Құрбан айтта карантиндік шараларды сақтау қатаң ескертілді

Сайт Әкімшілігі - 30.07.2020432

Құрбан айт мерекесі биыл 31 шілде және 1-2 тамызда атап өтіледі. Айт мерекесінің бірінші күні жұмаға сәйкес келетіндіктен, бұл күн ел заңнамасы бойынша демалыс күні болып есептеледі. Биыл елдегі эпидахуалға қатысты Құрбан айттың өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған орай, еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы айт мерекесінде карантиндік шаралардың қатаң сақталуын баса ескертті.

    

 Құрбан айт намазы мешіттерде оқылмайды

     Діни басқарма өкілдері биыл карантин талабын орындау үшін мерекелік айт намазы Алматыдағы мешіттерде оқылмайтынын баса айтты. Биыл күн шыққаннан соң, бір сағаттан кейін құрбандық шалу басталады.

          

     Құрбандық мал мешіттерде таратылмайды

      Шектелген карантиндік шараларға байланысты мешіттерде құрбандық шалу және құрбандыққа шалынған мал етін тарату деген болмайды. Құрбандық малдың етін алғысы келетіндердің барлығы мешіттерге бармауы тиіс. Оны бізде арнайы құрылған штаб мұқтаж отбасыларға өздері таратады.

                              Онлайн құрбан шалу рәсімі

     Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл алғаш рет қашықтан құрбан шалу жобасын қолға алды. Ол qurban2020.kz сайты арқылы жүзеге асады. Сайтта 30 шілдеге дейін құрбан шалуға онлайн тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ мұқтаж жандар да құрбандық етін алуға өтініш бере алады.

     Биылғы құрбан шалу рәсімінің тағы бір ерекшелігі – ет түгелдей мұқтаж жандар мен отбасыларға үлестіріледі. Бұрын құрбандық етінің үштен бірі құрбан шалған адамға берілетін де, ол сол еттен тағам әзірлеп, ағайын-туыс, көрші-қолаңға дастархан жаятын. Алайда карантин кезінде мұндай шаралар өткізуге тыйым салынғандықтан, құрбандық еті түгелдей мұқтаждарға таратылады.
       Құрбандық мал қалай таңдалады?

      Тапсырыс беру кезінде ең алдымен өңірді таңдау қажет. Кейін аты-жөніңіз бен телефон нөміріңізді жазып, шалуға ниетті құрбандық малын белгілейсіз. Құрбандыққа қой, ірі қара, ешкі және түйе ұсынылады. Ірі қара мал мен түйені бір немесе жеті адам бірлесіп таңдай алады. Ал қой мен ешкіні бір адам таңдайды. Одан кейін экранда құрбандық малының құны шығады.

     Құрбандық малының бағасы әр өңірде әртүрлі:

–       ешкі – 35-40 мың теңге аралығы;

–       тоқты – 40-45 мың теңге аралығы;

–       қой – 50-60 мың теңге аралығы;

–       ірі қара – 300-450 мың теңге аралығы;

–       түйе – 450-800 мың теңге аралығы.

     Тапсырыс мәліметтерін толтырып біткен соң, «Құрбандық есебі қажет пе?» деген сауалға жауап беру қажет. Алайда құрбандық туралы фото және бейне есеп алу үшін тапсырыс берушінің телефонында WhatsApp мессенджері болуы міндетті.

    

  Құрбандық етін алуға өтініш беру

    Ол үшін сайттың «Құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру» бөліміне өтіп, келесі мәліметтерді жазу қажет:
    – өңір аты;

–       ЖСН, аты-жөні, телефон нөмірі, етті жеткізетін мекенжай;

–       әлеуметтік жағдайын (көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты және т.б.) таңдап, оны растайтын құжатты жүктеу керек.

    Өтініш берген мұқтаж жандарға құрбандық етін еріктілер таратады.

     Ескерту:

–  ауқатты және мұқтаж емес адамдар өтініш бере алмайды;

–   жәрдемге мұқтаж жандар құрбандыққа шалынатын малдың санына қарай көмек алады.


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды