Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі - 23.07.20203298


     Еліміздің бала құқын қорғау жөніндегі уәкілі Аружан Саин «қазіргі карантинге байланысты отбасындағы әр балаға 42 500 теңге төлеу керек» деп бастама көтергелі біраз болды. Аружан Саинның бұл бастамасын экономист мамандар да қолдап отыр. Мысалы, экономист-сарапшы Мақсат Халықтың айтуынша, қазіргідей қымбатшылық жағдайында Қазақстандағы ең төменгі жалақы 42 500 теңге емес, 70 мың теңгенің айналасында болуы керек. Мұны ескерсек, елдегі табысынан айырылғандарға, карантинде қаражаттан таршылық көріп отырғандарға 73 мың теңгенің көлемінде жәрдемақы төленгені абзал.  Алайда мамандар осылай дегенімен, мұны естір құлақ, іске асырар епті үкімет қайда?! Ендеше, талдап көрелік.


       Ресей мен Қырғыздан қай жеріміз кем?

      Қазір әлемді жайлаған пандемияға байланысты бірқатар елдер халықты ашықтырып алмаудың бар амалын қарастырып жатыр. Мысалы, Ресейде індеттің таралуына байланысты адамдарға демалыс берді, одан кейін оны ұзартты. Артынан шектеу шаралары енгізілді. Осылайша халықтың табысы күрт төмендеп кеткенін Ресей үкіметі бірден назарға алды. Ресейде қазір үш жасқа дейін әр балаға 5000 рубльден жәрдемақы беріліп отыр. Бұл – теңгеге шаққанда шамамен 29 мың теңге. Ал 3-тен 16 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 10 мың рубль (шамамен 57 700 теңге) көлемінде бір реттік төлем тағайындалды. Бұдан соң, Ресей шағын және орта бизнестің несиесін кешіруді бірден қазан айына дейін созды. Жекелеген адамдардың да несиесін қазан айына дейін кешірді.

    Ал біз «экономикасы дамымай артта қалды» дейтін Қырғызстан да осы бір індет кезінде халықты қолдауды барынша меңгеруге тырысып келеді. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков осы індет басталған сәтте бірден коронавирусқа қатысты еліндегі мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін «сәтті сәрсенбі» бағытында жұмыс істеуге шақырды. Бішкекте сәрсенбі күндері мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты көмек жасалады. Мемлекеттік төлем, қайырымды жандардан қолдау, медициналық қызмет түрі, дәрі-дәрмек жеткізу, халықтың шағым-арызы жөнінде жұмыс істеу –  барлығы Қырғыз елінде  осы «сәтті сәрсенбі» бағытымен жүзеге асады. Қырғыз үкіметінің осы жобасы қазір біраз бұқараны қызықтырып отыр.

                  

                  Өзбектер де елдің өзегін талдырмауға қам жасауда

       Өзбекстан үкіметінің әбжілдігі жайлы бүгінде оң пікірлер айтыла бастады. Бұл елдің үкіметі сын сағатта шалт қимылдап, халықты барынша керекті заттармен қамтып, өзбектердің мүмкіндігі шектеулі жандары наурыздан бастап қосымша өтемақы ала бастады. Өзбекстан бастаған бұл бастаманы тағы сол Ресей  бірден қағып алып,  олар да  мүгедек жандарға мемлекет белгілеген жәрдемақыға қосымша  федералдық бюджеттен 12 900 рубль,  облыстық бюджеттен 28 600 рубль, аудандық бюджеттен 2821 рубль көлемінде үстемеақы төленіп тұрды. Бұған қатысты біздің үкіметтің мүгедектерге тағайындаған қосымша жәрдемін айтудың өзі ұят (!). Қазақстан үкіметі пандемияға қатысты бірінші, екінші топтағы мүгедектерге 5300 теңгеден қосымша жәрдемақы тағайындады. Бұл топтағы мүгедектердің алатын жәрдемақысы 50 мың теңгеден әрең асатынын ескерсек, «соған қосымша көмекке берілген 5300 теңге шынымен көмек бола ма» деген заңды сауал туындайды. 

      «Жас Алашқа» пікір білдірген «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт ТҮМЕНОВА былай дейді:

  – Мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы тым аз. Тіпті мына төтенше жағдайға қатысты жалпы халыққа беріліп жатқан 42 500 теңгенің өзі де мардымсыз. Қазіргідей барлығы қымбаттап тұрған кезде бұл өте аз қаражат. Ал мүгедек жандарға жергілікті бюджеттен 5300 теңге бөлу деген ұят. Мұндай нәрсені жергілікті бюджетке қаратпай, республикалық бюджеттен барлық мұқтаж жандарға бірдей бөлінуі тиіс.

        

       «Еститін мемлекет» неге естімейді?

      Қалай десек те, қазір халықтың қолындағы қаражат азайып қалды. Тіпті кірісі күрт төмендеген адамдар  алақан жайып, қайыр сұрауға да арланып отырған жоқ. Үкімет бұл мәселенің арты экономикаға үлкен соққы болатынын сезінбей отыр ма, әлде сезсе де, сыр бермей сырғақси ма, әйтеуір, қанша жерден тың ұсыныстар айтылса да, «барлығы жақсы» деуден танбайды. Ақиқатында, елде  шырылдап шындықты айтып үндеу жолдағандар да көп, жағдайын айтып көмек сұрағандар да жетерлік.  Бірақ «еститін мемлекет боламыз» деген үкіметтің өзі бұқараның осы базынасын аса есітіп жатқан жоқ. Осыған қарап «біздің үкімет керең бе, әлде сараң ба», деп жүргендердің қарасы артып келеді.

  Халықта қаржы жоқ, экономиканы қалай құтқарамыз?

      Негізінде, экономиканың заңы бойынша, халықтың қолында қаражат жоқ болса, экономиканың да болашағы бұлыңғыр деген сөз. Бұл ретте экономист-сарапшы Мақсат Халық былай дейді: 

   – Бүгінде экономикадағы үлкен проблема – жиынтық сұраныстың түсіп кетуі. Өйткені халықтың қолында қаражат жоқ. Қандай да бір тауарды алғысы келеді, бірақ сатып ала алмайды. Сондықтан ең бірінші кезекте осы мәселені шешу керек деп ойлаймын.

     Міне, маманның пайымынша, жиынтық сұраныстың түсіп кетуі осындай мәселеге әкеп тірейді. Сондықтан үкімет болашақта табыссыз қалғандардың қолына қаражат ұстату жағын мықтап қолға алуы керек. Ол үшін елдегі жұмыссыз қалғандарға «екі қолға бір күрек» ұстатып, жұмыс беруі керек болмаса бюджеттен бөлінетін жәрдемақының көлемін арттыру қажет.

  

       Ұлттық қордың шарапаты қайда?

     Жалпы, біздің билік қанша жерден халықты тарықтырмаудың амалдарын қарастырып жатырмыз дегенімен, мемлекеттік көмекке қолы жетпей, биліктен емес, қайырымды жандардан көмек сұрап  жатқандардың  саны көбейіп барады. Бұған қатысты экономист мамандар арасында  «Ұлттық қордан әр тұрғынға ақша бөлу керек» дейтіндер де табылды. Мәселен, экономист-сарапшы Марал Төртенованың айтуынша, енді Ұлттық қордың шарапатын көретін кезең келді.  Ойын ортаға салған маман былай дейді: «Ұлттық қорға қазір мұнайдан түсетін түсім, корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы,  пайдалы қазбаларды өндіру салығы, өнімді бөлу бойынша үлестер, экспортқа рента салығы және өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі, міне, осылардың барлығы Ұлттық қорға түседі. Біз бұл қаржыны «халықтың басына әлдеқандай жағдай туғанда тығырықтан алып шығады» деп сақтап отырмыз. Ендеше, қазір сол кезең келді».

Тақырыпқа тұздық

        Көтерілген мәселеге орай, пікір білдірген экономист-сарапшы Марал ТӨРТЕНОВА ойын былай деп түйіндеді:

  – Қалай десек те, қазір әлемді жайлаған індеттің ауыртпалығы ғана емес, экономикалық қиыншылықтары да таяу болашақта қатты сезіле бастайды. Қазір қол-аяғы балғадай азаматтардың өзі қиналып отыр. Тіпті бүгінде тіреп тұрған бизнесі бар, шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкердің де уайымы қалыңдап кетті. Өйткені олардың да  бизнесінің бабы кете бастады. Элиталы бизнесі мен  тамыр-танысы барлардың да көмек алып жатқан фактілері кездесті. Көмекке шын мұқтаж жандарды шөміштен қағып, бармақ басты, көз қысты әрекетке жол бергенді доғару керек. Ел басына күн туған кезеңде де жемқорлықтан аяқ тартпағандар жазалануы тиіс. Мамин үкіметі халыққа түсер ауыртпалықты жүрегімен сезінсе деймін. Үкімет мүшелері «алаңдауға негіз жоқ, мемлекет барлығына көмектеседі» дегенімен, халық толыққанды сол көмекті сезініп үлгерген жоқ. Мұны мойындау керек.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды