Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі - 23.07.20202802

Тақырып үшін қызық демесеңіз, дәл осы сөздердің қазіргі мәні көп шайналған қартаның дәмімен қарайлас. Асқазан үшін маңызы шамалы  ас секілді, жалпы, қабылдауға да аса бір қажеттігі жоқ. Келді, кетті. «Ауырмайтын секілді ғой түк етің» деп келетін бір ұйқас еске түсті. Асекем Қазақстан үшін қайғырса, жүрегі ауырса мұндай жұмыстан өзі-ақ баяғыда бас тартатын еді-ау, бәлкім. Тұтас бір елдің болашағына әрі ақпараттық қауіпсіздігіне жауапты министрлікке нағыз майталман, ІТ саласының жілігін шағып, майын ішкен маман әбден керек екені бұрыннан белгілі еді. Әлгі таққа Асқар Қуанышұлы қонжия қалғанда мырс етіп қана қойғанбыз. Тілші болған соң, көптеген маман иелерімен кездесесің. Кейде өздері сырын ақтарады, көбіне өзің кәнігі тыңшыдай сөзге тартып, сырына қанығасың. Қысқасы, ақпарат алуды өзіңе мұрат санайсың.

      Бірде киберспортты кәсіп санайтын, бірақ ІТ мамандығына әбден бет бұрған, тіпті есім-сойы әлемдегі белгілі айтишниктермен қатар аталатын қазақты кездестірдік. Әңгімесі таспаға жазылмаған соң, кей тұстарынан тайқып кете ме деген қауіппен аты-жөнін және айтқан әңгімелерін мақалаға арқау ете алмадық. Бірақ өзіміз естіген әрі іштей сараптаған ақпараттарынан тап осы салада Қазақстан жуық арада алға баспайтынын білдік. Ол кезде біздің елде қашықтан оқыту үрдісі жүзеге асатыны қаперге кірмейтін. Омақасатынын сездірген. Ақпараттық қауіпсіздік тұрғысындағы сөздерінен тұла бойымыз мұздап, қорғансыздың кейпінде қалғанымыз есте. Цифрлық түсінікте тым төмен екенімізді еріксіз мойындатып, көш соңында қалып кеткенімізді бетімізге салық етіп басқандай болып еді. Оның пайымындағы техникалық сөздерді жадымызда сақтай алмадық. «Сенбесеңіз, пәленбай сайтқа кіріңіз, ағылшынша түсінсеңіз, бәрі тайға таңба басқандай жазылып тұр», – дегеніне мән бергенімізбен, кейін арнайы іздемедік. Ол жігітті шындасақ табатын секілдіміз. Мүмкін, алдағы уақытта тілдесудің жолын қарастырармыз. Қазақта да осы саланың қыр-сырын меңгерген азаматтар бар екен дедік те қойдық.

      Асқар Жұмағалиевпен алыс-берісіміз жоқ. Қазақ еліндегі қалың министрлер қатарын толықтырған кісі демесеңіз, бұл жігіттің өз ісінде тау қопарғаны шамалы. Қайта оның жұлдызы кик-боксте жануы мүмкін еді. Шығыс жекпе-жегін бір кісідей меңгерді. Кейбір бәсекелері есімізде. Тек алға ұмтылатын. Қарсыласына тап беретін қайсарлығына, кездесу бойы артқа шегінбейтін табандылығына тәнті болдық та. Зәкіржан  Насыров секілді бапкердің өзі жақсы бағалаған спортшы бертінде таңғалдырды – Асекең анау-мынау емес, ақпарат министрі болып шыға келді. Басылым біткенге жөн сілтейтін, электронды БАҚ пен газет-журналды дамытуға жауапты уәзір еді. Шынын айту керек, Жұмағалиевке мұндай жауапкершіліктің  жүктелуі еш қисынға келмейтін. Қосымша тағы бірдеңелері бар министрлік десеңіз де, қоғаммен байланысты реттейтін салаға мұндай тәжірибе жасау былайғы жұрттың ойына кіріп шықпайтын қадам болатын.

       Жұмағалиевтің ақпарат саласында ашқан жаңалығы немесе әкелген пайда-зияны өзге бір мақалаға жүк болатын шығар. Оған дейінгі және кейінгі мансаптары да ел алдында. Жеткен жетістігін, кеткен кемшілігін дәл қазір сараптауға зауқымыз соқпай отыр. Соңғы жұмыс орнында да олқылыққа орын бергенін мемлекет басшысының өзі де айтты. Пандемия кезінде «Цифрлы Қазақстан» сиқырлы таяғын ұмытып кете беретін әпендінің тірлігін көз алдыңызға әкелгені өтірік емес қой. Не бел, не белбеу кететін заманда министр Жұмағалиевтің жұмысы көрінуі тиіс еді. Алайда қашықтан оқу кезінде  байланыста туындаған қиыншылықтар тұтас бір саланың жұмысы ақсап тұрғанын аңғартты. Жыпылықтаған интернет осы Жұмағалиевті жалп еткізуі заңдылық еді.

      Рас, Қазақстан  ІТ саласына ерекше мән берді. Цифрландыруға да ақша аяп қалған жоқ. Министрлік сұраған қаржы бөлінді. Бірақ оның қалай игерілгені жайында ақпарат аз. Ақпарат аз дейтініміз, алға басып кетпеген саланың қай ақталуы да адамдар сеніміне жол таба алмайтыны анық. Әйтпесе министр тарапынан ұсынылған жауаптар былайғы жұртты желпіндіріп тастайды. Мысалы, былтыр тілшінің біріне берген сұхбатында Асқар Қуанышұлы: «Мемлекеттік органдар, әкімдіктер, кәсіпорындар цифрландыруға ынталы. Талай шаруа атқарылды. Әлі де істелуі тиіс жұмыстар баршылық. Шындығын айтқанда,  бүгінге дейінгі жүзеге асқан жобалар ішке қонады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласы 80 пайыз автоматтандырылды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылады», – деген болатын. Немесе «Эстондардың озық тәжірибесімен таныстық. Оларда  X Road  деген жүйе бар екен. Қазақстанда соларға ұқсас Smart Bridge атты интеграциялық платформаны құрдық. Ол мемлекеттік органдардағы ақпаратты біріктіреді», – деп те айтты. Бір қарағанда жұмыс жүріп жатты.  Алайда жұрт көңілінен шықты деуге негіз аз. Жұрт қана ма екен?

     Пандемияға дейін де мемлекет басшысы тап осы саланың солғын тартқан тұстарын әңгімеге өзек етіп, цифрландыру дегеніміз бір ғана саланы немесе бір бағытты дамыту емес екеніне тоқталып, оның ең алдымен экономиканың, өнеркәсіптің және қоғамның дамуына түбегейлі өзгерістер әкелуі қажеттігін түсіндірген. Тіпті барлық мемлекеттік органдар мен ведомствоға қарасты мекемелерге ортақ мониторинг жүйесін құрудың маңыздылығын ескертті. Ал цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі озық, заманауи жүйелердің қозғаушы күші болуы тиіс екенін, әзірге бұл мақсатқа толық қол жеткізбегенімізді ескертті. Демек, бұл жұмыста біртұтас көзқарас, нақты жүйе болған жоқ. Соның салдарынан цифрландыру түрлі ведомстволарға шашырап, жайылып кеткен. Тағы бір жиында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Big Data технологиясын, «жасанды интеллект» алгоритмін қолдану нақты әрі дәл деректер базасын құруға, қате немесе ескірген ақпараттарды анықтауға, шашыраңқы мәліметтердің біртұтас және объективті көрінісін айқындауға көмектеседі. Сондықтан үкіметке барлық мемлекеттік органдарды жұмылдыра отырып, Smart Data Ukimet жобасын қысқа мерзімде іске қосуды тапсырамын», – деген еді. Яғни ақпараттық технология дамыған заманда мемлекеттік цифрлық қызметтер кез келген қарапайым адамға түсінікті және қолжетімді болуы тиіс еді. Қарым-қабілет деген болады. Істі білу бар да, оны жүргізу өзгеше бір өнер.  Жұмағалиев тап осы саланың жүйрігі емес екені жиі байқалды. Оның орын босататыны жауырыншы түгіл, қарапайым елге де түсінікті еді. Президент сауатты қадамға барып, дұрыс шешім жасаған секілді. Сарапшылар пікірі соны меңзейді.

      Тағы да сол тосын жағдайда тілдескен азаматтың бірі еске түсіп отыр. Жуңгода өмір сүретін бауыр екен.  2006 жылы Қытайдың  Гуанчжоу атты қаласында күрес түрлерінен әлем біріншілігі өтті. Күзге салым Алматыдан Үрімшіге ұшып шығып, аяқ суытып алған соң, Үрімшіден Гуанчжоуға қатынайтын ұшаққа міндік. Бірнеше сағаттан кейін қасымызға бейтаныс жігіт келді. Қазақша тіл қатты. Пошымынан да таныдық. Ішкі Қытайда үлкен компанияда қызмет істейді. Қытай елінің азаматы ғой. Бірақ біздің елдегі жағдайлардан да құлағдар көрінеді. Атамекендегі жаңалықтарды сұрады. Өзі де бізден кем білмейтін секілді.

   – Digital дегеннен хабарыңыз бар шығар? – деді сосын.

  – Білеміз, әрине.

  – Білсеңіз, бүтін әлем осы саланы кеңінен дамытып жатыр. Сіздің елде ақсап тұр.

  – Оны қайдан білесің?

  – Дерегім көп. Мысалы, әлеммен тілдесу мұң көрінеді. Мұң болатыны – тарифі тым қымбат. «Қазақтелеком» деген монополист не өзі дамымайды, не өзгені дамытпайды. Мысалы, сол жақта бауырлардың  Қытаймен телефондасуы қиын. Тым қымбат. Біз оларға телефон ашсақ, тіпті төлемді байқамай қаламыз. Ол жақтан соғылса, қайта хабарласуымызды өтінеді. Бір інішекті оқытып, сол жақтан интернет арқылы байланысуды үйретіп қойдым. Төлемі тым төмен. Негізі, байланыс құны тым арзан түседі ғой. Әлгі монополист ешкімге мүмкіндік бермейді екен. Негізі, біз миникоммутатор қойып, бағаны тіпті түсіріп тастаушы едік. Рұқсат ала алмадық. Мемлекеттің өзі де аса қаламайтын секілді. Іргедегі Қытайды айттық, анау әлеммен байланысқа шығуы да бір қиын. Бизнестеріңіз қалай өрістейді енді?

  – Мейлінше дамып жатырмыз ғой.

  – Оны білеміз. Бірақ әлемдік үрдістен қалып қоймау керек. На-на технология жемісін жейтін кез келді. Байқоңырдан ғарышқа жол бар. Тіпті  Қазақстанға оңай ғой, әттең, жаңа саланың пайдасын білмей отырсыздар. Біз жақтан белсенсе, ағаларымыз есіктерін іштен іліп алады. Білген соң айтамыз. Мен баруға тіпті де құмар емеспін. Қанша бауырлар жүр осында. Ханзудан кем меңгермеген ІТ саласын, солардың білімін пайдаланса ғой. Бұлар алысқа кетіп қалды. Оларды қуып жету қиын. Кете берсін. Қазақстанның өз жолы болу керек, саясатта шаруам жоқ. Мына заман көшінен қалуға болмайды.

       Әлгі азамат көп дүниеден хабардар етті. Оны елге жеткізу жағынан бізде кемдік болды. Он төрт жыл бұрын цифрлық түсінік нөлдің маңында еді. Өзімізді айтамыз. Бауырдың айтқандарынан ұққанымыз, келешекте бүкіл тіршілік үйден атқарыла береді екен. Ең басты мәселе ақпараттық қауіпсіздік екенін де жиі айтып отырды. «Хакерлермен күрес соғыс біткеннің алды болады» дегенін онша ұғынбадық. Жер-жебірімізге жетпесе де, біздің ІТ саладағы көлдей-көлдей кемшіліктерді тізіп берді. Интернет заманының келгенін, сол істі Қазақстанда да өте тиімді етуге болатынын айтты. Ол кезде біз кімге түсіндіргендей едік, бізді кім тыңдағалы тұр екен. Екі бірдей шетте жүрген бауырдың сөздерінен кейін цифрландыруда біздің ел кенжелеп қалғанын түсіндік. Бүкіл әлем білікті мамандарға зәру екенін қазір ғана түсінген жоқпыз. Сол екі жігіттің әңгімесінен аңғарып едік.  Шетінен оқымысты дейтін Израильдің өзі ІТ саласының мыңдаған білгірлеріне қызмет беруге дайын екенін естіп, Америка жылт еткен жасты қағып кететінін. Бірі сол елде қызмет етіп жүргенін айтты. Ол да Тарбағатайдың күнгейінде туған бала. Америка әлем елдерінің базасын біліп отыра ма, әлде барлау қызметі күшті ме, кез келген елдің білімді, қабілетті балаларының базасын жасап қойған дей ме, оқу бітірер-бітірместен ұсыныс жібереді  екен. Қазір әлем елдерінде Қазақстаннан шыққан дарынды жастар еңбек етеді. Тап осы ІТ саласында. Өзіндік бағдарлама ұсынатындары да бар көрінеді. Мысалы, Дина Ерланқызы деген қарындас Марк Цукербергтің қол астында қызмет ететінін естіп қалдық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік желіде жұмыс істеуді үйрететін  жоба ойлап тапқан секілді. ІТ саласын жақсы біліп тұр ғой. Ондай мысалдарды жүздеп келтіруге болады. Жалпы, қазақтың балалары шетінен талант. Танылуы қиын. Талабы күштілердің үнемі жолы ашық бола бермейді. Үздіктердің арасынан Асекеңнің аты аталып, үлкен қызметке бара қалғаны соның бір көрінісі.

      Енді Бағдат Мусинге сенім артылды. Ол да білімді жігіт екен. Тағы сол тілшілік сапарда Мусиннің лекциясына тап болдық. Анығында, еліміздегі «Білім және инновация» лицейінің көшбасшыларымен кездесуге бардық. Бізді бөтенге санамаса керек, Бәкең ақтарылып түсті. Кейбір сөздері тіпті еркін. Оған да бірнеше жыл өтті-ау деймін. Талантты жігіттің айтқаны көкейге қонғаны соншалық – күні бүгінге дейін жадымызда сақтаулы. «Бізді, яғни осы отырған баршамызды әке-шеше, ата-әжелеріміз білімге бағыттады. Атам айтушы еді, «қағаз керек» деп. Ол енді диплом ғой, әкем «дипломның ішіндегі бағалар біліміңнің шын көрсеткіші болуы тиіс» дегенді құлағыма сіңірді. Шынымды айтсам, маған өмірдің өзі ұстаз еді. Әлі есімде, 16-ға толып, төлқұжат алуға барғаным. Анау тұста бір есік. Алды бір босаған емес. Кімдердің кіріп-шығып жүргенін түсінбейсің. Таң бозынан кезек аламыз. Есік ашылғаннан кейін аласапыран басталады. Сәлден кейін айқай-шу. Жүйкесі шыдағандар ғана құжат алады. Екі-үш рет барғаннан кейін әкем  «таныс іздейміз немесе анау делдалдардың көмегіне жүгінеміз» деді. Соны естігенде әлде әкеме, әлде өзіме серт бердім. Дүниежүзі секілді Қазақстан да мынау өркениет көшіне ілеседі. Кейінгі ұрпақ есік алдында үймелеп тұрмауы үшін мен миымды істетемін деп. Істеттім. Қазір төлқұжат алу өте оңай. Халыққа қызмет көрсету орталығына барыңыз да, ала беріңіз».

       Бала Бағдаттың аға Бағдатқа айналғандағы шаруасына тәнті едік. Шынында да, құжат рәсімдеуде көп алға басушылық бар. Қой асығындай ғана жігіттің түсінігі қандай жақсы! Алғырлығы да байқалып тұр. Жайқалып келе жатқан лицей шәкірттерінің де тілін тауып алды. Отыз шақты озат оқушы дәріс берушінің аузына қарап қалыпты. Біз де құлақ түрдік.

  – Аз қалды. Енді адамзат нотариус кеңесін керек етпейді. Құжаттарды да өздері рәсімдейді. Кеңсе жағалауды қояды. Цифрлық білімділік артып келеді. Цифрлық саясат та өзгерді. Мен ғой, бала кезімдегі жоспарымды жүзеге асырдым, сіздер де осы бастан ілкімді жобаларды жасап алғандарыңыз дұрыс. Бірнеше жылдан кейін жүзеге асыру үшін және ол Қазақстан шеңберінен аса алмайтын жоба болмасын, әлеммен араласып кету керек. Қазір де бос отырмаңыздар, білім алумен шектелу дұрыс емес. Тәжірибе қоса ширасын. Ғаламтор арқылы фирмалардың, компаниялардың жұмысына араласып кету керек. Мейлі, көл-көсір табыс болмаса да. Бәрі тиыннан құралады.  

  – Сіз өзіңізді қалай шыңдадыңыз? – деді шәкірттің бірі лектордың сөзін бөліп.

  –  Дүниені өзге қырынан тануыма әрі қабылдауыма себеп болған – Digital design. Сол сабақты әбден меңгердім, меңгергенде қалай – жақсылап жаттап алдым. Емтиханды үздік бағаға тапсырдым. Қасымдағы жігіт үшке әрең ілінді. Екеуміз үйге қайтып келе жатырмыз. Ол айтады, «бізге жүр, аздап ауқаттанып алайық, айтатын жаңалығым бар» деп. Арқаны кеңге салуға мүмкіндік туған. Емтихан аяқталды ғой. Ере жөнелдім. Үйіне келдік. Тамақ іштік. Содан кейін шұғылданып жүрген ісінен хабардар етті. Digital design пәнінен түсінгенін басшылыққа алып, лазерлік сигнализация бағдарламасын жасап шығыпты. Міне, жігіт. Мен ше? Мен бас алмай оқуды білім алу деп түсініп келіппін. Сол күннен бастап өзгердім. Білім алу бар да, оны бойға дарыту, дарыту бар да, әбден сіңіру қажет екенін түсіндім. Үшінші курста жүргенде бірнеше жобаға қатыстым, өзімнің стратегиям және тактикам қалыптасты.

      Бағдат Мусиннің сондағы дәрісі екі сағатқа созылды. Қыбыр етпей тыңдадық. Көп нәрсені тілге тиек етті. Оның бәрін тізіп шығу маңызды емес. Біздің түсінгеніміз, Бағдат үздік студент болыпты. Оқу үлгерімі ғана емес, білімді сіңіруінде де мін жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолы білімдіге тізгін ұстатты. Істі қожыратып алмайтыны анық. Бір кезде өзі оқыған дәрістен қорытынды шығарса, елдегі цифрлық салада бір жақсылық болатыны анық. Қай істе де өзін озық жағынан көрсететін Мусинге үміт артудың әбестігі жоқ. Тек Бағдат барын салсын.

 Амангелді СЕЙІТХАН

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды