НАЗАРБАЕВ: «АУЫЛҒА БАРҒАНЫМДА МЕНЕН ЕКІ НӘРСЕ СҰРАЙТЫН...»

Дерек көзі: www.azattyq.org - 18.12.2018235

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақорда баспасөз қызметі Facebook-тағы парақшасында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатынан үзінді жариялады. Мұрағаттан алынған видеода президент табиғат аясында сұхбат беріп тұр. «Бүкіл ел 1992 жылы дүкен сөрелерінің бос болғанын ұмытты. Қант та, тұз да, киім де жоқ еді. Ауылға барғанымда менен екі нәрсені сұрайтын, “темекі бер”, “қант бер” дейтін. Біз мемлекетті кризистік жағдайларда құрдық», - дейді ол сөз арасында. Сондай-ақ, президент ретінде отанға қажет деп санаған дүниені жасап жатқанын айтады. Шағын роликтің соңында президенттің ел ішінде жүрген кезінен бірнеше жағымды кадр ұсынылады. Ал, жоғарыдағы видеоның қайда, қашан түсірілгені туралы ешқандай мәлімет берілмеген. Видеоны тамашалаушылар арасында «Бақытты жан!»; «Жасасын Елбасы!» сияқты жағымды сөздермен қоса «Тәуелсіздік жариялаудан басқа амал қалмады дей ма?» немесе «Қазақстан Республикасы 25-қазанда ең соңғы болып жарияланды», деп пікір білдіргендер де бар. Фото: mail.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.