Ән салатын шағылдар

Сайт Әкімшілігі - 28.07.2020623

 Құм ән салып жатыр... Мұңлы әуен алысқа, тым-тым алысқа, әлдеқайда жетелейтіндей. Құм бетін қуалай самал бүлк-бүлк желеді. Бір қиырда бұлың-бұлың сағым еріп жатыр. Желдің екпінімен сусылдай көшкен сағым біртүрлі дыбыс шығарады. Дұрысы – әуен. Еш нәрсеге ұқсамайтын ерекше әуен. Мұндай құмға үн бітірген табиғаттың ерекше құбылыстары әлемнің әр қиырында жеткілікті. Құм ән салады. Кейде органның үніндей баяу сызыла шықса, бірде атойға шақырған дауылпаздың дүңкіліндей қатты шығады. Бұл дыбыс желдің қатты я болмаса ақырын соғуына һәм құм кешіп келе жатқан адамның ақырын немесе қатты адымдап жүруіне де байланысты. Десек те, ән салатын құмдардың құпиясын әлі ғылым аша қойған жоқ. Өйткені құм-шағылдардың бәрі неге «ән салмайды», неге тек кейбір жерлерде ғана осындай құбылыс бар? Белгісіз. Енді әлемнің әрбір қиырында осындай «ән салуға» бейім тұратын құм-шағылдар жөніндегі әңгімеге ерік берелік.

    Ән салатын құмдарға байланысты ықылым заманнан бері халық арасында небір аңыз, қиял-ғажайып әңгімелер туған. Тіпті ондай жерлердің астында көміліп қалған шаһарлар, жерасты өзендері, аруақтар, тағы да басқа жұмбағы мол, құпиясы ашылмаған құбылыстар бар деп түсіндіріліп келген. Шындығы солай ма? Бірақ бүгінгі ғылымның өзі «дыбыстың шығу мәнісі мынада» деп түсіндіріп бере алған жоқ. Тек «жел соққанда құм көшеді, соның сусылынан шыққан дыбыс» дегенді ғана айтады. Кім білсін. Сонымен...     Қызыл теңіз жағасында Жебель-Накунг деген шағын тау бар. Жебель-Накунг дегенді аударатын болсақ, «Қоңыраулы тау» болып шығады. Тауға шығатын болсаң, аяқ астындағы құм-тастардан соғылған қоңыраудың үніне ұқсас, күңіренген үн шығатын көрінеді. Синай жарты аралы тұрғындарының айтысына қарасаң, әлгі таудың астында жасырылған монастырь бар, қоңырау соғылған кезде монахтар дұға қылу үшін сонда жиналады. Оқылған дұға мен қоңыраудың үні жер бетіне талып естіліп жатады. Қоңыраулы таудың бар құпиясы осы деседі. Бұл жай ғана аңыз. Шындығы басқа болса керек.

     Әрине, дыбыс шығаратын Қоңыраулы тау тек бұл емес, Ауғанстан астанасы Кабулға жақын жерде ақ шағыл жамылған Рег-Риван деген тау бар. Аудармасы – Тербеліп тұратын тау. Бірнеше адам қатар жүрсе, әлгі шағылдар соғысқа шақырған дауылпаздың үніндей дыбыс шығарады. Ғажаптығы осында болса керек. Чили еліндегі Коплано өңірінде Эль-Бромадо деген аңғар бар. Оның аудармасы «Ұлыған» дегенді білдіреді. Ондай аңғарлар АҚШ-тың Калифорния штатында да бар. Бұл екеуі де жылаған, ыңыранған баланың даусына ұқсас үн шығарып тұрады екен. Жалпы, мұндай ән салатын, түрлі дыбыс шығаратын мекендер төрткіл дүниенің қай бұрышында болсын кездеседі.

      Ән салатын құмдардың өзі шөлдегі және жағалаудағы құм болып екіге бөлінеді. Соның ішінде шөлді жерде дыбыс шығаратын құмдар әлемде көп кездеседі екен. Мәселен, Қытай, Моңғолия және Мысыр, Африка, Арабияның құмды шөлдерін атауға болады. Ал өзен, теңіз және мұхит жағалауларындағы дыбыс шығаратын аймақтар сирек кездеседі. Дегенмен жоқ емес. Ресейдің Лена өзенінің кейбір жағалауы, Коль жарты аралы, АҚШ-тағы Массачус жағалауы, Мичиган көлінің жағасы әлсін-әлсін «ән» салып тұратын көрінеді. Мұндай орындар Англия мен Австралияда да жеткілікті деседі білгіштер.

     Жалпы, ән салатын құмдар мен жаңғырық шығаратын таулар сыры әлі ашыла қойған жоқ. Мұндай құбылысқа ие мекендер жөнінде жергілікті жұрттың небір қиял-ғажайып әңгімелері жеткілікті. Соның бірі, алысқа бармай-ақ, өз еліміздегі «ән салатын» құм жайында айтсақ та жеткілікті. Ол Алматыдан 182 шақырым қашықтықта, Жоңғар Алатауының Үлкен және Кіші Қалқан жоталарының арасында жатқан Алтын Емел ұлттық паркінің аймағында. Ұзындығы – 3 шақырым, биіктігі – 150 метр. Сап-сары, алтын түстес жал-жал құмдар сәл жел соқса әндете жөнеледі. Осы құм төбе жайлы жергілікті жерде бірнеше аңыз-әңгіме айтылады. Соның бірін еске сала кеткен артық болмас.

     Ертеде осы Үлкен және Кіші Қалқан тауларының арасын жайлаған, мыңғырған малы бар бір бай өмір сүріпті. Байдың күн десе – көзі, ай десе – аузы бар жалғыз сұлу қызы болған екен. Сол қызға байдың есігінде малын бағып, жалшы болып жүрген бір жігіт ғашық болыпты. Жігіттің жиын-тойларда әуелете ән салатын әншілігі, ақындығы бар көрінеді. Жігіт қыздың сұлулығына, бай қызында бола бермейтін ақылдылығына ғашық болады. Ал қыз жігіттің мәрттігіне, ақындығына тәнті болыпты. Алайда олардың жұп болуына бай қарсы болып, қызының кедей тұқымнан шыққан жігітке қосылуын қаламапты. Бірде сөз байласқан қос ғашық қол ұстасып, елден қашып кетсе керек. Болған жайды естіген бай қолын жайып теріс батасын беріп, «тасқа айналғырлар» деп қарғапты. Қос ат мініп, елден қашқан қос ғашық осы жерге келгенде құмға айналып кетіпті. Бұл фәниде бірге өмір сүре алмай, құса болған һәм құмға айналған екі жас сәл жел соққан күндері күңіреніп, өздерінің тағдырларын әуенге айналдырып, мұңлы бір ән салып жататын көрінеді. Екінші бір әңгіме, осы құмның астында ұлы қаған Шыңғыс хан мен оның серіктері жерленген деген алыпқашпа сөз. Әрине, бұл да аңыз. Ал құмның ән салып жататыны шындық. Құм ән салып жатыр...

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды