Жээнбеков: "Қытайдағы қырғыздар - Қытайдың өз азаматтары"

Дерек көзі: www.azattyq.org - 19.12.2018182

Бішкекте Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің президент ретінде қызметіне кіріскелі бері алғаш рет ұйымдастырған баспасөз конференциясы өтіп жатыр. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, оған баспасөз жиыны кезінде елде қудаланған саясаткерлердің ісі, жақындарының билікке араласуы, экс-президенттің тиіспеушілік статусы, Шыңжаңдағы этникалық қырғыздардың жоғалуы сияқты түрлі сұрақтар қойылған.  Туыстарының билікке араласу мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берген Жээнбеков билікте тамыр-таныстыққа жол бермейтінін айтқан. Қазір президенттің екі туған бауыры лауазымды қызметте: бірі Асылбек Жээнбеков парламент депутаты, екінші бауыры Жусупбек Шарипов Қырғызстанның Украина мен Молдовадағы елшісі. ​Шыңжаңдағы этникалық қырғыздардың жағдайына қатысты бірінші рет пікір білдірген Жээнбеков бұл мәселені шешуде сақтық таныту қажеттігін айтқан.  "Бұл тұста дипломатиялық шеберліктің асқан үлгісін қолдану керек. Қырғызстанда 10 Қытай азаматы сотталған, бесеуі түрмеде отыр. Олар [Қытай] дабыл қағып жатқан жоқ қой. Қытайдағы этникалық қырғыздар - бұл Қытайдың өз азаматтары, олар сол елдің заңына бағынады. Олардың ісіне қалай араласамыз? Араласа алмаймыз. Бірақ түрлі дипломатиялық арналар бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Әлде маған да көшеге шығу керек пе?" - дейді ол. Соңғы уақытта Қытайдың батысындағы Шыңжаңда ұйғыр, қазақ, татарлардан бөлек этникалық қырғыздардың да жоғалуы жайлы ақпарат жиілеген. Бұған дейін туыстары Қытайда қамалған азаматтар Бішкекте жиын өткізіп, биліктен мәселеге араласуын сұраған. Баспасөз конференциясына 80-нен астам БАҚ өкілі тіркелген. 170-тен астам журналист қатысып жатыр.  Дереккөз: Азаттық радиосы

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.