«Б» жоспарының ақыры

Сайт Әкімшілігі - 14.07.20201828

Дәріні  Өзбекстаннан сатып алып жатырмыз

Осыдан екі ай бұрын біреу «өкпе қабыну дерті өршіп, ауруханаларда орын болмай қалады, Өзбекстаннан дәрі сатып алуға мәжбүр боламыз, көршілес елдерден гуманитарлық көмек сұраймыз» десе, сірә, бұған ешкім сене қоймас еді. Қара халық өкіметтің қарап отырмағанына, Біртановтың «А» жоспарына оның шамасы жетпесе, «Б» жоспарына сенген. Алайда   президент Тоқаевтың өзі мойындағандай, індетке қарсы күреске дайын болмай шықтық.  Бүгінде әлеуметтік желі қаралы хабарларға, көңіл айтуларға толып кетті. Ел ішін үрей билеп тұр. Белгісіз өкпе дерті әсіресе жасы елуден асқан азаматтарымызды баудай түсіруде.

Түркістан облысында пневмонияға шалдыққандардың саны 5,5 мыңға жуықтады. Өкінішке қарай, олардың 46-сы қайтыс болды. Олардың ішінде бес дәрігер бар. Мұндай мәліметті облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жария етті.

– Жақындарынан айырылған азаматтарға өзімнің атымнан, облыс жұртшылығы атынан жанұяларына, жақындарына қайғырып көңіл айтамын.  Жұмыс барысында қайтыс болған ақ халаттылардың отбасыларына тиісті жәрдемақы көрсетіледі. Қиын-қыстау кезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлер еңбегі ерен.  Олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету – бізге парыз, – деді Ө.Шөкеев.

Жалпы алғанда, облыста бүгінге дейін коронавирус індетіне шалдыққан 2079 адам тіркелді. Қауіпті ауруды жұқтырғандардың «көшін» Түркістан қаласы бастап тұр. Облыс орталығында COVID-19 дерті 602 адамнан анықталған. Көршілес жатқан Кентау қаласында да науқастардың саны көп (415 адам). Аталған дерттен сауығып шыққандар саны 795-ті құраса, 11 адам қайтыс болған. Ауру жұқтырғандардың арасында ақ халаттылар да бар. Бүгінге дейін олардың саны 132-ге  жеткен.

Өмірзақ Шөкеев коронавирусқа қарсы дер кезінде қабылданған тиісті шаралардың арқасында қазіргі таңда жағдай тұрақты екенін мәлім етті. Емдеу шаралары үшін инфекциялық стационарларда – 440, провизорлық стационарларда – 1891, карантиндік орталықтарда  980 төсек-орын ұйымдастырылған.

– Жалпы, ауруханаларда төсек-орын қоры жеткілікті. Дайындалған орындардың 41 пайызы қазіргі таңда бос тұр, – деген облыс басшысы COVID-19 инфекциясын емдеу және алдын алу мақсатында қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға 43,9 миллион теңге  қаралғанын атап өтті.  Бірыңғай дистрибьютор  «СК-Фармация» ЖШС-мен 24,1 млн теңгеге келісімшарт түзіліп, тауарлар  жеткізілуде. Үкіметтің резерв қаражаты есебінен 541,3 млн теңге бөлінді. Бірыңғай дистрибьютормен  238,8 млн теңгеге келісімшарт түзілген. Ал қалған 302,5 миллион теңгеге медициналық қызметкерлерлерге обаға қарсы бірреттік костюм сатып алынбақ.  Бұдан бөлек, Түркістан облысының жергілікті бюджеті есебінен індетке қарсы күреске 300 млн теңге бөлініп отыр. Облыста жалпы тәуліктік қуаттылығы 650 тестке дейінгі полимеразды тізбекті реакциясы әдісімен төрт зертхана жұмыс істеуде. Күніне 906 тест жасалады.

– Халқы тығыз орналасқан біздің облыста артық пайда табуды көздеп, қолында бар дүниелердің бағасын аспандатқандар анықталып, жазаға тартылып жатыр, – деді облыс басшысы.  

Дәрі-дәрмек жетіспеушілігін жою мақсатында Өзбекстаннан 500 миллион теңгеге індетке қарсы препараттар сатып алынды. Тиісті дәрілер дәріханаларға жақын күндері жеткізіледі. Дәрілер шекті бағаны сақтай отырып, сатылатын болды. Облыс бойынша дәрілік заттардың бағаларына бақылау жүргізу мақсатында арнайы мониторингтік топ құрылған. Бұл топ барлық дәріханаларды тексеріп, құқық  бұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыс істеуде. Аталған топтар дәріханаларды тексеру барысында 12 нысанға әкімшілік хаттама толтырған.  Дәрі-дәрмектің бағасын жоғарылатқаны үшін бес хаттама толтырылып, кінәлілерге айыппұл салынған.   

Брифингте Өмірзақ Шөкеев пандемиядан сақтанудың, ауырып жатқан науқастардың санын азайтудың басты жолы сақтық шараларын күшейту екеніне тоқталды. Қажеттілік болмаса, көпшілік орындарға бармау,  бетперде тағу,  әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптарына  баса назар аудару қажет.  Қазір облыс бойынша аудан, қалаларда 187 медициналық мобильді топ құрылған. Тәулік бойы жұмыс істейтін қызметкерлерді  аудан әкімдіктері көлікпен қамтамасыз етуде. Бұл топтар науқастарды  анықтап, ертерек ем тағайындайды немесе ауруханаға жолдама береді.

Облыста карантин режимін бұзып, той, басқа да отбасылық жиындарды өткізген 1039 жағдай анықталған, оның 320-сына айыппұл салынса, 96 азамат қамауға алынған.  Түркістан облыстық полиция департаментінің таратқан мәліметтеріне қарағанда,  тәртіп сақшылары дәрі-дәрмек пен медициналық құрылғыларды  заңсыз сатудың бес фактісін әшкерелеген. Түркістан қаласы аумағында жүргізілген  жедел іс-шаралардың нәтижесінде қаладағы бір дәріхананың фармацевті Cef3 дәрісінің ірі көлемін  сатып жатқан жерінен ұсталған. Сатушы 336 қорапты 1500 теңгеден жалпы 405 мың теңгеге саудалаған.  Сарыағаш ауданында бір азаматтың көлігінен 5000-ға жуық  медициналық маска алынса,  Арыс қаласындағы дәріханалардың бірінде  300 теңге тұратын «Аскорбин қышқылы» 700 теңгеден сатылған.

Жағдай осыдан кейін тұрақталып кетсе жаман болмас еді.

Айтпақшы, жұртшылық ауруханадан орын, дәріханадан дәрі таппай шулап жатқан кезде үн-түнсіз отырған жергілікті мәслихат депутаттары қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемелерін, үкіметке, әкімдерге берген тапсырмаларын қызу қолдап, әлеуметтік желілерде жарыса пост жазып жатыр.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

Түркістан облысы




Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды