Қазақстанда «Бекіре-2020» балық қорғау акциясы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

Сайт әкімшілігі

28.07.2020, 12:58

17

2020 жылы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде бөлім басшысы Асхат Қайнарбековтің төрағалығымен 2019 жылдың қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттер туралы кеңейтілген отырыс өткен болатын. Отырысқа аумақтық инспекциялардың, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, облыстық әкімдіктердің табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалану басқармаларының басшылары қатысты. Жиналысты ашқан Асхат Қайнарбеков есепті жылдың маңызды оқиғасы браконьерлік үшін жазаны қатаңдату, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлардың өкілеттіктерін кеңейту, әлеуметтік қорғау шараларын күшейтуге қатысты бірқатар заңдардың қабылданғанын еске салып өтті.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Нариман ЖҮНІСОВ браконьерлікке қарсы шарларға байланысты былай дейді:

— «Балық аулау шаруашылығын реттеу тұрғысынан 2019 жылға балық аулау лимиті 51,8 мың тонна көлемінде бекітілген болса, жыл басынан бері оның 42,5 мың тоннасы немесе 82 пайызы ұсталды. Балық саласын дамыту мақсатында 2019 жылы нақты инвестиция көлемі 2,7 млрд. теңгеден асатын соманы құрады (немесе жоспарланған көлемнің 148 пайызы). Табиғи мекен-жайға 69,5 миллион балықтың құнды түрлерінің құртшабақтары жіберілді».

2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында есепті жылы барлық балық өндіретін кәсіпорындар 7,4 мың тоннаға жуық тауар балығын өсірді.

Сонымен қатар, тіркелген және резервтік су қоймаларында балықтардың қырылу фактілеріне де назар аударылып жатыр. Яғни, 2019 жылы балықтардың қырылуының 20 жағдайы тіркеліп, инспекция басшыларына облыс әкімдіктерімен бірлесіп, балықтардың және олардың шабақтарының қырылуының алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды, бекітілген хабарлама схемасы бойынша жұмыс істеуді тапсырды.

Маусым айында Шардара су қоймасы маңында браконьерлердің кезекшіліктегі инспекторларына шабуылы әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын. Осыған байланысты қоғам қайраткері Мұрат ӘБЕНОВ былай деп пікір білдірді:

— «Бұл мәселенің екі шешімі бар. Мәжбүрлеу әдісі (ұстау, жазалау), ол да болуы керек. Ал екіншісі – проблеманың себебі анықтап, қызығушылық ояту. Бүгінгі таңда адамдардың жалақысын ештеңе ұсынбай-ақ алып қою өте қауіпті сияқты. Бір қызығы, браконьерлікке қарсы күрестің бастамашысы су қоймасын жалға беретін компаниялар емес, инспекторлар емес, басқа реттеуші органдар, журналистер емес, әкімдік емес, балықшылардың өздері! Мен мынандай даму моделін көріп отырмын. Жалға алушы қоғамдық пікірді тыңдап, балықшыларға жақсы жағдай туғызуы керек, сәйкесінше туризмнен түсетін табыс көбейіп, жергілікті тұрғындарға да пайда әкеледі. Туризм саласында адамдар ақша таба алады: балықшылар-нұсқаушы болып жұмыс істейді, қайықтарды жалға алады, балық аулайтын шыбықтар, шатырлар, туристерді ыстық тамақпен қамтамасыз етеді және тағы сол сияқты қарапайым қызмет көрсету мен инфрақұрылымды жақсарту туристерге көбірек мүмкіндік береді. Бұл үлкен сала. Шардара су қоймасы, егер адамдар қайта бағыт алса, балық аулау туризмінің орталығына айналуы мүмкін. Бұл жағдайда жергілікті тұрғындар браконьерлікпен айналыспайды, керісінше туризм саласында қызмет көрсету үшін кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастайды».

2020 жылдың 1 сәуірінен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2020» балықтарды сақтау бойынша кең ауқымды акциясын бастаған болатын.

Жыл сайын балықтардың бағалы түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде табиғатты қорғау және құқық қорғау органдарының қызметкерлері балықтардың, оның ішінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырық шашатын жерлерге қоныс аударуын қамтамасыз ету, балық аулау мен балықтардың заңсыз айналымына қарсы тұру мақстында күш біріктіреді.

Осы ретте балықты қорғау шараларының тиімділігін арттыру үшін Экология, геология және табиғи ресурстар, ішкі істер министрлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы «Бекіре» балық қорғау акциясын өткізу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Осы аталған бұйрықтың аясында балық қорғау іс-шаралары кезінде құқық қорғау және қоршаған ортаны қорғау органдарының өзара іс-қимылын үйлестіру штабының құрамы, сондай-ақ акция кезінде бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, қазіргі уақытта жүзеге асырылып келеді. Үйлестіру штабын басқару Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жүктелген. Акция аясында браконьерлік фактілерінің ықтимал көрінетін жерлерінде стационарлық және жылжымалы посттар, мобильді рейдтік топтар ұйымдастырылды.

Негізгі күштерді Каспий теңізінің жағалауы мен су айдынына және Жайық пен Қиғаш өзендерінің этуарлық аудандарына шоғырландыру ұсынылды, өйткені бұл жерлерде браконьерлік фактілері жиі тіркеледі.

Сонымен қатар, акция барысында әуежайларда, теміржол вокзалдарында және ірі магистральдарда балық пен балық өнімдерінің республикадан тыс жерлерге экспортын бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар, республика аумағында балықтардың заңсыз айналымы фактілері анықталып, оларды алдын алу және жолын кесу әрекеттері атқарылып жатыр.

Мәселен, «Бекіре-2020» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар кезегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 11 сәуірінде Каспий теңізінде заңсыз балық аулау ісімен айналысқан Әзірбайжан Республикасының 4 азаматын ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұсталған адамдардан балық аулау құралдары мен Ф-1 гранатасы алынды. Бұл адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы (ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) және 287-бабы 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы баптардың санкцияларына сәйкес ұсталғандарға үлкен айыппұл түріндегі жаза немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

Ал 2020 жылдың 31 наурызынан бастап ҰҚК Шекара қызметі Ресей Федерациясының федералды қауіпсіздік қызметімен (ФСБ) бірлесіп, браконьерліктің жолын кесу және Каспийдегі ресурстарды қорғау бойынша жедел-профилактикалық шараларды жүргізуде.

Шекара аймағында 98 заң бұзушы ұсталды, оның ішінде 14 Мемлекеттік шекара режимін және 71 аумақтық және ішкі сулардың (теңіз) режимін бұзушылар. 65 су кемесі, 42 қозғалтқыш, 4 автокөлік, браконьерлік құрал-жабдықтар тәркіленіп алынды: оолардың қатарында 236 шақырымнан астам торлар мен каладалар, 66 қабада, 55,1 мың ілмек және т.б. бар.

Заңсыз браконьерліктен 763 бекіре тұқымдас балық алынды. (3,8 мың кг), жартылай тұқымдылар – 4947 дана. (2,5 мың кг), сондай-ақ 43 итбалық.

Браконьерлердің жануарлар дүниесіне келтірген шығыны 85,6 миллион теңгеге бағаланады. Шекара қызметінің іс-шараларының нәтижесінде 3824 дана тірі балық (695 бекіре тұқымдас балықты қосқанда) және 43 итбалық табиғи мекен-жайларына жіберілді. 1,88 миллион теңге айыппұл салынды. 1 млрд. теңгеден астам көлемде қоршаған ортаға келтірілген залалдың алдын алу жұмысы атқарылды деуге болады. Іс-шаралар әлі де жалғасуда.

Бұған қоса, ҰҚК Шекара қызметінің Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы аумақтық бөлімшелері заңсыз балық аулаған браконьерлердің заңсыз іс-әрекеттерін болдырмауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. 2020 жылғы 1 сәуірден 24 сәуірге дейінгі кезеңде Каспий теңізінің аумақтық суларында шекарашылар-матростар 33 шағын кемеде 57 бұзушыны ұстады. 190 шақырымнан астам браконьерлік торлар мен каллад ілмектері тәркіленді.

Жедел шаралардың нәтижесінде бұзушыларға 1 239 915 теңге көлемінде айыппұл салынды. Теңізге 679 бекіре тұқымдас балық және ішінара балық түрлерінің 4 235 жеке тұлғалары шығарылды. Мемлекетке шамамен 1 миллиард теңге көлемінде залал келтірілді. Теңіз шекарашыларының операциясы әлі де жалғастырылып жатыр.

Өткен жылдардағы балық қорғау науқанының нәтижелері көктемгі балық аулау маусымы кезінде браконьерлік топтардың белсенділігі күшейгенін көрсетеді.

Мәселен, «Бекіре-2019» акциясы барысында құқық қорғау және табиғатты қорғау органдары 1242 экологиялық заңнаманы бұзушылықты анықтады, оның ішінде Атырау облысында – 916, Маңғыстау облысында – 183 және Батыс Қазақстан облысында – 143 заң бұзушылық.

Олар бойынша 913 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 62 қылмыстық іс тіркелді, 78 балық қорғау заңнамасын бұзушылар сотталды.

Акция нәтижесінде балық қорғау туралы заңнаманы бұзушыларға 16,1 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, ал заң бұзушылардан 15,6 тонна балық тәркіленді, оның ішінде 3 тонна бекіре тұқымдас түрлері және 5,4 кг олардың уылдырығы, 4132 дана балық аулау құралы және 130 дана жүзу және көлік құралдары.

Еркежан АРЫН

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43