"Коронавирус болу" деген не?

Сайт Әкімшілігі - 21.07.20201086

                              

   Адам басына іс түспей, ештеңені ұқпайды. Ол рас. Мен коронавирус болдым, яғни осы дертке ұрындым. Жеңіл түріне. Енді «коронавирус болу» дегеннің не екенін айта кетейін. Араларыңызда «ол тұмауға ұқсайды, жай әншейін нәрсе екен» дейтіндер бар.

 Ол тұмау болса, жай адамды қойшы, дәрігерлердің өзі осылайша қырылып қалар ма еді? Соны неге ойламайсыздар? Мәселен, Алматы облысында 45 медицина қызметкері осы кеселден көз жұмды.  Шындығында, бұл аурудың емі жоқ. Сондықтан қазір алдағы қиын кезеңге деп, бүкіл медицина саласы жанталасып дайындалып жатыр. Ол – қазан-қараша-желтоқсан айлары. Неге бұл кезең дейсіздер ме? Айтайын.

 Менің түсінігімде, барлығы екі нәрседен кейін ушыққан. «Ауруын жасырған өледі» дейді қазақ. Біріншісі – осы. Біздегі карантин шетелдегідей қатаң болған жоқ. Індет өршіп тұрғанда бәрібір адамдар көшеде жүрді. Ауру жұқтырушылар саны күннен-күнге өсіп жатты. Оны жақсылап жасырды. Нақты цифрды айтпады. Ал карантин ашылғанда  жұқтыру үлкен қарқынмен жүрді. Енді ештеңе ауыздықтауға келмей қалды. «Маска тақ, арақашықтықты сақта» деген жайына қалды. Өйткені адамдардың көбірек қырылғанына мүдделі алпауыттар «бұл ауру жұқпайды екен, анау-мынау» деген түрлі сыбыс пен аңызды интернет арқылы кеңінен таратты. Адамдар коронавирустың қаупі жайлы ресми тарап жатқан нақты ақпаратқа емес, сол түрлі сыбысқа сеніп, ақыры осындай масқараға ұрынды. Бұл – екінші себебі. Бірақ одан сабақ алған жұртымды көріп тұрған жоқпын. Әлі бейқам, әлі салақ. Әлі өз-өзін алдап, болмайтын бір әңгімелерге сенеді. Маскасыз жүрген ел әлі көп. Енді сол ауру жұқтырмаған адамдарға шындықты айтайын.

      Коронавирус жұқтырдым дегеніңіз – иммунитетсіз қалдым деген сөз (СПИД-тің дәрісімен емдейді деген бекер емес). Әйелдер жағы түсінетін шығар, бұл жаңа босанған әйелдің күйі секілді. Тоңазытқышты ашып, ішінен үп еткен суықтан-ақ ұшып кететін. Иә, бойыңызда вирус бар екенін білдіріп, алғашқы сәтте дене қызуыңызды бұрқ еткізеді. Оны аспирин және парацетамолмен түсіресіз. Міне, осыдан кейін қаншама адам түк болмағандай қазір жұмыс істеп жүр. «Жазылдым» деп ойлайды. Бірақ бұл жазылғанға жатпайды. Керісінше, ішке түскен вирус адам ағзасының әр мүшесін қабілетсіз ету үшін жанталасып жұмысқа жең түре кіріседі. Сондықтан міндетті түрде дәрігерге көрініп, 1-2 аптаға дәрі жаздырып алу керек. Көбінесе бұл вирусқа қарсы тұратын дәрі-дәрмектер болып келеді.

     Неге коронавирус жұқтырған адамды 15 күн бойы ауруханада ұстайды? Соны ойладыңыздар ма? Басында ауру белгісі болмаса да, ауруханада қамап ұстап, оларды бақылады ғой. Дәрігерлер ерігіп жүр деп ойлайсыздар ма? Қай кезде, қай сәтте алып түседі екен деп бақылады, қаннан вирустың бары шығып тұрған соң. Осы 15 күннен аман өтсе, адам бойында сол вирусқа қарсы қызмет ете алатын антидене пайда болады екен. Міне, сол антидене пайда болғанға дейін адам денсаулығын, өмірін қауіпке тігеді. Сондықтан бір рет қызуыңыз көтеріліп, одан аман шықсаңыз, алдағы 15 күн бойына дәрі-дәрмек қабылдап, өз-өзіңізді күтумен айналысуыңыз керек.

       Ең алдымен, ыстық шайды көп ішу керек. Өйткені вирус ағзаны былғап, улап жатады. Соны әр күн термен шығарып отыру керек, әйтпесе ол у жайылып, бауыр, бүйрек, ақыры жүректі зақымдайды. Тамырларды жаратын әдеті болғандықтан, аскорбин қышқылы дәруменін ішу керек. Ол тамырлардың қатты болуын қамтамасыз етеді. Ал тағайындалған дәрі-дәрмек вирустың өршуін басып отырады.

      Қазір ауруханадан жазылып шыққан адамдардың өзіне (ауырғандарына бір айдан аса уақыт өткен) «күтініңіздер» деп, дәрігерлер бекер айтып жатқан жоқ. Ауруханадан шыққан соң да, 10-15 күн денсаулықты байқау керек. Ал біздегілер не істеп жүр? Бір ауырып, аунап тұрғандар күні бойы жұмыста бір шыныаяқ шаймен жүре береді. Әрине, олар кезекті мәрте құлайды. Бірақ тағы оны коронавирус деп ойламайды. Тағы да суықтап қалыппын, көз тиді, тағысын тағы деп, өздері бірдеңе ойлап тауып алады. Өз-өзіңізді олай алдамаңыз. Денсаулық түзеуге келмейді. Күй кетсе бойдан қайта оңалу оңай шаруа емес.

       Иә, коронавирустың жұмысы да сол: адам күйін кетіру. Ал жағдайға нақты көзі жеткендер барлығын ысырып тастап, өз-өзін күтумен айналысып жатыр. Базардағы қымызды да, басқасын да қоймай алып жатқандар солар. Бұл, негізінен, дұрыс нәрсе. Бір ауырған адам өз-өзін күтуі керек, әйтпесе ертең қиын болады. Дәрігерлер мұны реабилитация деп атайды. Міне, осы оңалту кезеңін көп адам елемей, жіберіп алып жатыр. Ал олар ертең күзде қатты қиналуы мүмкін. Мұны дәрігерлер жақсы біліп отыр, қазірдің өзінде Қазақстан «алдағы эпидемиологиялық қиын жағдайға» деп, шетелден 4,5 мың жасанды тыныс алу аппаратын алдыртуда. Оның мәнісі мынада. Мәселен, бір ай ішінде адам бойында вирусқа қарсы антидене қалыптасты делік, бірақ ол да мәңгілік емес екен. Дәрігерлердің айтуынша, ол үш айға ғана жарамды. Яғни қазір коронавирус жұқтырғандар үш айдан соң қайта ауыра бастайды. Ал бұл дегеніңіз – 2 миллион адам. Президенттің кеңесшісі Олжас Құдайбергенов (мамандығы экономист) желіде осы цифрды өзінше санап шығыпты. Оның есебі бойынша кем дегенде 2 миллион қазақстандық коронавирус жұқтырған. Бұл еліміздегі пневмония мен коронавирус статистикасын біріктіру туралы шешімнен кейін долбарлап, есептелген көрсеткіш. Енді 100 коронавирус адамның ауру жұқтыру қабілеті мен 2 миллион адамның ауру жұқтыру қабілеті қандай болатынын көз алдыңызға елестете беріңіз. Осыдан кейін қалай қорықпай маскасыз көшеге шығуға болады, айтыңыздаршы? Енді билік маска кимейтіндерге жанталасып айыппұл салуға көшкендері де сол болуы керек. Денсаулығы дұрыс, сапалы адам керек шығар бұл елге де. Ал ана 2 миллионның шаруасы тынған енді. Оларды «отработанный материал» дейді өз тілдерінде. Сондықтан араларыңызда ауру жұқтырмағандар бар болса, онда осы «отработанныйлардың» қатарына өтіп кетпеуді ойлаңыздар. Бұл жай әншейін нәрсе емес. Сонда не істеу керек дейсіздер ме?

       Мысалы, намаз оқитын адамдарға жақсы. Олар бес уақыт аузын, мұрнын шаяды, бес уақыт намазға жығылып жаттығу жасайды, тіпті аяттар оқу арқылы өкпесін жаттықтырады. Оларға маска кисе жетіп жатыр. Ал намаз оқымайтындар ше? Көшеге шыққанда маска тағып, арақашықтықты сақтау керек. Көп сөйлеу әдетіңіз болса, одан арылған жөн. Амандасқанда бас шұлғысаңыз жеткілікті. Қаза болғандарға телефон арқылы көңіл айту немесе зират басынан қайту. Той, басқасының бәрін қою. Сырттан келгенде сабындап жуыну, тамақты, мұрынды қайнаған жылы сумен шаю. Оқшаулануға үйрену. Одан кейін қимыл керек. Таңертең жаттығу жасау, түстенгеннен кейін жаттығу жасау дегенді әдетке айналдыра алсаңыз жақсы болады. Ал психологиялық тұрғыда «қазір соғыс болып жатыр, ал көшеде коронавирус деген оқ зулап жатыр, соған ілініп кетпейін» деп ойласаңыз, бұл жағдайға тез бейімделе аласыз. «Сақтанғанды Құдай да сақтайды» демекші, аман болыңыздар, қазағым!

P.S. Өткенде білім министрлігі қыркүйекте сабақтың қашықтан оқылатынын хабарлады. Бұған наразы болғандар табылды. Енді министрлік баласын мектепте оқытқысы келетіндерге арнайы сынып ашамыз депті. Бұл қандай жүрек жұтқандар екен деймін-ау. Баланың денсаулығынан білімі маңызды ма сонда бұл адамдарға?

Ербол АЗАТҚАЛИ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды