Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі - 21.07.20202174

  Өткен апта біздің қоғам үшін қайшылықтар мен қарсылықтарға толы болды. Қалыптасқан жағдайға қарай, Мамин үкіметінің шаңын қаққан пікірлер қаулап, бұқара қауым біраз нәрсені даулап, даурықты да қалды.  Қазір үкіметтің біраз бастамасына қатысты базына айтқандардың қатары көбейіп тұр. Ендеше, елдің көңілін күпті еткен осы жайттарды електен өткізіп көрсек.

     Халықты елеңдеткісі келді ме, әлде өзіміздегі емдеу мекемелері жыл соңына дейін тыныс алу аппараттарымен толыққанды қамтылатынымен көпшіліктің көңілін орнына түсіргісі келді ме, ол жағы беймәлім, әйтеуір,  өткен аптада Алексей Цой басқарып отырған денсаулық сақтау министрлігі Тәжікстанға 100 тыныс алу аппаратын жеткізу туралы бастама көтерді. Сол-ақ екен, министрліктің бұл мәлімдемесін сынаған пікірлер қаулап кетті. «Өзіміз қан түкіріп жатқанда өзгені жарылқау немізді алған» деп, бірқатар қоғам белсенділері қарсылық танытты, қарапайым көпшілік те қарсы пікірлерді қарша боратты.  

     Бұдан соң, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 42 500 теңгені қайта беру туралы бастамасы да қатты сынға ұшырады.  Жыртыққа жамау да болмайтын осы  қаражат төңірегіндегі дау әлі басылар емес. Бұған қатысты көпшілік арасында «Көшеде бетперде тақпай жүрсең, салынатын айыппұл – 42 500 теңге. Демек, біз осы қаражатты алып, сол айыппұлды төлейміз» деп келеке еткендер де болды.

    Сондай-ақ дәрінің жетіспеушілігі, жолды жауып, хит болған әкімнің әрекеті, дәріханаға барып кезек күткен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «идеясы», «қалада дәрі жеткілікті, «дәрі жоқ» деп жүргендер хайп қуғандар» деген әкім орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың қылығы, «енді пневмонияны да коронавирустың статистикасына қосамыз» деп мәлімдеген министр Цойдың сөздері қоғамдағы сын пікірлерді біраз қыздырды. Үкімет пен әкімдер осылай деп жатқан тұста халық өз көңілін өзі жұбатқысы келді ме, әйтеуір, бұған қосымша серпінді ойлар да айтыла бастады. Әлеуметтік желіде жалған болса да, елдің көңілін серпілтетін бірқатар жағымды «жаңалықтар» айтыла бастады.

      Мысалы, «Үкімет ер адамдар 61 жастан, әйелдер 57 жастан зейнетке шығатын қаулы шығарыпты» деген әлеуметтік желі арқылы тараған ақпарат біраз адамның көңілін сейілтті. Халық мұның жалған ақпар екенін біліп отырса да, желі арқылы біріне-бірі жолдап, «осыны неге талап етпейміз» деген пікірлер легін қыздырды. Бұдан соң, елдегі балалардың құқығын қорғаушы Аружан Саин «42 500 теңге отбасындағы әр балаға берілуі керек» деп еді, нақ осы пікір біраз жұртқа майдай жақты. Көпбалалы аналардың 90 пайызы осы пікірді әлеуметтік желілерге жариялап, тіпті редакциямызға хабарласып, бұл бастаманы қолдауымызды сұрады. Әрине, БАҚ өкілі ретінде біз мұны қолдауын қолдаймыз-ау. Бірақ былтыр әр балаға  21 мың теңгеден жәрдемақы  төлеуді бюджетке салмақ көрген үкімет бала басына биыл 42 500 теңгені қайдан төлей қойсын?! Өкінішке қарай, біздің биліктен мұндай жомарттық шыға қоймасы тағы белгілі. Тіпті «пандемияға орай, билік Алматы облысынан әр азаматқа 10 сотық тегін жер беру бастамасын қайта көтеріпті» деген ақпараттар да бой көрсетті. Сірә, қарапайым халық өткен аптада ел президентінің «Қазақстан жері шетелдіктерге сатылмайды» деген сөзін өзіне ыңғайлап, көңілі қажет ететін дүниесін осылай сұрап алғысы келген тәрізді. Бұдан бөлек, ел арасында «1 тамыздан бастап МРТ, КТ аппараттарына түсу медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тегін болады екен, бірқатар дәрілерді де тегін алуға болады» деген тәрізді  аудиохабарламалар да тарап жатты. Тіпті Алматы қаласының тұрғыны Жанар Ерғалиева  бізге хабарласып, осы ақпараттың ақ-қарасын анықтап беруімізді сұрады. Өкінішке қарай, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын қоңыраулатып, ақпараттың мүлдем шындыққа жанаспайтынын ғана анықтай алдық.

      Пайымдасақ, қазір халық тегін жер алуды, тегін медициналық көмекпен қамтылуды, зейнетке ерте шығуды, баласына қажетті жәрдемақы алуды, бір сөзбен айтқанда, жақсы өмірді қатты қалайды-ақ. Бірақ әр салаға реформа енгізіп, жұртшылықты жақсылыққа бастағыш министрлер мұндайға келгенде үнсіз. Халықтың жайын ойлауы тиіс халық қалаулылары да осы мәселелерді көтеруге келгенде аса белсенді емес. Тіпті халықты қиындықта сүйеуі тиіс шенеуніктердің қайсыбірі «жалқаусыңдар, «өкімет өлтірмейді» деген түсініктен арылыңдар, өз күніңді өзің көруге ұмтылыңдар» деген үндеуді жиі қолданып жүр.  Сонда халыққа қайтпек керек?! Ел осылайша жақсы өмірді армандап,  өз қиялына өзі батып өмір сүре бере ме?! Біздің үкімет халықтың не қалайтынын біле ме екен, өзі?!

Тақырыпқа тұздық

 

 Халықты жұмыссыз қалдырмаудың амалдарын ойластыру керек

    Тақырыпқа орай, бізге пікір білдірген экономист-сарапшы Дәурен АРЫН былай деді:

  – Біз менсінбейтін, «жағдайы жоқ, ғылымы артта қалған» деп санайтын Оңтүстік Африкада құнарсыз, суы тапшы, нәрсіз жерлерде тұратын жандарға жалақысына қоса, үстеме төлемақы төленеді. Бұл үрдіс Үндістанда да жүзеге асып отыр. Қазір қазаққа қойылатын басты айыптардың бірі – жалқаулық дейді. Мұнымен келіспеймін. Өмір сүруге қолайсыз аймақта тұрып жатқан халықты жалқау деуге болмайды. Құзырлы орындар бұл мәселені мықтап ойластырып, халық алдындағы борышын ұмытпауы керек. Ішкі миграция мәселесін оңтайлы қарастырып, шөл және шөлейт аймақта тұратын, қолайсыз ауылдарды мекен еткен халыққа жұмыс істейтін орындар, өндірістер ашылуы керек. Халықты болашағы бар елді мекендерге ауыстыру ісін жеделдеткен жөн. Олай етпесек, 5-6 жылдан соң бұқараның жұмыссыз қалуы үдейді. Мемлекет әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған топтарға нақты жағдай жасауы керек. Бізде қазір қазақтың кедейлігін «жалқаулығынан» дейтіндер көбейді. Алдына жағдайын айтып барса, «еңбектену керек» деп көсемситіндер көп. Елде жұмыс орындары жоқ болса, жаңадан ашылған өндіріс орындары азайып жатса, олар қалай еңбектенеді? Осы жағын ойластырмасақ, ертең  жағдайы өте төмен халықтың саны артып, экономикамыздың дамуы кешеуілдейді. Сондықтан басты назарға осы жайттарды алу керек. Қазіргідей алмағайып кезеңде халықты жұмыссыз қалдырмаудың барлық амалын қарастырған жөн. 

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды