Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күрес барысында 11 сатыға көтерілді

Сайт әкімшілігі

20.07.2020, 12:48

37

Президент Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қол астындағы адамдардың іс-әрекеттері үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі туралы: «Сыбайлас жемқорлық қылмысы орын алған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігі заңнамалық және нормативтік түрде реттелуі керек» деген болатын.

Трансперенси Интернешнлдің (Transparency International) 2019 жылғы жыл сайынғы ғаламдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнамасының нәтижелері 23 қаңтарда жарияланға болатын. Transparency Kazakhstan басшысы Ольга Шиян ел үшін мұндай көрсеткіштің үлкен жетістік екенін жеткізді.

Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күрес рейтингісінде 124-орыннан 113-орынға көтеріліп, жиналған ұпай санын 31-ден 34-ке көтерді.

Жалпы алғанда, бұл онша көп емес: индекстің әдіснамасы бойынша сыбайлас жемқорлықтың болмауы 100 балл, ал жалпы парақорлық – 0 баллық көрсеткіште болуы керек. Халықаралық ғылыми ұйымдар рейтингтерді Bertelsmann Foundation Transform Index, Economist Intelligence Unit Country Ratings, Freedom House Nations in Transit және World Economic Forum EOS – барлығы 9 дереккөздер негізінде ұсынады. Мысалы, IMD дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік туралы жылнамасы (IMD World Competitiveness Yearbook) Қазақстанға 55 балл, ал «Демократияның әртүрлілігі» (Varieties of Democracy Projec) жобасына – небәрі 17 балл берген екен. Осылардың есебінен, орташа балл 34 құрады.

Индекске барлығы 180 ел қатысады. Үздік позицияларда әрқайсысы 87 ұпайдан тұратын Жаңа Зеландия мен Дания, төменгі орында – Сомали (9 ұпай), Оңтүстік Судан (12) және Сирия (13).

Посткеңестік кеңістіктегі көшбасшылар Грузия – 56 ұпай, 44-орын, Беларусь – 45 ұпай, 66 орын, Армения – 42 ұпай, 77 орын.

Қазақстан баяу болса да, өз позициясын жақсартып келеді. Ең төменгі нәтиже 2013 жылы көрсеткен болатын – сол кезде ел 26 ұпаймен 140-шы сатыға іліккен болатын. Өткен жылы олардың саны сәйкесінше 124 және 31 болды. Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы болып қала береді, сонымен қатар Молдова (120 орын), Украина, Әзірбайжан, Қырғызстаннан (барлығы – 30 ұпай, 126 орын), Ресейден (137 орын) жоғары тұр. Аймақ елдері арасында ең төменгі орынды Түрікменстан алды – 19 ұпай, 165 орын.

Биылғы тақырыптар – саяси ашықтық, саясат, ақша мен сыбайлас жемқорлықтың арақатынасы, науқанды қаржыландыру ережелерінің саяси билік пен сайлауға әсері.

Халықаралық сарапшылар саяси шешім қабылдау қоғамдық мүддеге қызмет етеді және сыбайлас жемқорлықты, егер саяси партиялар мен лоббистік қызметтің қаржылық есептілігі мен ашықтығының нақты ережелері болған жағдайда шектейді деп тұжырымдайды. Сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде мұндай ережелер заңнамада баяндалған және қаржыландыру көздері қоғамдық бақылау үшін ашық. Науқанды қаржыландыру ережелерін ұстанатын елдер орташа есеппен 70 балл жинайды, ал мұндай ережелер болмаған немесе олар сақталмаған жерлерде – 34-35 балл.

«Трансперенси Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан алғанда Қазақстан жақсы нәтижелерге қол жеткізді: ел GRECO-ға (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы) қосылды, сыбайлас жемқорлықтың әсерін тигізбейтін бірде-бір сала жоқ екенін мойындады.

Сондай-ақ, сот жүйесін реформалауда алға жылжу бар, соттардың сыбайлас жемқорлыққа бейім екендігі мойындалды, олар жауапқа таратыла бастады және мәселені шешу оны мойындаудан басталады. Рейтингтің өсуі – бұл үкімет пен президент таңдаған жол: сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу. Президент өзінің лауазымына кіріскеннен кейін оның жұмысының басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұстанымы айтқан болатын.

Өсудің екінші жағы – сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды босатуға іріктелген тәсілді жоққа шығару. 2018 жылы сыбайлас жемқорлықпен сотталған адамдарға залалдың толық көлемін және айыппұл төлеумен шартты түрде босатылуға мүмкіндік беретін түзетулер қабылданған. Бұл тәжірибе өткен жылы белсенді қолданылды.

2020 жылдың 15 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі.

Ұсынылған түзетулерді үш блокқа бөліп қарастыруға болады:

Біріншісі сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Судьялар, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін қатаң жауапкершілік пен санкциялар енгізу ұсынылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жағдайын модельдеу арқылы парасаттылықты тексеру институты (Integrity Check) құқық қорғаушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда тиімді тежеуші тетік болады.

Егер тексерілуші ұсынылған пайда мен артықшылық алуға келіссе, ол үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке оралу құқығынсыз теріс себептер бойынша жұмыстан босатылады. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтетін тағы бір шара аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін еселі айыппұл қолдануды болдырмау болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті өзге де адамдар, олардың жұбайлары, кәмелетке толмаған балалары үшін де сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу енгізу – шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашуға және иелік етуге тыйым салу ұсынылады.

Бастамалардың екінші блогы ұлттық заңнаманы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен үйлестіруге бағытталған. ЭЫДҰ мен Грекияның озық тәжірибесі мен стандарттарына сүйене отырып, «пара ұсынуды» және «параны қабылдауды» криминалдандыру ұсынылады. Бұл мемлекетке залал келтіргенге дейін парақорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді және айқын алдын алу әсері болады.

Сонымен қатар, Агенттік «сыбайлас жемқорлық» ұғымын жеке секторға таратуды ұсынады. Алдыңғы қатарлы елдердің көпшілігінде «сыбайлас жемқорлық» термині мемлекеттік, сондай-ақ жеке секторға да тең дәрежеде қолданылады. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор басшылары ғана сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылады.

Мысалы, коммерциялық банктер мен табиғи монополиялар субъектілерінің жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, олардың қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатқызу орынды көрінеді. Бұл жағдайда оларға жауапкершіліктің барлық көлемі таратылады.

Бастамалардың үшінші блогы қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған, ол бүгінгі күні айтарлықтай бедерге ие болып, оны бірқатар үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық алаңдар іске асырады (мемлекеттік органдар жанындағы Қоғамдық кеңестер, ұлттық алдын алу тетігі, бақылау комиссиялары және т.б.).

Мысалы, Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік және ақпараттық-ағарту топтары, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері жүйелі негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қадағалайды, мемлекеттік органдар қызметіндегі проблемаларды анықтайды және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша сындарлы ұсыныстар енгізеді. Мұндай ұсынымдар міндетті сипатта болмаса да, бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда белсенді қолданылады.

Ұсынылған түзетулерді қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Еркежан АРЫН

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43