. Олай болса, мемлекет қаржысын өзінің бас пайдасына  жаратып, қылмыскер болып отырған А.Наушабекова сотта айыптау жағынан бас куә болып әлі күнге дейін қызметте отыруын  қалай түсінеміз?

   Ал басында әңгіме болған Шу ауданына келетін болсақ, оның ісін жүргізіп жатқан тергеуші өте сауатты, заң аясында жүргізіп жатқан сияқты. Себебі онда білім бөлімінің меңгерушісі, бас  есепші, бас-аяғы 13 адам жауапқа тартылып жатыр деп естиміз. Бұл шындыққа келеді. Ал біздің ауданның соты ақша аударуға мүмкіндігі жоқ, тек қатардағы жай есепші жалғыз өзі 33 миллион теңгені жымқырды деп отыр. Логика қайда?! Қазақстан Республикасының заңдарын әр тергеуші әртүрлі, әр прокурор әртүрлі, әр сот әртүрлі талқылап пайдалана  ма?

    Бірінші кезеңде қылмыстық белгілері бар істі азаматтық іс деп, сот қарап жатқанда прокуратура қызметкері Айнұр Кененбаева неге тоқтатпаған? Сауатсыздығы ма, жоқ әлде бас есепшімен туыстық қатынасы болып (жаңабай руы) сыбайлас болғандықтан ба, әлде басқа да жағдаймен істі соның пайдасына шешіп бергісі келгендіктен бе? Ал қылмыстық іс бойынша сот процесіне қатысып отырған прокуратура қызметкері Шыңғыс Наурызбаев  А.Наушабекованың 1 млн 441 мың теңгені бас пайдасына жаратқанын біле тұра,  қылмыстық іс  қысқартылғанымен, ақталмайтын негізде болған соң, А.Наушабекова қылмыскер болып тұр ғой, аудандық білім бөлімінде бүкіл қаржының дұрыс жұмсалуын бақылауы тиіс адам өзі қаржы ұрлап отырғанда қалай қызметте қалады? Неге шара қолданбаған? Сот та қасақана мән бермеген. Сұрақ көп, жауап жоқ. Осы заңсыз әрекеттер жөнінде облыстық сотқа, облыстық прокуратураға, облыстық сыбайластыққа қарсы іс-қимыл басқармасына  шағымданғанмен, еш нәтиже болмай тұр.

   Осындай сауатсыз  немесе құлқынның құлы болып сыбайластыққа барып, ақшасы көптің кетпенін шауып, қолдап жүрген прокуратура, сот, басқа да заң органдарына тамыр-таныс арқылы кездейсоқ орналасқан арам ойлы  мемлекеттік қызметкерлерге  адам тағдырын шешетін органдарда орын болмауы тиіс деп ойлаймын. Мұндай адамдар мемлекет қауіпсіздігінің жегіқұрты. Бұлар мемлекетімізді іштен әлсірететін оңбағандар емес пе? Осындай оңбағандардың кесірінен бар кінә  менің қаршадай қызыма арттырылып,  бес жылға сотталып, болашағына балта шабылып отыр. Құлқынның құлы болғандардың кесірінен  басқа да жазықсыз сотталғандар  аз емес.

    Осы әділетсіздікке жаным күйіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға екі рет әлеуметтік желі арқылы үндеу жариялауға мәжбүр болдым. Ол кісіге жетті ме, жетпеді ме, білмедім. Жетсе мен сияқты көпбалалы ананың жанайқайына бір қайыры тиер деп үміттенемін.

 Тергеу кезінде қызым Д.Ерсұлтанға нақты дәлелдемесіз тағылған айыптарды заң аясында зерделемей, негізсіз үкім шығаруға ықпал еткен жоғарыдағыдай сыбайластық көрсетіп, Қазақстан халқының Конституцияға сай қорғалатынына күмән келтіруіне өздерінің лас әрекеттерімен кір келтіріп отырған Мойынқұм ауданының прокуратура қызметкерлері Айнұр Кененбаева, Шыңғыс Наурызбаев, соттар Абуев Бабырхан, Далибаев Бағланның заңсыз әрекеттеріне әділ баға беруді жоғарғы сот пен бас прокуратура басшыларынан сұранамын. Білім бөліміндегі нағыз қылмыскерлердің жауапқа тартылып, тиісті жазаларын алуына ықпал етеді деп, сіздерге сенуден басқа амалым жоқ.

Ақбота ТӨЛЕГЕНОВА,

   көпбалалы ана

  Мойынқұм ауданы

 Жамбыл облысы






Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды