Жолдың «жыры» биыл шешіле ме?

Сайт Әкімшілігі - 28.07.2020898


Шымкент көшелерімен  жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылатын болды. Ауыр көліктердің мегаполистің орталық көшелерімен жүруіне мүлдем тыйым салынды.

Жалпы, бұл мәселе миллионнан астам тұрғыны бар қала үшін өте өзекті екені рас. Ауыр жүк көліктері жолды бүлдіріп, жарамсыз еткеннен бөлек, көлік қозғалысына кедергі жасайды. Тіпті жол-көлік оқиғаларына да себеп.  Осыған байланысты қала әкімдігінің қызметкерлері полиция департаментінің мамандарымен зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бірқатар шараларды қолға алды. «Мегаполисте шілде айынан бастап қала аумағында ірі габаритті ауыр жүк көліктерінің жүрісіне, үлкен салмақты жүк көліктерінің айналма жолын және орта-кіші жүк көліктерінің жүрісіне ішкі айналма жолдар ұйымдастырылып, тиісті жол белгілері орнатылды. Ауыр жүк көліктері енді белгіленген көшелермен ғана жүре алады» деп хабарлады Шымкент қалалық әкімдігі.

Үшінші мегаполисте сондай-ақ биыл жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қалада  автомобиль жолдарын қайта құру және орта дәрежедегі жөндеу жұмысына қазынадан 27 миллиард теңге қаржы бөлінсе, бүгінге дейін оның 9 миллиарды игерілген. Жыл соңына дейін барлық қаржы игеріледі. Бұл туралы журналистерге қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А.Тұрханов мәлім етті. 

– Шымкент қаласында 45 мердігер мекеме 414 шақырым жолды қайта құру және күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді бастады. Құрылыс жұмысына 2300-ге жуық жұмысшы және 400 техника жұмылдырылған. Қаладағы ішкі орам көше құрылысының 80 пайызы тамыз айында аяқталса, негізгі орталық көшелердің құрылысын қазан және қараша айларында толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Мегаполисте  Байтұрсынов және Арғынбеков көшелерінің қиылысынан дендросаябаққа дейінгі бөлігінде құрылыс қызу жүріп жатыр. Аталған жолдың бөлігіне бүгінге дейін тек шағал тас төселген болатын. Қазір мұнда асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы, веложол және ирригация жүйесі қарастырылған.

Жалпы, мегаполисте жол жөндеуге биылдан бастап көп қаражат бөлінгенін жоғарыда айттық. Ендігі мәселе – сол қаражатты тиімді игеру. Ал оның қаншалықты сапалы орындалғаны өз алдына бөлек әңгіме.

Б.ЕРНАЗАР

Шымкент қаласы   







Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды