COVID-19: Індет іргеден қысқанда еріктілер етекке оралды

Сайт Әкімшілігі - 21.07.20201643

Шақырусыз келген коронавирус ешбір тосқауылға тоқтайтын емес. Құтырып барады. Қазір күн сайын кесел жұқтырғандар саны 1600 адамнан асып жығылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев індетке қарсы күрес шараларын тағы бір пысықтап өтті. Барлық министрлер мен әкімдерге бес күн ішінде ауруханаларды оттегімен толық қамтамасыз етуге тапсырма берді. Дәрігерлерге көмек беру мақсатында жер-жерде еріктілер тобы жасақталды. Бірақ сол еріктілерден  дәрігерлерге зияннан басқа тиіп жатқан ештеңе жоқ. Алматыдағы коронавирус кеселіне шалдыққандарды емдейтін провизорлық стационар мен сол мекемеге көмек беруі тиіс волонтерларға қарап осындай шешімге келдік. Тіпті ары-беріден соң, «волонтерлар кең жүректі мейірімді жандар ма, әлде ақпараттық диверсант па» деген сауалға жауап беруден тосырқайтын болдық.

       Әңгіме алматылық волонтерлар «көсемі» Аида Букаева жайында.

Соңғы уақытта фейсбук желісінде Аида Букаева деген волонтер «ковидпен күресіп жүрген дәрігерлерге көмек беріп жүрміз» деп жиі айтып, жазады. Бірақ Аида Букаеваның көмегінен гөрі байбаламы жер жарады. Түркістан облысын аралап шыққан волонтер-ханым түрлі медициналық мекемеге өзінше баға беріп шықты. Ең қызығы – өзін «денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың «оң қолымын» деп таныстырды. Мейлі ғой, «оң қол» болса, оң қол-ақ болсын. Бірақ министрдің сеніміне кіріп алып, өзгелерге зиянын тигізбей жүрсе бір жөн ғой.

      Бүгінде Аида Букаева Алматыдағы провизорлық стационардың қызметкерлеріне әбден өшігіп алған. Жақында ғана «Мынау Мақатаев көшесіндегі ауруханадағы кешкі астың түрін қараңыздар! Қымбат дәрі сатып аламыз деп, ашқұрсақ жүрген адамдарды мынандай аспен қалай сүйреп шығамыз?» деп «шырылдады». Шын мәнінде дәл сол күні Мақатаев көшесіндегі провизорлық стационарда ондай кешкі ас берілмеген. Ол жайында мекеме қызметкерлері пост астында дәлелдеп жазды да. Екіншіден, ковидпен ауырып жатқан науқастарды тамақтандыру Қазақстан Республикасы үкіметінің 2002 жылғы №128 арнайы емдеу-профилактикалық мекемесіндегі адамдарды тамақтандыру туралы қаулысы және денсаулық сақтау министрлігінің 2002 жылғы №343 бұйрығына сәйкес жүзеге асады. Белсенді айтқандай, бекітілген ас мәзірін «майлы-қою» тамаққа ауыстыратындай ешкімнің басы екеу емес. Сондықтан Аида Букаеваның ауруханадағы ас мәзіріне бас қатырып, жалған ақпарат тарататын жөні жоқ.

       Аиданың екінші байбаламы – қоқыс мәселесі. Аурухана қоқысы график бойынша белгілі күндерде шығарылады. Онымен айналысатын қаланың коммуналдық мекемесі бар. Ол мекеме сенбі-жексенбіде  жұмыс істемейді.  Өткенде Аида Букаева дүйсенбі күні таңғы сағат алты шамасында келіп алып, қоқыстың бәрін видеоға түсіріп жатты. Бір сағаттан кейін, таңғы сағат 7-де қоқыс тазалайтындар әдеттегідей жұмысқа шығып, қоқысты шығарып әкетті. Сөйтсек, Аида Букаева әлеуметтік желідегі парақшасында «министр қоқысты шығартып тастатты» деп, елді тағы бір дүрліктірді. Ал шын мәнінде коммуналдық мекеме өзінің жұмысын әрдайым осылай таңғы сағат 7-де бастайды. 

     Волонтерлардың тағы бір ерсі қылығы – үстеріндегі қорғаныш киімдерін басып киіп алып, «таза аумақтан» «лас аумаққа» рұқсатсыз өтіп кете береді екен. Бұл жөнінде медицина қызметкерлері былай дейді: «Негізінен,  науқастар бөліміне сырттан бөтен адамға кіруге мүлдем рұқсат жоқ. Бірде бөлімшеге білдірмей өтіп кеткен Аида Букаева айқайлап видео түсіріп жүр. Науқастар шошып кеткен. Палаталарынан шығып, үрке қарап тұр. Медбикелердің «шығыңыз» деген сөзін тыңдамайды. Ал ол жерде небір жағдайда жатқан адамдар бар. Оларға мұндай айқай-шу психологиялық тұрғыда қатты әсер етеді. Тағы бірде «демеушілеріміз медқызметкерлерге беріп жіберді» деп, қызыл балық әкепті. Оны бас медбике жұмыс соңында жатақханада тұратын медбикелерге үлестіріп беріп, видеоесеп жіберді. Аида Букаева сонда да әлеуметтік парақшасында «мен апарып берген қызыл балықты бермеді, бас медбикенің бөлмесінде қалып қойды» деп, тағы да жалған ақпарат таратты.

      Бұл күнде біз немен айналысуымыз керек екенін білмей қалдық. Аида Букаеваның әрбір айтқан сөзін не растап, не жоққа шығарып отырамыз ба, әлде науқастарды емдейміз бе? Бұл неғылған бейбастық?! Онсыз да біз қаншама айдан бері үйімізге бармай, бала-шағамызды көрмей, осында жан алысып, жан берісіп жүрміз. Тіпті бес-алты айдан бері үйіне бармаған, аяқ-қолын созып, бала-шағасының жанында бола алмай, немересінің түрін телефоннан ғана көріп, сағынып жүрген қызметкеріміз қаншама?! Науқастарды  ажал тырнағынан аман алып қалуға барымызды саламыз. Құтқара алмай қалғанда психологиялық күйзеліске түсіп, біз де іштей қан жылаймыз. Осындай соғыс жағдайында жүрген медқызметкерлерге «қоқыс», «балық», «анандай тамақ бермепті» деп, түймедейді түйедей етіп, жала жабу одан сайын үлкен соққы. Волонтерлардың негізгі қызметі – науқастардың туған-туысы әкелген затты аурухана ғимаратына дейін жеткізіп беру ғана. Аида Букаеваның волонтерлары да сондай қызмет атқаруы тиіс. Бірақ ол тым шектен шығып барады. «Ана қызметкерді жұмыстан шығар, мына адамды жұмысқа ал»», «дәрінің қорын тексерем», «асхананы тексерем» деп қоқаңдайды. Медициналық қызмет сапасын тексеретін мекеменің бүкіл құзыретін бір басына жүктеп алған. Әлеуметтік желіге сағат сайын бізді қаралап пост жазады да жатады. Біз оған мән бермес те едік. Бұл бізде жатқан науқастардың да көңіл күйіне кері әсерін тигізері анық. Дәл қазіргі сәтте науқастарға психологиялық демеу қажет. Олардың тезірек айығып, аяқтан тұрып кетуіне психологиялық қолдау керек. Ал біз Аида Букаева басқаратын волонтерлардан ондай қолдау көріп отырған жоқпыз».

      Дәрігерлер Аида Букаева бастаған еріктілерден жәрдем көрмек түгіл, сонадайдан көрсе қашып, жасырынатын болды. Өйткені бес-алты нөкерін соңына ертіп, таң атпастан аурухана алдына келіп, «бұл аурухананы жарып жіберемін» деп айқай салды. Сөйтіп, жазып алған бейнеайқайын әлеуметтік парақшасына жүктепті. Қазір бұл іспен құзырлы орындар айналысып жатыр.

Волонтерлар тарапынан заңсыз талаптар күшейіп, оның соңы насырға шаба бастағасын денсаулық сақтау министрі Алексей Цой белсенділерді жинап, жиын өткізді. Жиналыс барысында волонтерларды өзімбілемдікпен айналыспауға шақырды.

     Жалпы, коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге еріктілерден гөрі еріккендер келетін сияқты. Сондықтан алдағы уақытта волонтерлардың осындай «көмегі» керек пе деген заңды сұрақ туады.  Егер жағдай түзелмесе, ондай «көмектен» дәрігерлер де бас тартуы әбден мүмкін.

      Естеріңізге сала кетсек, елімізде 200-ден астам волонтерлік ұйым бар. Бірақ Аида Букаева басқаратын ұйымнан басқасының ешқайсысы дәрігерлерге осыншалықты  кедергі келтірген емес.


Тоқтар ЖАҚАШ


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды