Kaspi.kz 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартады

Сайт Әкімшілігі - 16.07.20201283

    

Науқастарды тасымалдауға арналған арнайы көліктердің алғашқылары осы аптада дәрігерлерге беріледі.

      Kaspi.kz компаниясы пандемиямен қарсы күреске 100 жедел жәрдем көлігін сыйлайды. Ауруханалардың жедел бригадаларына (ауырлығы 4 санаттағы жедел медициналық шақырулар) арналған арнайы санитарлық автокөлікті отандық автоөндіруші «СарыарқаАвтоПром» Chevrolet Damas үлгісінің базасында және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің техникалық ұсыныстарына сай жасайды.


      Kaspi.kz басшысы Михаил ЛОМТАДЗ бұл туралы былай деді: «Барлығымыз денсаулық сақтау саласына орасан зор ауыртпалық түскенін көріп отырмыз, сондықтан біздің команда пандемиямен күресте алға шепте жүрген дәрігерлерге көмек көрсетуді басты міндет деп санады. Біз дәрігерлердің және денсаулық сақтау министрлігінің автокөлік жинақтамасы туралы талаптарын зерттеп, жедел жәрдем көлігіне арналған техникалық талаптарды әзірлеп, Қазақстанда жылдам жасап шығарып, бүкіл ел аумағындағы салалық медициналық мекемелерге қысқа мерзімде жеткізуге дайындадық. Арнайы жинақтамадағы алғашқы автокөліктер дәрігерлерге осы аптада беріледі».


    Вячеслав КИМ, Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы: «Біз дәрігерлер бригадасының шақыруларға уақытында барып, адамдарға көмектесуіне мүмкіндік болуы үшін мемлекетке 100 жедел жәрдем көлігін қайтарымсыз береміз. Отандық автоөндіруші «СарыарқаАвтоПроммен» бірге шетелде емес, Қазақстанның ішінде жедел жабдықтауға болатын көлік түрін таңдадық. Мұндай көліктердің жалпы құны 1 миллиард теңгені құрады. Мен қазір бизнес мемлекетке иық тосып, пандемияны жеңуге байланысты міндеттерді шешуге белсенді үлес қосуы керек деп ойлаймын».


      «Kaspi.kz ұсынған өлшемшарттар мен денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен маневрге оңтайлы автокөлік таңдалды, бұл жедел жұмыс үшін аса маңызды. Қазіргі жағдайды ескере отырып, біз жақын уақытта науқастарды тасымалдауға арналған медициналық, санитарлық, бактерицидті жарақтардың барлығымен, оның ішінде өкпені жасанды желдету аппараты, ЭКГ аппараты, ульсоксиметр мен дефибриллятормен жабдықталған көліктерді жасап шығарамыз», – деді «СарыарқаАвтоПром» директоры Сырым Семейбаев.


      Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ел аумағында күн сайын 1400 бригада медициналық жедел жәрдем көрсетеді, олар 26 мың шақыру қабылдайды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл жедел жәрдем қызметі мен қазіргі бар инфрақұрылым үшін айтарлықтай салмақ түсіріп тұр.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды