Қазбек УӘЛИЕВ: Ұлттық парктерде экотуризмді дамыту қазіргі ұрпаққа қажет

Сайт әкімшілігі

14.07.2020, 07:06

312

      ҚР Альпинизм және спорттық шыңға өрмелеу федерациясының бас хатшысы Іле-Алатау ұлттық паркіндегі экотуризмді дамыту жобасы туралы өз пікірін білдірді. Ол осы жобаны қоғаммен  бірлесіп талқылау үшін аталған ұлттық парк жанындағы қоғамдық кеңеске кірді.«Мен бұл тұсаукесерді алғаш рет көргенде жоба туралы біраз естіген едім. Менің ойымша, бұл  заманауи жобалардың бірі», – деп  атап өтті Қазбек Уәлиев жоба таныстырылымынан кейін.

    Оның айтуынша, барлығы халық санының өсіп жатқанын айтады, бұл түсінікті.  Ең бастысы, адамдардың менталитеті өзгеруде, жаңа буын, жас ұрпақ үшін экологиялық туризм қалыпты жағдай. «Сіз Шымбұлақта бай адамдар ақша жұмсай алады деп айтасыз, бірақ бұл туризмнің басқа бөлігі. Тауға бірнеше сағатқа келген адамдар таза ауамен дем алғысы келеді және оны белсенділік, фитнес, салауатты өмір салтымен үйлестіреді.  Сондықтан бұл жоба, менің ойымша, қазіргі ұрпақтың көпшілігіне арналған.  Бұрын бұл жобаны қолға алуға ерте болды, себебі мұндай менталитеттегі жаңа  ұрпақ болмады.  Мен тіпті федерациядағы іс-шаралардан білемін, кейде күніне бірнеше мың адам қатысады. Қазір осы жоба үшін алаңдайтын және барлық инфрақұрылымды қолдануға  дайын генерация келді», – дейді сөзін жалғастырған Қазбек Уәлиев.

     Естеріңізге сала кетейік, жобаның тұсаукесері жақында Алматыда қоғам белсенділерінің, блогерлердің, экобелсенділердің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен болатын. Жоба экотуризмді дамыту үшін базалық инфрақұрылымды кешен қалыптастыруды, сондай-ақ саябаққа келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Жобаның міндетіне табиғи мұраны қорғау және сақтау жөніндегі қажетті шараларды қамтамасыз ету, сондай-ақ парктің бірыңғай тұрақты экожүйесін құру кіреді. Жоба үшін 34 учаске жалға емес, уақытша пайдалануға, жеке мемлекеттік актіге бөлінбей берілді. Бұл учаскелерде 14 әлеуметтік объект және 20 коммерциялық, оның ішінде жеті визит-орталық, екі кемпинг, бір караванинг,  жалпы ауданы 300-500 шаршы метр 10-15 нөмірге арналған 10 глэмпинг (тау баспанасы) ашылады. Сонымен қатар жоба қосымша жұмыс орындарын ашады. Жобаның дайындық кезеңінде 100 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін 500 штаттық бос орын құру жоспарлануда. Жоспарға сәйкес, қала мен республика бюджетіне жыл сайынғы түсім 207 млн теңгені құрайтын болады.

Дәурен ҚАЙЫР

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 16.10.2021, 15:28
ЕАЭО электронды коммерциясының бірыңғай операторы
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 11:34
Өмірзақ ШӨКЕЕВ: Туризм саласы үш бағытта дамып келеді
Абдулла МЫРЗАЕВ 13.10.2021, 15:00
Суды көктен емес, жерден іздейік
Тілеубек ЫСҚАҚОВ 13.10.2021, 11:25
«Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың»
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 12.10.2021, 17:21
Қағаз жазудан қолы босап, ұстаз қашан бала оқытады?
Нұрай РАХЫМ 12.10.2021, 11:40
Қазақстанда спорт туралы ғылым ақсап тұр

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29