"Ортақ валютаға қарсымын!"

Дерек көзі: www.azattyq.org - 19.12.2018179

Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ Еуразиялық экономикалық одақтың электронды валютасына қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы ведомство басшысы парламент қабырғасында журналистерге айтты. «Біз Ресей тарапынан жасалған мұндай ұсынысты қолдамаймыз. Бұл менің жеке азамат ретіндегі ұстанымым. Және саясаткер ретіндегі позициям. Ұлттық валюта - ту мен елтаңба сынды біздің тәуелсіздігіміздің бір символы. Сондықтан біз оны қорғауымыз керек», - деді министр Сүйлейменов. Министрдің айтуынша, бұл бастаманы Ресей ұлттық төлем кеңесі көтерген. Известия порталының жазуынша, электронды ортақ валюта Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Беларусь, Армения, Ресей арасындағы халықаралық сауда-саттықта пайдаланылады. Фото: 24.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.