Көбейтұзға көз алартқан қай Тендербек?

Сайт Әкімшілігі - 23.07.20202729

                     

Көлді халық шынымен былғады ма, әлде шенеуніктер кезекті бір былығын бастады ма?


    Ол, рас, енді. Соңғы уақытта қазақстандықтар Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне жаппай барғыштап кетіп еді. Оның соңы немен тынды? Көл жағалауы тұрмыстық қоқыстарға толды, ондағы табиғи тұзды халық рұқсатсыз алып кетіпті, арасындағы пысықайлары оны сатуға да кірісіпті. Көлге келушілердің жерошақ жағуы жиілеген, аймақта уақытша құрылыстар көбейген. Тіпті біреулер суға көлікпен түсіп, әлеуметтік желілерде «жабайы» деген жаманатқа қалды.

      Адам барып демалатын жер екенін, ашығын айтқанда, ақша табуға болатын жер екенін түсінді ме, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ерейментау ауданындағы Көбейтұз көлі мен Қоржынкөл көлдерін әрқайсысын 49 жылға рекреациялық мақсатта оқшау пайдалануға беруге конкурс жариялапты. Ең қызығы, конкурсқа құжат ұсынудың шекті мерзімі  27 шілдеде сағат 12:00-де аяқталады, ал конкурстың өзі 27 шілде күні сағат 15:00-де өтеді.

      Бірақ тендер атаулының Қазақстанда қалай өтетінін білеміз. Көбейтұз қайбір адал конкурста, қайбір адал Тендербектің қолына тиер дейсің деген күпті көңіл басым бәрібір. Тендерге түсіп, оны «жұлып» алатын Тендербектің артында тұрған «көкесі» кім болар екен?

    Тағы бір шындық – билікке жақын көп блогерлер соңғы күндері жан-жақтан ақпараттық шабуылын үдетті: Көбейтұз сияқты әлемде сегіз көл ғана бар, бұл – бірегей әрі ерекше табиғи көл. Оның қызғылт түсті суына соңғы кездері келетін адам көбейіп кетті, эпидемиологтар да дабыл қағып отыр. «Көл тұзын «жабайы, колхоз халық» заңсыз жолмен талан-таражға салып жатыр, өз байлығымызды өзіміз бағалай алмаймыз, келушілердің көлді соңғы минералына дейін талап кететін түрі бар. Кейін тағы да дамыған елдерден жойылуға айналған бірегей көлімізді қалпына келтіруге қарыз сұрап отырмайық» деп жарыса жазды.

      Ал осының алдында ғана жергілікті билік тіпті арнайы рейд жүргізіп, халықтың Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдері сияқты демалыс аймақтарына баруына тыйым салды. Мұнысы құдды бір мықты жарнамадай әсер етті ме,  іле-шала Көбейтұзды ластап, тұзын тасығандардың суреттері қаптады. Ішкі істер министрлігі оларды жазалауға да кірісті. Ендеше, ерекше көл, ертең жойылып кетуі мүмкін деген Көбейтұз бен Қоржынкөл неге мемлекет күзетіне алынбай, жекеменшікке сатылғалы отыр деген сауал туындайды.

     Жекеменшікке «49 жылға рекреациялық мақсатта оқшау пайдалануға беру» дегеннің өзі көлдің «жабайы халықтан» қорғауға алынбайтынын білдіреді. Рекреация дегеніміз – жалпы, дені сау, бірақ шаршаңқырап қалған адамның қалыпты күйіне оралып, еңбекке қабілетін оңалтуға арналған сауықтыру шараларының кешені дегенді білдіреді. Рекреация санатына әдетте туризм, санаториялық-курорттық емдеу, әуесқой спорт жатады. Ендеше, екі көлді рекреациялық мақсатта 49 жылға алған Тендербектеріміз, түптеп келгенде, көл басына шлагбаум орнатып, көлге келушілерден ақша жинап, оларға қызмет көрсету бизнесін дөңгелетейін деп, алақандарын ысқылап отыр ғой. Енді тек конкурстың аяқталғанын күтіп, оны кім жеңіп алатынын көрейік.

Бет қатталып жатқанда:

     «Бақсақ, бақа екен» дегендей, бұл тендерде үлкен шикілік бар екен. «Көбейтұз көлі оқшау пайдалануға берілмейтін болды» деп, бүгін Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанталасып хабар берді. Әй, бұл не сонда? Газет беті әлі қатталып үлгермей жатқанда осындай хабар жетті. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ерейментау ауданындағы Көбейтұз көлін 49 жылға рекреациялық мақсатта оқшау пайдалануға жариялаған конкурсын жоқ жерден «жоқ» қылыпты. Не түлен түртті екен? Әлде біз босқа отырмаппыз ба, шынымен бұл арадан бір шикілік іздеп. Енді билік Көбейтұзды 49 жылға жалға беру туралы шешімінің күшін жоя салды. «Конкурс өтпейді. Бәрі отмена болды» деп, қазір бұлар журналистерді кері қайтарып жатыр.

      «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстарын конкурстық негізде оқшау пайдалануға беруге жариялаған конкурстың 1-пунктін жоятынын ресми хабарлайды. Нақты айтқанда, Ерейментау ауданындағы Көбейтұз көлін оқшау пайдалануға беруге жарияланған конкурс өтпейтін болды. «Ресми жаршы» республикалық газетінің 2020 жылғы 26 шілдедегі №63 саны мен Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сайтында жарияланған ақпараттың күші жойылады» деп құтыла салды басқарма.

    Бәрінен де Тендербекке обал болды-ау. Оның 30 жылдық қиқу заманы шынымен өтіп кетті ме? Әлде кешегі алып Алаштың ұрпағы – қазіргі қара қазақтың қаһары түбіне жеткелі тұрғанын дер кезінде ұға қойған қу билік қолда бар билігін бәрінен қымбат санап, 30 жылдық үзеңгілес Тендербегін енді сатып кетті ме?

     Әйтеуір, Көбейтұз әлі де қалың қазақтыкі. Тыйымның күші жойылған соң, барыңыздар. Тек жер-суын ластап, экология министрлігінің дерегінше, «кәдімгі үйдегі қара тұздан артық емес, түк пайдасы жоқ» делінген тұзын ұрламайық. Біз ұры емеспіз!

Әділ АҚЫЛБАЙТЕГІ


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды