Ауыл әкімдерінің мұңы: айтса сөзі өтпейді, созса қолы жетпейді

Сайт Әкімшілігі - 30.07.2020964


        Билік пирамидасының іргетасы – ауыл әкімі аппараты әу баста ауыр жүк артылған атан түйедей аса жауапты міндеттерді жүзеге асырады деп күтілген еді.  Олай болмады, болған да емес, болатын түрі де жоқ.  Барлық күш, қаржы, билік жоғарыға шоғырланып,  әбіржіген ауылдардың маңдайына әрекетсіз  әкімдер тап келді.  Ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс Ақорданың оң қолымен беріп, сол қолымен тартып ала қоятын үкіметтің алыс-жақын аймақтардағы – аузы, құлағы, көзі демесеңіз, бар мен жоқтың арасында жүрген,  қолында билігі жоқ бейшара,  қолжаулыққа жарайтын ғана қауқары бар, бірақ аты дардай мемлекеттік мекемеңіз осы.  Бар дейін десең – су бетінде қалқып жүрген жаңқаға ұқсайды. Жоқ дейін десең – бір-бір бөлменің төрінде отырған кіп-кішкентай «монстрларды»  көресің.

      Ауыл әкімдерін көріп, алтын етіктің аяқ астында жатқанына куә боласыз. Қайтсін-ай,  биліктің өзі бейшара етіп,  табанға салып таптаған соң не амалыңыз бар?! Әйтпесе республика тұрғындарының жартысына жуығы тіршілік кешіп жатқан ауылдардың әкімдері көш соңында келе жатқан жүгі ауыр түйедей, аса маңызды мемлекеттік қызметтің құлағын ұстап отыр емес пе?! Алайда олар, сорымызға қарай,  елмен етене араласып,  тұрғындардың мұң-мұқтажын дер кезінде шешіп,  тұрмыс-тіршілігін, әл-ауқатын жақсартуға атсалысып,  диқандарға демеу болып, мәдениетті көтеріп,  ел тізгінін ұстап, рухани көшбасшы  болуға жарамады. Ауыл әкімдері қара жерге қадай салған қураған таяққа ұқсап қалды: көгеріп кетпейді, жапырақ жайып, жеміс бермейді, көлеңке-саясы тағы жоқ.  Бар гәп мынада:  қаржысы жоқ, қолы қысқа, құзыреті шектеулі.  Жомарттың қолын жоқ байлап тұр.  Айтса сөзі өтпейді,  созса қолы жетпейдінің кері.  Билік те осылай болғанын құп көріп отырған сияқты. Біздің елде сайлау жүйесі ойдағыдай оңтайландырылған,  халықты сарсаңға салмай, сүйкімділерді сайлап ала қояды.  Ауыл әкімдерінің сайлауы да сайқымазақ саясаттың құрбанына айналды. Мәслихат депутаттары жеңұшынан жалғасып,  қолайлы үміткерге қол көтеріп, «бата» бере салады. Сайлаудың атын жамылған тағайындау дегеніңіз осы болар, сірә.

      Ауыл әкіміне адамдардың күні қарап қалған жоқ. Өз билігі өзінде, әркім өз қотырын өзі қасиды.  Әкімнің айтқанын жүре тыңдайды. Оған да шүкір.  Шатынап, шамданып, ашу шақыруға әкімнің шамасы келмейді.  Әкімнің де шаруалармен шатағы жоқ.  Шаруалар да өз білгендерін істейді:  мақта өсіре ме, қауын-қарбыз, қырыққабат отырғыза ма, күріш себе ме – өз ықтиярында.  Бір қарағанда тұрғындарды да түсінуге болады.  Әкім ештеңеге  бас ауыртпайды.  Қандай рахат өмір десеңізші.  Ауызсу азабын тартып отырған тұрғындарды көрмейді, ағын су қызметіне араласпайды,  мақта зиянкестері қызықтырмайды, дау-жанжалдан басын алып қашып жүреді.  Бірақ жаназада жамағаттың алдында тұрады, тойдың төрінде отырады. 

      Ауыл мойындаған әкімді әлем мойындайды. Ауыл мойындасын деп, жалаңаш атқа мініп, жауға шабу аздық етеді. Ол үшін ауыл әкімдерінің қолында басқару жүйесін реттейтін мықты тетіктер болуы керек. Құзыретін заңмен күшейтіп,  бюджет қоржынында қомақты қаржысы болса, әкімдердің еңсесі бір көтеріліп қалар еді. Содан соң жұмыс талап етуге болар.  Тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруға,  көше тазалап, қоқыс жинауға,  дау-жанжалды шешуге, тәртіпке шақыруға және тағы басқа істерді атқаруға әкімдер қауқарсыз. Ауыл тұрғындарының бір бөлігі кран суын ертелі-кеш ағызып қойып  бау-бақша суғарып жатқанда, екінші бөлігі ауызсу таппай, көше кезіп тентіреп жүреді. Мұндай сорақылықты реттей алмайтын әкімдерден не үміт, не қайыр күтуге болады?  Адамдар  да қу болып алған:  қорыққанын құрметтейді, ісі түсетінді сыйлайды.

      Ауыл тірлігін шатқаяқтатқан  әкімдердің әрекетсіздігінің себебі – бізде барлығы ауданнан басқарылады.  Ағын су дейсіз бе, субсидия, жәрдемақы, дәрі-дәрмек дейсіз бе т.б. – бәрін жоғарыдағы дөкейлер шешеді. Ауыл әкімдерінің еншісіне ақпарат тасып, ауыл мен аудан арасындағы жолдың шаңын бұрқыратып, шапқылап жүру ғана тиеді.  Біздің айтайын дегеніміз –  жалаң ұран,  қызыл сөзбен ауыл өмірін асқақтата алмаймыз. Ауыл әкімдерінің құзыреті күшейсе, өркендеген ауыл мен күшті мемлекеттің кепілі болар еді.

      Әкімдер жайлы сөз қозғалғанда қазақтың аса көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің «Кетік кірпіш» дейтін балладасы еске түседі.

      Өзі басқарған қаланы сүйіп, мұнтаздай таза ұстап, халқының махаббатына бөленген,  ақылымен әлемге әйгілі болған бір қала әкімі аяқастынан ауырып, төсек тартып жатып қалыпты.  Мұны естіген қала тұрғындары әкімнің халін сұрауға ағылып, қара бұлттай қаптапты.  «Дертіңізге не дауа, айтыңыз, іздеп тауып келеміз»  деп тұрып алыпты.  Әкім жастығынан басын көтеріп: «Мың болыңдар, достарым!  Белім меңдеп барады, кетік кірпішті  қыздырып бассам тәуір болып кетермін», – депті.  Жиналған жұрт лезде тарап, көше кезіп, аула аралап, көпір асты, көл маңын шарлап, үш күн, үш түн тентіреп, кетік кірпіш таба алмапты.  Қайта жиналған қалың жұрт: «Уа, тақсыр, кінәліміз, кетік кірпіш таба алмадық», – деп бастарын төмен салып тұрып қалыпты.  Сонда әкім төсектен жеп-жеңіл көтеріліп: «Жұртым, саған мың алғыс! Кетік кірпіш таппасаңдар – қаланы жақсы ұстапсыңдар. Мен жазылдым», – деп, жұртты сынаған екен сол әкім.

      Шіркін-ай, бізде де осындай қайраткер әкімдердің қатары көп болса ғой деп армандайсың.

Махамбет САПАРМҰРАТОВ,

білім беру ісінің құрметті қызметкері

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды