«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік қызметті шапшаңдыққа жетелей ме?

Сайт әкімшілігі

30.07.2020, 12:18

43

 Кешелі бері БҰҰ әр елдің электронды үкіметі тұрғысында есептерін жариялай бастады. Осы есеп бойынша Қазақстан Канададан кейінгі 29-орынға көтерілді. Бұл рейтинг әр екі жыл сайын жасалып, нәтиже 193 мемлекет арасында бағаланады.

      Әлем бойынша есептен бөлек, ТМД елдері арасында Қазақстан үздік бестікке ілінді. Одан кейінгі орындарда Ресей (36), Беларусь (40), Молдова (79), Украина (69), Өзбекстан (87) т.б. Айта кетейік, Қазақстан бұл рейтингте 2018 жылы 39-орынды иеленген болатын. Осылайша соңғы екі жылда Қазақстанның цифрлы жүйені құрудағы позициясы үздік саналып отыр.

     БҰҰ электрондық үкіметтің ғаламдық индексін үш компонент негізінде есептейді: электрондық қызметтерді дамыту, адами капиталды дамыту және телекоммуникациялық инфрақұрылым. 2019 жылмен салыстырғанда электрондық үкіметтің даму индексі (EGDI) 2020 жылы 10,2 пайызға, интернеттегі қызмет көрсету индикаторы 6,38 пайызға, адами капитал 5,6 пайызға өсті. Ең үлкен өсу телекоммуникациялық инфрақұрылымның дамуында байқалады – 22,7 пайыз, электрондық қызметтер деңгейі бойынша Қазақстан ең жоғары балл алды: 1 баллдық шкаладан 0,92 бал алды. Ал жергілікті онлайн-сервистердің даму деңгейі бойынша Алматы әлемдегі 100 қаланың ішінде 29-орында тұр.

      Қазақстанның рейтингтегі позицияларының жоғарылауына «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы кешенді жұмыс ықпал етті. Соңғы екі жыл ішінде мемлекеттік қызметтер мен жаңа технологиялар туралы заңдар қабылданып, Қазақстандағы автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің саны 83 пайызға өсті. Жеделхатты бот арқылы 26 қызметті алуға мүмкіндік туды, eGovmobile мобильді қосымшасы іске қосылды. Елімізде қызметтерді проактивті түрде ұсынуға бағыт алынды, «цифрлық құжаттар» қызметі іске қосылды, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қашықтан алу форматына көшірілді.

      Қазақстандағы цифрландыру саясатына қатысты Azimut Solutions компаниялар тобының бас директоры, «Атамекен» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының IT-кеңесінің мүшесі Еркеғали МАШИР былай дейді:

     – 2019 жылдың соңында Қазақстандағы АКТ (ақпараттық коммуникациялық технологиялар) саласының өндіріс көлемі 2 053,1 млрд құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 9 пайызға көп. Қазіргі уақытта АКТ нарығының көлемі елдің ЖІӨ-нің 3,3 пайыз – 5,9 млрд АҚШ долларын құрайды. Алдағы уақытта Қазақстанның ЖІӨ-де өнеркәсіп едәуір өсуі мүмкін. Біз «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының сауатты орындалуы есебінде бұл көлемнің өсуін болжап отырмыз. Қазір біздің еліміз үшін IT-бизнесімен айналысуға ең қолайлы уақыт келді. Үкімет 2029 жылға қарай АКТ нарығына инвестицияларды 419 млрд теңгеге дейін, жергілікті қамту үлесін 40 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр, бұл қазақстандық экономикаға үлкен қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.

      Қазір «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 1-сыныптан бастап мектептерде информатика сабағын енгізу жоспарланып отыр.  Университеттер академиялық еркіндікке ие болды, Astana Hub технопаркінің базасында алем бағдарламалау мектебі, AIFC бюросы негізінде QWANT жаңа технологиялар мектебі және т.б. Нұр-Сұлтанда Астана IT университеті ашылды. Елімізде IT-мамандықтар бойынша гранттар саны үш есеге артты.

     Жыл басынан бері шалғайдағы 649 ауыл кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етілді. Соңғы алты айда байланыс операторлары оларға талшықты-оптикалық байланыс желілерін қосты. Жалпы, іске асырылып жатқан жоба аясында жыл соңына дейін байланыс операторлары 1250-ден астам елді мекенді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспары бар. Ол үшін 20 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылуда. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында іске асырылған жоба 2018 жылы іске қосылды. Оның негізгі мақсаты – 3700-ден астам мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың, соның ішінде мектептер, ауруханалар, әкімдіктер және т.б. үшін қолжетімді интернет қосу. Сонымен қатар жоба басталғалы шалғайдағы 962 ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды.

      Жалпы, біздің білеріміз, цифрландыру процесі барлық салаға оң әсер етеді. Сондықтан бұл бастама Қазақстан экономикасының құрылымын өзгертуге ықпал ететіні сөзсіз.

Еркежан АРЫН

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 17:13
Жемқорлықты бақылау көрсеткіші артып келеді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 15:45
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 14:06
Доллар күрт төмендейді-сарапшы
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 12:13
Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43