"Қазақстандағы жер шетелдіктерге сатылмайды" -Тоқаев

Сайт әкімшілігі

13.07.2020, 12:23

32

2020 жылдың 10 шілдесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Отырыста Президент ел экономикасына қатысты мәселелерді қозғап, министрліер мен үкіметке оларды шешудің жолдарын табуды тапсырды. Солардың ішінде жер мәселесіне қатысты үндеуі де болды.

«Жер – ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі факторы. 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз қажет. Негізгі мәселені айқындап алдық.  Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз», — деді Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде.

Саясаткер Э.Полетаевтың айтуынша, Қазақстан шетел инвестицияларын тарту бойынша аймақтағы көшбасшы мемлекет болып табылады. Сондықтан жер учаскелерін беру туралы айтқан кезде, мұнда табиғи ресурстарды игеру туралы әңгіме болмайтынын білдіреді. Яғни, Қазақстанда барлық жер учаскелері үлестерге бөлінген.

Бірақ агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін инвестиция мен технологияны тарту қажеттілігі де ескерілді. Барлық ұсыныстар жария түрде ашық талқыланып, осы жұмыстың қорытындысы бойынша Үкіметке Жер кодексіне түзетулер енгізу тапсырылды.

ҚР Президенті Қ. Тоқаев былай деді: «Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 миллион гектар игерілмеген жердің 7 миллион гектары мемлекетке қайтарылды. Менің ұстанымым – айқын. Жерді алдың ба, оны игеру керек. Әйтпесе, жерді игеріп, жұмыс істей алатын адамдарға береміз. Сондықтан, бұл саладағы түгендеу ісін осы жылдың соңына дейін толық аяқтау қажет».

Еске сала кетейік, 2016 жылдың маусымында шетелдіктерге (жеке және заңды тұлғаларға), азаматтығы жоқ адамдарға және жарғылық капиталында шетелдік азаматтардың үлесі 50%-дан асатын серіктестіктерге ауылшаруашылық жер учаскелеріне құқықтар беруге бес жылдық мораторий енгізілген болатын.

Қазір әлемде белең алып тұрған пандемия мемлекеттің халықты азықпен қаптамасыз ете алу қауқарының әлсіз екендігін көрсетіп отыр, кіріс азайып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттай түсті.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайға сапарында «Жер оған жұмыс істейтіндерге тиесілі болуы керек. Екіншіден, жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің ұстанымым», — деген мәлімдеме жасаған болатын.

Ал  былтырғы 2019 жылы 5,6 миллион гектар игерілмеген жер анықталды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Сапархан Омаров есептік онлайн-кездесу барысында атап өткендей, игерілмей жатқан ауылшаруашылық алқаптарының фактілері қағаз жүзіндегі есептер мен ақпараттарды салыстыру негізінде дәстүрлі мониторинг кезінде анықталған.

Министрліктің араласуынан кейін: 1.9 миллион гектар жерді бұрынғы жер пайдаланушылар игере бастады; 1,1 миллион гектар жер пайдаланушылар ерікті түрде бас тарту арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды; 2,6 млн га жерді әкімдіктер мемлекет меншігіне қайтару үшін сот арқылы қайтарып беруде. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануды бақылауды күшейту мақсатында 2019 жылғы 28 қазанда Жер кодексіне Жерді қашықтықтан зондтау мәліметтерін пайдалана отырып, ауылшаруашылық жерлерге сандық мониторинг жүргізу үшін түзетулер енгізілді.

«Ағымдағы жылдың қаңтарында ауылшаруашылық жерлерін пайдалануды космологиялық бақылау ережелері қабылданды. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ауылшаруашылық жерлерін веб-портал арқылы бақылау үшін пилоттық жоба іске қосылды, оның нәтижелері бойынша жалпы ауданы 7,3 млн га болатын 9061 игерілмеген жайылымдық жерлер анықталды», – деді министр.

Мемлекетке қайтарылған жерлер бойынша Рүстем ҚҰРМАНОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі былай деді:

-       «Бұл жерлерге қатысты оларды жаңа жер пайдаланушыларына қайта бөлу және оларды ауылшаруашылық айналымына тарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, министрлік топырақтың құнарлылығы және жайылымдық жерлердің қоректену қабілеті туралы мәліметтерді алу үшін ашық қол жетімді топырақ және геоботаникалық электронды карталар жасады. 2021 жылдың аяғында жергілікті халықтың қажеттіліктері үшін қажетті жайылымдық жерлердің нақты көлемін анықтайтын 2480 ауылдық елді мекеннің шекараларын құруды көздейтін іс-шаралар жоспары бекітілді. Бүгінгі таңда 1611 елді мекенде шекаралар орнатылды, 869-да шекараны белгілеу қажет».

2020 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша 2 миллион гектардан астам ауылшаруашылық жер мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.

2021 жылғы 2 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасының Жер кодексі нормаларының талаптарына сәйкес жерді сату немесе жалға беру бойынша барлық тендерлер электронды түрде өткізілетін болады.

Жер қатынастары саласындағы бюрократиялық процедураларды жою, ашықтықты арттыру, тұрғындар мен бизнестің елдің жоғарғы басшылығының тағайындауы туралы ақпаратқа толық қол жетімділігін қамтамасыз ету. 2020 жылғы 24 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев жер қатынастары саласында «адами факторды жоққа шығаратын цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізу қажет» екенін тағы бір атап өткен болатын. Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының жер бөлімдерін веб-порталмен байланыстыру құны жылына 1 АЕК құрайды.

Ал 2019 жылы gosreestr.kz веб-порталында мемлекеттік мүліктің ресми тізілімінде Атырау, Жамбыл және Қарағанды облыстарының бірнеше әкімдіктері он шақты жер телімдерін аукционға шығарды. Жаңа 2020 жылдан бастап жүйеге Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының кейбір әкімдіктері қосылды.

Әзірге Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының жер қатынастары жөніндегі шенеуніктері, сондай-ақ Қазақстанның үш ірі қаласы: Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары онлайн-сауда өткізуге асығар емес. Болжам бойынша, 2020 жылы Қазақстанда 1700 жер учаскесі аукционға шығарылады.

Самат САРСЕНОВ, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі және жер кадастры бөлімінің маманы «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАК мемлекеттік корпорациясы :

-       «Біз нақты айта аламыз: шетелдіктерге ауылшаруашылық жерлері жеке меншікке берілмейді. Жер алып, сатуға болатын мал емес. Жер жоғалмайды. Жердің өзіндік сипаттамалары бар. Жер деген – тұрақты нәрсе. Оған қатысты заңсыз әрекеттер дереу анықталады. Ауыл шаруашылығы алқаптары жайылымдық, шабыстық немесе егістік екендігіне қарай өздерінің кадастрлық мәніне ие. Аукцион кадастрлық құнды ұлғайту әдісімен өткізіледі. Егер жер бірінші ретте сатылмаса, ол қайта саудаға шығарылады. Егер ол екінші рет сатылмаса, жердің кадастрлық құнының төмендеуімен аукцион өткізіледі. Егер бұл жағдайда да жер сатылмаса, онда ол аукционнан шығарылады және ол мемлекеттің меншігінде қалады. Ел азаматтарының даладағы барлық жерді, әкімдіктің немесе ауданның жерін қайтарып алып, бір адамның қолына беруі мүмкін деген қорқынышына байланысты сұрақтар туындайды. Ондайжағдай орын алмайды, өйткені жеке және заңды тұлғалар үшін ауданның әр бөлімшесі үшін жер учаскелерін алуға шектеулер бар. Сонымен қатар, бізде бос жерлер, олардың ішінде ауылшаруашылық жерлер бар. Олар қолданылмайды. Бұл жерлер аукционға жіберіледі. Алайда бұл жерлер ешқашан шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға сатылмайды».

Ұлттық қоғамдық кеңестің мүшесі, белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Президенттің жер мәселесін қатысты айтқан сөздеріне өз пікірін білдірді:

«Қазақстан азаматтарына да, шетелдік үлесі бар фирмаларға да, тек арендаға берілуі тиіс. Бұның барлығы жаңа заңда реттелуі тиіс жағдаяттар. Жер мәселесімен 2016 жылдан бері айналысып жүрген азамат ретінде атап өткім келеді, мәселені кезең-кезеңмен шешу тактикасы өзін ақтады: алдымен 5 жылдық мораторий жарияладық (уақыттан ұттық), енді нақты шешім қабылдаймыз. Жер мәселесі – ірі латифундистердің көптеген миллиардтық мүдделері бар өте күрделі мәселе. Барлығын бірден 2016 жылы шешіп тастау мүмкін емес еді – саяси ахуал оған жол бермеді. Өмірде де өзі мұндай жағдайлар болады, бәрі бірден орнай салмайды. Бірақ, ең бастысы – ақырғы нәтиже. Мұның барлығы халықтың өзінің патриотизмі, барлығымыздың қанға сіңген өз жеріне деген махаббатының арқасында мүмкін болды». Мұхтар Тайжан өз тарапынан үлкен мөлшердегі жер телімдері, яғни ауылшаруашылығы жерлері жеке меншікке ешкімге сатылмауы керектігін жазған.

Елбасының жер мәселесіне байланысты шетелдіктерге сатудан толық бас тарту туралы мәлімдемесі қоғамның назарын аударды.

Еркежан АРЫН 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39