Елде бір күнде 1544 адамнан коронавирус табылды. Алматыда Covid жұқтырғандар 11 мыңнан асты

Дерек көзі: www.azattyq.org - 30.07.2020315

28 шілде күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 1544 адамнан анықталды. Вирус жұқтырған 760 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалмаған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Алматы қаласында - 271, Нұр-Cұлтан қаласында - 250, Шығыс Қазақстан облысында - 193, Қарағанды облысында 129 адамнан коронавирус табылған. Қалған облыстарда бір тәулікте анықталған вирус жұқтырғандар жүзден аспайды.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

  • Алматы қаласы - 11 236 (+271 адам жаңадан қосылды),
  • Атырау облысы - 10 111 (+58),
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 10 570 (+250),
  • Қарағанды облысы – 8 305 (+129),
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 864 (+193),
  • Батыс Қазақстан облысы - 5 560 (+80),
  • Шымкент қаласы – 4 784 (+51),
  • Алматы облысы – 4 188 (+73),
  • Жамбыл облысы – 3 391 (+52),
  • Ақтөбе облысы – 2 980 (+22),
  • Павлодар облысы – 2 987 (+50),
  • Қызылорда облысы – 2 859 (+52),
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2 912 (+63),
  • Маңғыстау облысы – 2 792 (+49),
  • Түркістан облысы – 2 698 (+35),
  • Ақмола облысы – 2 473 (+51),
  • Қостанай облысы – 2 482 (+65).

Ресми дерек бойынша, 86 192 адамға коронавирус жұққан. 56 638 адам жазылған. 28 шілде күнгі мәлімет бойынша, COVID-тан 793 адам қайтыс болған.

Оқи отырыңыз: ДСМ бір аптада 208 адам вирустан көз жұмғанын хабарлады. Марқұмдардың ең жасы 26-да

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасына аптасына бір рет жариялап отыр. Кейбір сарапшылар Қазақстандағы коронавирустан қайтыс болғандардың санына күмәнмен қарайды. Билік коронавирус жұқтырған кем дегенде 319 марқұмды "өліміне басқа дерт себеп болды" деп ресми статистикаға қоспай отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін анализінен коронавирус табылған науқастарды ресми статистикаға қосуға шақырған.

Елде клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмониядан қайтыс болғандардың нақты статистикасы жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ұсынған мәліметі бойынша, елде 1-15 шілдеде 1555 адам пневмониядан көз жұмған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды