Алакөлдің абыройы арта бермек

Сайт әкімшілігі

09.07.2020, 07:26

369

 Кейінгі жылдары елімізде туризм саласы айтарлықтай қарқын алып келеді десек, артық айтқанымыз емес. Бұл саланың өсіп-өркендеуіне мемлекетімізде мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасалып, шама-шарқынша инвестиция салынуда. Шығыс Қазақстан облысы туризм индустриясын дамыту үшін ең қолайлы өңірдің бірі. Соның ішінде Үржар ауданының туристік әлеуеті өте зор. Бізге келген инвесторлар экологиялық, спорттық, аңшылық, ат спорты, сауықтыру туризмін дамыту мүмкіндіктеріне ие. Туризм саласы бойынша өңіріміздегі Алакөл көлі облыс аумағындағы алдыңғы қатарлы туристік аймақтардың бірі және бірегейі болып  саналады. Мысал ретінде айтар болсақ, 2018 жылы Алакөл көлі жағалауындағы кәсіпкерлік нысандардан түскен инвестиция көлемі 1 миллиард 225,6 миллион теңгені құраған екен. Сол секілді өткен жылы да қомақты инвестиция қаражаты түсті.

   Демалушыларға көрсетілетін қызмет аясы кеңеюде. 2018 жылы Алакөл  жағалауында Үржар ауданы әкімдігі мен ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысының алғашқы туристік TOURJST JNFO ақпараттық орталығы ашылды. Орталық «бір терезе»  қағидасы бойынша жұмыс істейді, екі менеджер демалушыларға тегін ақпараттық және консультациялық көмек көрсетеді.

   Алакөл – тұзды, ағынсыз көл. Табиғи жаратылысында өзінің әсемдігі мен ерекшелігі арқылы көңілге қуаныш ұялататын ол теңіз деңгейінен 347 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 104, ені 52 шақырымды құрайды. Алакөлде демалыс орындарының көптеп орналасуы суының минералдарға бай болуында. Оның құрамында Менделеев кестесіндегі элементтердің көбі кездеседі. Құрамы жағынан Канаданың атақты Атабаска көлі мен Қара теңізге соншалықты ұқсайды.

   Суы жылы, судың жаздық орташа температурасы 26 градусты құрайды. Алакөлдің суы тұзды. Сондықтан судағы минералдар тыныс алу мүшелері мен сүйек-бұлшық ет және жүйке жүйесі ауруларымен қоса, тері ауруларына, радикулит, өкпе, рак ауруының ең алғашқы стадияларына кереметтей ықпал етіп, жазылып кетуіне толық жағдай тудырады.

       2018-19 жылдары Алакөл демалыс аймағында барлығы 250 кәсіпкерлік нысан демалушыларға қызмет көрсетті. Былтыр жаңадан тағы 14 демалыс үйі есігін айқара ашты. Олар: «Orien Alakol», «Атлант», «Темирлан», «Номад», «Достық», «Карим», «Жағалау», «Хансұлтан», «Нұржау», «Дольчевита», «Roval Relax», «Ермада», «Достар».

      Еліміздің мәдениет және спорт министрлігі ТОП 10 мен ТОП 50-ге енетін туристік жерлерді жариялап, тізімге ұлттық парктер, курорттық аймақтар, табиғи су көздері, тау шаңғы базаларын кіргізді. Оларға медициналық кластер мен еліміздің мәдени-тарихи жерлері енген. Осыған орай, біздің мақтанышпен қуана айтарымыз, республикамыздың басым бағыттағы осы ТОП 10 туристік картасына шипалы Алакөл көлі еніп отыр.

       Еліміздегі теңдесі жоқ, емдік қасиеті аса жоғары Алакөлге келіп демалушылар саны жылдан-жылға көбейіп, жағалаудағы демалыс үйлерінің саны да артып келеді. Қазіргі күнде Алакөлдің халықаралық деңгейде танымал болғаны соншалық – Ресейдің Алтай өлкесінен, Омбы, Түмен, Челябинск облыстарынан, сондай-ақ Украинадан келушілердің саны өткен жылы демалушылардың 22 пайызын құраған екен. Өткен жылдары көл жағалауына күн сайын 10 мыңнан 15 мыңға дейін адам келді. Бұл, шынында да, керемет жетістік десек, артық айтпағандық.

      Бірақ қазіргі уақытта әлемді жайлаған жұқпалы дертке байланысты осы сырқаттан таза екенін дәлелдейтін тест қағазын демалыс үйлері талап етуде. Және суға түскенде де арақашықтықты сақтау қатаң қарастырылған. Алакөл жағалауындағы демалыс үйлері көрікті және мейрамханалар мен кафелер де аз емес. Көл жағалауын жоғары деңгейде дамыту мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде заманауи талапқа сай «Парус», «Інжу», «Алакөл –Арасан», «Айгерім», «Керуен», «NOMAD», «Alakol Famely Club», «Көксала» сияқты ірі демалыс орындары салынып, аймақ сәнін келтіріп тұр.  Атап айтсақ, 2013 жылы демалыс үйлерінің саны 89 болса, 2018 жылы 161-ге жеткен, қазір бұл көрсеткіш 250-ге жетті.

      Алакөл жағалауын дамыту, еліміздегі алдыңғы қатардағы туристік орталыққа айналдыру, туристердің келуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жыл сайын облыс әкімі Д.Ахметовтің тікелей басшылығымен облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, жағалауды уақыт талабына сай абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Демалыс үйлерінің де инфрақұрылымдары жақсарды.

   Биыл шипалы Алакөлде суға шомылу науқанын бастау үшін жағалаудағы демалыс базаларын қазіргі жағдайға байланысты алдын ала тексеру және дайындау қажеттігі туындады. Осыған орай, маусымның 5-інен шілденің 1-іне дейін арнайы топ оларды тексеруден өткізіп, көпшілігіне жұмыс бастауына рұқсат берді. Сонымен қоса, демалушылар мен ем қабылдаушыларды тамақтандыру үшін 10 кафе, екі дәріхана, бір медпункт және 16 азық-түлік дүкеніне тексерістен кейін қызмет етулеріне мүмкіндік туғызды.

   Тағы бір айтарымыз, біраз жылдан бері маусым айында туризмді дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен, облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, ішкі саясат басқармасы және Үржар ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен Алакөл шипажайында  «Алакөл алаулары» фестивалі ұйымдастырылып келеді. Дегенмен  көпшіліктің көңілінен шыққан бұл шараның биыл өту-өтпеуі екіталай. Қалай десек те, бүгіндері Алакөл жағасы адам танымастай өзгерген. Алдағы уақыттарда демалыс аймағы халықаралық деңгейге жетіп, мақтанышымызға айналары анық.

Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.01.2021, 16:22
Асқар Мамин тағы премьер-министр болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 15.01.2021, 14:02
Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар жөніндегі комитеті құрамына кірді
Сайт әкімшілігі 15.01.2021, 13:22
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болды
Сайт әкімшілігі 15.01.2021, 12:25
Мәжіліс депутаттары ант қабылдады
Сайт әкімшілігі 15.01.2021, 12:21
Тоқаев Мәжілістің жаңа құрамына ауқымды міндеттер қойды
Сайт әкімшілігі 15.01.2021, 11:01
Тоқаев Қазақстан үкіметі туралы жарлыққа қол қойды

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11