Қызылордалық экологтар "мейірімділігі" үшін тергеуге алынды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 13.12.2018457

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті қызметкерлеріне қатысты тергеу жұмыстары басталды. Департамент басшысының орынбасары Ерлан Іздібаев пен бөлім басшысы Балғабек Баймаханов ҚР Қылмыстық кодексінің 361 бабы бойынша күдікті ретінде жауапқа тартылып отыр. Шенеуніктер табиғат пайдаланушыларға салынған айыппұлдардың мөлшерін қасақана азайтқаны үшін және қоршаған ортаға келтірілген залалды дұрыс есептемегені үшін жазаға тартылулары мүмкін. Экологтар мемлекет қазынасына 3 миллион 600 мың теңге көлемінде залал келтірді деген мағлұмат бар. «Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қоршаған ортаға көлемді залал келтірген мекемелерге айыппұлды тиісті көлемде салмағандығы анықталуда. Қылмыстық іске сараптамалық баға  берген түркістандық мамандар осындай қорытынды берді. Анықтау шаралары жүріп жатыр», - деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы. 2018 жылдың сәуір айында  экология департаментінің инспекторлары уран өндіретін «РУ-6» серіктестігі мен «Шалқия Цинк ЛТД» мекемелеріне тексеру жұмыстарын жүргізген. Қылмыстық іс осы жағдайдан кейін қозғалып отыр. Экологтар өз міндеттерін дұрыс атқармай, заңсыз әрекетке барған деген күдік бар. Департамент инспекторлары алдымен «РУ-6» мекемесін тексерген. Мұнда мекемеге қарасты уран кен орнында ұңғымаларды іске қосу барысында олқылық орын алған. Яғни, құбырлар жалғанған түсынан күкірт қышқылы ерітіндісі араласқан судың төгіліп, техника аумағындағы жерді бүлдірген. Нәтижесінде, ҚР Экологиялық кодексінің 199 бабы, 3 тармағының І тармақшасы сақталмағандығы анықталған. Ал, тергеуге іліккен департамент басшысы өзінің кінәсі жоқ екенін айтып, ақталуда. - Заңға сәйкес департамент мамандары серіктестіктің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас маманы Зухра Ахметова мен «Қарамұрын» ГАУ бастығының орынбасары Бекзат Ізімбетовке айыппұл салған. Алайда, түркістандық мамандар айыппұлды қызметтік тұлғаларға емес, мекеменің өзіне салу керек деген қорытынды шығарып берген. Бұл заңсыз әрекет болып табылады. Бұл жерде тексеруді бағалаған әріптестеріміз ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 30 бабын негізге алмай отыр. Экологиялық кодекстің 322 бабында қоршаған ортаға келтірілген зиян ғана өтелуге жатады делінген. Эксперт мамандар заң бұзушылықты анықтамастан және нақтыламай табиғатқа зиян келтірілді деп қорытынды шығарған. Қысқаша айтқанда, сауатсыз мамандардың кесірінен біз жапа шегіп отырмыз», - дейді Ерлан ІЗДІБАЕВ. Шенеуніктің сөзіне қарағанда, құқық қорғау органдарының тағып отырған айыптары негізсіз көрінеді. «Шалқия цинк» мекемесіне қатысты да түсінбеушілік орын алып отыр деп ақталады. Тақырыптық тексеру соңы дауға ұласып, ақыры аяңғында заң аясында әрекет еткен мамандар күдікке ілініп отырған көрінеді. Қазіргі күні қылмыстық іске әлі нүкте қойылған жоқ. Күдіктілер қызметтерін жалғастырып жатыр. Екі өңір мамандарының өзара тартысы қалай аяқталатындығы әзірге белгісіз. Фото автордікі.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды