Алматы облысында біраз кресло босайды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 29.11.2018382

Сенсеңіз, дәл осындай мемлекеттік құрылымдарды оңтайландыру жобасы Алматы облысында дап-дайын тұр. Тіпті, аталған мақсат аясында облыстық басқармалар саны 25-тен 22-ге азаймақ. Айталық, аталған жоба туралы жуырда Астанада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай НҰРҒИСАЕВТЫҢ өзі мәлімдеме жасаған еді. Сонымен бірге, онда ол өңірдегі  басшылар мен орындаушылардың арасында  теңгерімсіздік бар екенін де атап өткен болатын. Нақтылап өтсек, оңтайландыру аясында аудандық бөлімдер саны 301-ден 200-ге дейін қысқарса,  өңір бойынша басшы лауазымдардың саны 1348-ден 947-ге азаяды делінген.   Осы ретте, Астанада қозғалған ресми әңгіменің пысықталмай қалған тұсы мен жетпей қалған жекелеген «жаңалығына» қанығу үшін облыстық департамент басшысы Серікбай Нұрғисаевпен тілдескен едік. Қысқа қайырым сұхбат қаз-қалпында беріліп отыр. Журналист: – Астанада жасаған мәлімдемеңізде Алматы облысындағы басқармалардың біразы қысқаратыны туралы айтыпсыз? Департамент басшысы: – Біз қысқарады деп ұсыныс бергізіп, соны қарап отырмыз ғой. Бүгін үшінші күн. Акимат шығару керек. Солармен жұмыс істеп отырмыз ғой. Журналист: Толыққанды пікіріңіз керек енді... Департамент басшысы: – Мен бұл мәселені Астанада эфирде бердім. Журналист: – Сонда сіздің айтуыңызша, ол басқармалардың әзірге аты белгісіз болғанымен, 25-тен 22-ге дейін қысқаратыны рас қой? Департамент басшысы: – Иә. Журналист: – Нақтырақ айтқанда, бұл басқармалардың қысқаруы қандай қажеттіліктен туып отыр? Департамент басшысы: – Басқармалардың қысқару қажеттілігі мынадай. Біз қазір дамыған 30 елдің ішіне кіреміз деп отырмыз. Ал олардың  жүйесінде 7 адамға бір бастық. Ал бізде екі адамға бір бастық. Ал қазіргі біздің алдымызға қойған мақсатымыз – бес адамға бір бастық болуы керек деп отырмыз. Бұл тек облыстық деңгейде емес. Өңірдің барлық аймақ-ауылдық жерлерін қамтиды. Өз кезегінде бұл қағазбастылықтан құтылуға да өз септігін тигізеді. Журналист: – Қысқарған адамдар жағдайы не болады? Департамент басшысы: – «Қанша адам?», «Қандай адам қысқарады?»,  «Олардың алдағы экономикалық жағдайы не болады?» деген секілді, солардың барлығын есептеп отырмыз. Қағида бойынша нақты-нақты қаралуда. Мысалы, төмендеген адамдар, бөлім бастығы болып тұрып бас маман болып қалса, бұл қысқаруға жатпайды. Яғни, біздің алға қойған мақсатымыз қысқарту емес, басшылардың санын азайту. Фото: sputnik.kg    

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды