Кім кінәлі: халық па, билік пе?

Сайт Әкімшілігі - 23.07.20201279

Ғаламторда белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың «қазақстандықтардың салғырттығы елдегі эпидемиологиялық ахуалдың шиеленісуіне алып келгенін, аурудың өршуіне қазақтардың ұят болады деп, жиындардан қалмауы себеп болып отыр» деген пікірі біраз талқыға түсті. «Ұзақ карантин кезінде коронавирустың таралуының шарықтау шегін болдыртпай, ұстап қалған едік. Алайда 29 мамырда шектеу шаралары қайта жеңілдегеннен кейін ауру жұқтырғандардың саны күрт өсіп кетті. Осы кезден бастап ойын-сауық орталықтары, дәмханалар мен мейрамханалар қайта ашылды. Басқа елдерде біздікі сияқты дәстүрлер жоқ. Қазақтарда баланың туғанынан бастап, университетке түскенге дейін той бітпейді: қырқынан шығару, тұсаукесер, сүндет той, тілашар, мектеп бітіруі, тағысы тағы бар. Жастар үйленсе, тағы бір тойдан екінші той шығып, қазақтар бірін-біріне қонаққа баруын қоймайды. Бұдан бөлек, туған күндерді айтпай-ақ қоялық. Міне, үйлерінде ұзақ отырған адамдар іштері пысып, одан қалса, ұят болады деп, шақырған жерге қалмай барады. Ал айтулы күнді дүйім жұртқа жар салып тойламау – біз үшін ұят дүние. Олар мұның арты індетке жаппай шалдығуға алып келетінін уайымдамайды», – дейді кәсіпкер. Айтуынша, тұрғындар барынша шектеу шараларынан қашып, тіпті үлкен той-томалақтарға келетін қонақтарды үш ауысымға бөліп, 30 адамнан шақырған кездер де болыпты.  

Рас, сөзінің жаны бар. Талай жылдан бері бір-бірінің қуанышына, қайғысына ортақтасып, үйреніп қалған қазекемнің карантин кезінде де бас қосқаны өтірік емес. Онысын санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамады, маска тақпады, оқшауланбады, карантин талаптарын бұзды деп, еліміздегі денсаулық сақтау министрлігі де сынға алды. Алайда таяқтың екі ұшы бар емес пе? Әрине, бәріміздің де қит етсе кінәні біреуге арта салғымыз келіп тұрады. Себебі жауапкершіліктен қашамыз. «Сүттен ақ, судан таза» болғымыз келеді.

Халықтың тәртіпке бағынуы, өзінің ғана емес, басқаның да өміріне жауапкершілікпен қарауы, індеттің қауіптілігін түйсінуі адамның сана-сезіміне байланысты емес пе еді? Қазіргі қоғам зиялыларының ұлттық идеологияны дұрыс жүргізу маңызды, көгілдір экраннан ессіз дүниелермен көрерменнің санасын уламау қажет деп алаңдауы дәл осы жерде орынды. Теледидарды қосып қалсаң, іші танымдық, ғылыми-зерттеу, креативті, интеллектуалды, мәдениетіңді арттырып, көкжиегіңді кеңейтетін бағдарламалардан сусап, ток-шоулар мен өсек-аяңға толған бағдарламаларға толып тұр. Осыны көргеннен кейін қарызға батып жатсақ та, той жасағыш халық біз болмағанда, кім болсын?! Халық бұрыс нәрсе жасаса, демек, ол биліктің дұрыс идеология жүргізе алмай отырғанының нәтижесі емес пе? Міне, осының барлығы билік пен халық арасында кері байланыс болмауының, олардың бірін-бірі естімей келгенінің салдары шығар?

Мұны күні кеше президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтып, идеологиялық блоктың креативті жұмыс істей алмай отырғанын сынға алған еді. «Әкімдер аса күрделі жағдайда жұмыс істей алмайды. Өзекті проблемаларды шұғыл шешуді, азаматтарға мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіруді білмейді», – деген-ді. Республикалық «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында да: «Мемлекеттік басқару ісіндегі және идеология саласындағы қателіктерді дер кезінде түзеткен жөн. Егер жұмыс осылай жүретін болса, сөзсіз әділдік орнайды. Мен мұны сайлау алдындағы бағдарламамда айтқан болатынмын», – деді.

Кешегі отырыста әкімдер мен министрлердің басқа жағдайда жұмыс істеп үйреніп қалғанын, мұнай бағасы 100 доллар болып тұрған кезде бюджет көп болғанын, имидждік іс-шаралар атқарылып, әдемі баяндамалар жасалып, жылына екі рет демалыс алып жүргенін айтқан-ды. Нәтижесінде мұның бәрі мемлекеттік аппаратты түбегейлі босаңсытып жібергенін тілге тиек етті.

Міне, «Тоқ бала аш баламен ойнамайдының» кері осы кезде алдымыздан шыға келді. Өйткені тұрмысы министр мен әкімдерден әлдеқайда төмен, кедей адам өзін материалдық жағынан қамтамасыз ете алмай отырғанда рухани баюды ойласын ба? Ондай кезде ғылымың не, мәдениетің не, этикаң не, тәртіпке бағынуың не – бәрінің құны бес тиын. Салдарынан екі түрлі әлемнің адамдары көрінеді.

Ал режиссер Ермек Тұрсынов болса ең алдымен мәдениет болуы керегін айтқан еді. «Біз «алдымен – экономика, одан кейін – саясат» деген ұранмен өмір сүріп келдік. Қазір бәрі керісінше: алдымен – саясат, одан кейін – экономика. Бірақ қазір олардың не алдыңғысы, не кейінгісі жұмыс істемейді. Өйткені ең алдымен мәдениет болуы керек. Ал қалғандары одан кейін бола жатады. Онсыз мәдениетсіз адамды үлкен саясатқа да, үлкен экономикаға да араластыруға болмайды. Мәдениетсіз адам менеджер ретінде белгілі бір жетістікке жетуі мүмкін. Бірақ бұл уақытша жетістік. Шектеулі адам қолындағы шексіз биліктің тарттырар зардабы ауыр», – деген еді  режиссер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде.

Режиссер Талғат Теменов президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Дәурен Абаевқа жазған хатында: «Біз, осы, қандай мемлекет құрдық? Қайда барамыз? Біздің алған жолымыз – дұрыс па, бұрыс па? Біздің басты құндылығымыз не? Неге біздің қоғамда кедейлер көп? Неге бізде әділетсіздіктер көрініп жатады? Неге жұрттың көбі кредитке тәуелді? Осылай мәңгі бола ма? Әлде біз де сілкініп, өзге елдер сияқты түрленіп, өзгеріп, жаңарып, жасарып, әлемдегі экономикасы дамыған, ғылым-білімі, мәдениеті, өркениеті өркендеген ұлы көштің соңында қалмасақ екен деген тілек қана.

     Осы тұрғыда өзіңізге айтар ойым бар. Ол – екеуміз де көтерген проблема – идеология. Мен идеология жоқ десем, сіз бар дейсіз. Жөн сөз. Бар. Бірақ осы идеология ілдалдалап төрт аяқтап әрең тұр. Иә, менде эмоция жетерлік. Творчествода эмоция алдыңғы қатарда болады. Алайда айтайын, менің ұғымымда, идеология деген – елің үшін, жерің үшін, тілің үшін, мәдениет үшін, қоғамдағы әрбір келеңсіздік үшін жанкештілік. Идеология ешқашан материалдық құндылықтардан тұрмайды. Яғни бұл – «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген Баукеңнің кредосы. Назым Хикмет айтқандай, «Мен жанбасам лапылдап, сен жанбасаң лапылдап, ол жанбаса лапылдап, кім жанады лапылдап?» деген қағида. Бізге қазір осындай лапылдап жанатын азаматтар керек», – деп ақтарылған еді.

Ал Айдын Рахымбаев айтқан «қазақтың ұятына» келсек, әлеуметтік желіде белсенді Айнаш Керей: «Қазақтың ұяты оның қонақжайлылығында емес, (індет өршіп тұрған кезде бас тартуға болатын) тұсаукесер, сүндет той, құдалық, сырға салу, ұзату, құда күту, той емес, қазақтың ұяты – коронавируспен күресуге деп бөлінген қаражатты жымқыру, дәрігерлерге қорғаныш заттарын берместен, оларды індетпен күресуге бетпе-бет қалдыра салу, індет алқымнан алып тұрған кезде дәрілерді қымбатқа сату», – деп ашына жазып, қазақтың ұятының қандай екенінің тізімін жасап берген. Ендеше, «Жаным – арымның садақасы» деген қазақты бас-көз жоқ, індеттің өршуіне халықты кінәлай бергеніміз жөн болмас.

Нұрай РАХЫМ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды