Кинодағы бітпейтін қырқыс

Сайт Әкімшілігі - 21.07.20201216

                          

Ермек Тұрсынов пен министр Райымқұлова бастаған топтың дауына Асанәлі араласты

Жаңа президент болып режиссер Ақан Сатаев тағайындалған «Қазақфильм» күні кеше мәлімдеме жасады: олар қазір үстінен тергеу жүріп, істі болып жатса да, Ұлттық киноны қолдау орталығына әлі басшылық етіп отырған Гүлнәр Сәрсеновамен бірлесіп жұмыс істейтіндерін мәлім етті.  


     Бұл дегеніміз – Алматыдағы Ұлттық киноны қолдау орталығының кеңсесі жақын арада «Қазақфильм» киностудиясына көшеді. Райымқұлованың тобы осы «жүрісімен» Тұрсыновты жақтайтын киногерлер тобының кезекті шабуылына қарсы жауап беріп отыр. Сатаев пен Сәрсенованың бұл мәлімдемені асығыс құрастыруына Асанәлі Әшімов бастаған бір топ өнер қайраткерінің президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жазған хаты себеп болды. «Мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлері тарапынан қызметтік этика өрескел бұзылып отыр» деп, ашық айып таққан Асанәлі Әшімов, Нұржұман Ықтымбаев, Сатыбалды Нарымбетов, Есетжан Қосубаев, Болат Қалымбетов, Рүстем Әбдірашев, Анар Қашағанова,  Тасболат Мерекенов, Нұрлан Санжар және Абай Қарпықов сияқты майталмандар Ермек Тұрсыновтың жағында.

      Олар Тоқаевқа жазған хатында мәдениет және спорт министрлігінің қызметте отырғанына бір жыл да болмаған «Қазақфильмнің» бұрынғы президенті Арман Әсеновті лауазымынан алдап кетіргенін айтады. 9 маусым күні А.Әсенов киностудияның басқарушы директоры Қ.Төребаймен бірге Нұр-Сұлтанға шақырылып, министрлік оларға басқа жұмысқа ауысатынын хабарлайды. Әсеновке «Ұлттық киноны қолдау орталығының төрағасы боласың», Төребайға «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып тағайындаласың» деген. Еш күмәндері болмаған Әсенов пен Төребай қызметтерінен босату туралы арыздарын жазып, Алматыға қайта ұшып кеткен. Хат авторлары енді бір ай үнсіздіктен кейін «Қазақфильм» президенті болып режиссер Ақан Сатаевтың тағайындалып отырғанымен келіспейді, «елдің кино қауымдастығында жікке бөлінушілік болып жатыр, дау-дамай мен текетірестер бір жылдан бері басылмай келеді» деп президентке шағымдануда.

     Енді мәдениет министрлігі бұл шабуылға жауап ойлап тапса, кино саласының кәрі тарландары жаңа шабуыл жасайды.

«Өмірдің өзі – кино» дегендей, бұл «қырқыс киноның» жақын арада аяқталуы екіталай.


Ә.АҚЫЛБАЙ


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды